Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП_каз.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
2.52 Mб
Скачать

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Танатарова З.Л. – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, юриспруденция магистрі.

Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, халықаралық құқық факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб. 226.

Жұмыс телефоны – 703026

Ғылыми қызығушылығы: диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Адам және азаматтардың экологиялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қамтамасыз етудің аспектілері: халықаралық және ұлттық тәжірибе».

Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер з.ғ.д., профессор Бұсырманов Ж.Д., з.ғ.к., доцент Шапақ У.

  1. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты меңгеру үшін алдын-ала орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихы, шетелдердін мемлекет және құқық тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану пәндерін оқып үйрену қажет.

3. Курстың постреквизиттері:

Студенттер аталған пәнді оқып игергеннен кейін, саяси құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясының мәселелері, салыстырмалы құқықтану және өзге де салалық заң ғылымдарын оқып үйренген абзал.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпы теориалық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдлығы мен пән қарқынан ашатын сипаты әдістемелік жалпы заңдық пән, ол барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ құқық тиімділігіне және құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Мемлекет және құқық теориясы» оқу пәні студенттерге мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы, қазіргі қоғам өміріндегі және саяси жүйедегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролі туралы, заңдылық, құқық шығармашылық пен құқық қолданушылық, құқықбұзушылық пен құқықтық жүріс тұрыс, адам құқықтары мен бостандықтары, тұлға мен мемлекет өзара қатынасы туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясын заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге мемлекет және құқық мәніне, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

Мемлекет және құқық теориясын оқып-үйрену барысында студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады.

Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң студенттің меңгеретін білімі:

  • Мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік, егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары, унитарлық және федералдық, мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет, объективтік құқық және субъективтік құқық, құқықтық норма, құқықшығармашылық, құқыққа сай мінез құлық, құқықбұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық дерек сияқты ұғымдардың мазмұнын білуі керек:

  • Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан адамдардың әрекеттері мен қимылдарын талдай білуі керек.

  • Келесі дағдыларды игеруі қажет: мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеу; курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.