Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык_5В090200Туризм_1год_рус_1курс_си...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
20.08.2019
Размер:
576.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі

  1. Негізгі әдебиеттер

  2. Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1991.

  3. Қадашева Қ. (авт.ұжымы). Қазақ тілі (заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), Алматы, ҚазМЗА,2001ж.

  4. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы),А.,1998ж.

  5. Құрманбайұлы Ш., Мамаева М.,Сыбанбаева А. Қазақ тілі (жоғары оқу орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), А., 2001ж.

  6. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы, А., 2002ж.

7. Ресми-іскери қазақ тілі.(Д.Ақанова, А.Алдашева т.б. авт.ұж.) А.,2002ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Қазақ тілі. Кешенді оқулық (5 кітап), А., 1997ж.

  2. Алдашева А. Қазақ тілі., А.,1997ж.

  3. Аяпова Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық), А.,1998ж.

  4. Ағманова Ф. және авторлар ұжымы.Тілді білсеңіз – елді білесіз.А.,1998ж.

  5. Бизаков С. Элементарный курс казахского языка. А.,1996г.

  6. Бұлдыбаев А., Екшембеева Л. Сөйлей білсеңіз - ұтасыз. А.,1998ж.

  7. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1996г.

  8. Салиева Ұ. Қазақша сөйлеп үйренейік. А., 1995ж.

  9. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А.,1997ж.

  10. Қадашева Қ., Смағұлова Г. Менің достарыммен танысыңыз.А., 1996ж.

  11. Асанова Ұ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқыту әдістемесі (өзге тілді дәрісханалардағы студенттерге арналған қосымша оқу құралы).А.,2001ж.

  12. Рахымбекова А.Қазақ тілі.А.,2003ж.

  13. Орысша-қазақша сөздік. І том.А.,1978ж.,ІІ том.А.,1981ж.

  14. Оралбаева Н.,Әбдіғалиева Т.,Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. А.,1993ж.

  15. Қадашева Қ., Тасымова С. “Заң” газеті лексикасымен жұмыс істеуге арналған әдістемелік нұсқау.А., 1995ж.

  16. Примбетова М. Маржан ойлар, Астана .2009ж.

  17. Примбетова М. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Астана, 2007ж.

Глоссарий

Туризм дегеніміз – қысқаша айтқанда, саяхат. Ол жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.

Турист – жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Туристік қызмет - жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметі

Туристік жолдама – туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.

Саяхат – жақын жерде құратын сейіл-серуен, бой жазу.

Саяхатшы – саяхат жасайтын адам.

Экскурсия – бір нәрсе жайынан толығырақ мағлұмат алу үшін, сондай-ақ көңіл көтеріп, серуендеп қайту мақсатында ұйымдастырылатын арнайы сапар.

Экология – жанды организмдердің тіршілік ортасы мен байланысын зерттейтін биология ғылымдарының бір саласы. Экскурсант – экскурсияға қатысушы.

Табиғат – адам санасынан тыс өмр сүретін бізді қоршаған дүние.

Табиғаттану – табиғат, жаратылыс жайлы түсінік беретін ғылым саласы, пән.

Биология – тірі табиғат туралы ғылымдар жиынтығы.

Гид (гид-аудармашы) – туристерге келген елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететін кәсіби даярланған жеке тұлға.

Экскурсант – бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсовод – уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсіби даярланған жеке тұлға.

Туристік фирма – қонақ үйлердің, көліктік компаниялардың, тамақтану, сауда кәсіпорындарының, экскурсиялық, спорттық, емдеу-сауықтыру және басқа мекемелердің қызметтерін қолданумен, саяхаттарды, экскурсияларды ұйымдастыратын коммерциялық кәсіпорын.

Туризм орталығы – бұл жерде шоғырланған туристік ресурстардың базасында туристік-экскурсиялық қызмет көрсету кешені құрылған қала, табиғи объект, жер учаскесі.

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы – п.ғ.к., доцент м.а.

Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы)

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі.

Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

  • жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

  • қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

  • алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.

Пәннің cипаттамасы

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді.Ұсынылып отырған бағдарлама студенттердің білім деңгейлерін ескере отырып (А2, В1 және В2 деңгейлері), сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері; есітіп түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып,соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі, тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағаналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес А2, В1 және В2 деңгейлері үшін тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғарғы оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзінде асыру мақсатында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №514 бұйрығымен бекітілген «Тілдердің үштұғырлылығы (қазақ, орыс және шетел тілдері)» ҚР Мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылған.

Пәнді оқытудың мақсаты

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Пәнді оқытудың міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.