Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП_каз.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
2.52 Mб
Скачать

6. Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптар және олардың сағаты бойынша көлемі

Бақылау сұрақтары

Тақырыптың мақсаты және міндеті

Проблемалық сұрақтар

1.

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі

  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны.

  2. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі, оның мазмұны.

  3. Мемлекет және құқық теориясының қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны

1 сағат

Мақсаты - мемлекет және құқық теориясы пәнінің мазмұнымен және әдістерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Міндеті - мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігінің мәнін анықтау, мемлекет және құқық теориясы әдістерін жіктеу критерийлерін және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны мен рөлін анықтау.

Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістерінің тәжірибелік маңыздылығы Қазақстандағы мемлекет және құқық теориясының қазіргі замандағы жағдайын сипаттау. Қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны, рөлі және функциялары.

2.

Мемлекет және құқықтың пайда болуы

  1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы

  2. Мемлекет және құқықтың пайда болуының негізгі заңдылықтары

  3. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының әртүрлілігі

  4. Мемлекет және құқықтың пайда болу нысандары

2 сағат

Мақсаты - мемлекет және құқықтың пайда болу жолдарымен және негізгі теорияларымен тыңдаушыларды таныстыру.

Міндеті - мемлекет және құқықтың пайда болуының себептерін анықтау, мемлекетке дейінгі кезеңдегі мемлекеттіліктің алғашқы белгілерінің элементтерін анықтау.

Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының ерекшеліктері. Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан негізгі теориялардың әртүрлілігінің себептері. Мемлекет және құқықтың өзара байланысы проблемаларын зерттеу.

3.

Мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы

  1. Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі.

  2. Мемлекеттің мәні және белгілері

  3. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі ретінде

2 сағат

Мақсаты – «Мемлекет» ұғымын ашып, оның мәнін көрсету.

Міндеті - күрделі саяси ұйым ретіндегі мемлекеттің мәнінің және тағайындалуының дамуын анықтау, мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен тәсілдерін көрсету.

Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері.

Мемлекет ұғымының көптүрлілігі. Мемлекеттің өзге әлеуметтік институттардан айырмашылығы. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолында. Қазақстан мемлекетін нығайту-тұрақтылық пен прогрестің басты факторы.

4.

Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері

  1. Мемлекет типологиясының түсінігі

  2. Мемлекетті типтерге бөлудің әдіс-тәсілдері

  3. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

1 сағат

Мақсаты - мемлекеттерді жіктеу үрдісі арқылы қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нысандарын түсіндіру.

Міндеті – мемлекеттердің «типологиясы» түсінігін және мемлекет типін анықтайтын факторларын қарастыру.

Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін жағдайлар. Мемлекеттерді өркениеттік және формациялық критериймен бөлу негіздері.

5.

Мемлекет нысаны

  1. Мемлекет нысанының және оның элементтерінің түсінігі

  2. Басқару нысаны және оның түрлері

  3. Мемлекеттің құрылымдық нысаны

  4. Саяси режим

2 сағат

Мақсаты – мемлекет нысанын түсіндіру.

Міндеті – мемлекет нысаны әсер ететін факторларды анықтау. Басқару нысанының элементтерінің ерекшеліктерін қарастыру.

Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекеттің әртүрлі типіндегі басқару нысаны. Мемлекеттердің ұлттық – аумақтық және әкімшілік-аумақтық құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік саяси режим түрлерінің демократиялық және демократиялық емес болып бөлінуінің негіздері.

6.

Мемлекет функциялары

  1. Мемлекет функцияларының түсінігі

  2. Мемлекет функцияларын жіктеудің критерийлері

  3. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы функциялары

  4. Мемлекет функцияларын іске асырылуының нысандары

2 сағат

Мақсаты - мемлекеттің динамикалық үрдісінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін орындауына, қызмет атқаруына назар аудару.

Міндеті – мемлекеттің негізгі функцияларының мазмұнын анықтау және іске асыру нысандары мен әдістерін қарастыру.

Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік органдардың функциялары. Мемлекет функцияларын жіктеудің критерийлері. Мемлекет функцияларының іске асырылуының құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының ерекшеліктері.

7.

Мемлекет механизмі (аппараты)

  1. Мемлекет механизмі туралы түсінігі және құрылымы.

  2. Мемлекеттік орган және оның белгілері.

  3. Мемлекеттік органдардың жіктелуі

  4. Мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру қағидалары

1 сағат

Мақсаты – мемлекет механизмі түсінігі және құрылымымен, оның ұйымдасу және қызмет ету қағидаларымен таныстыру.

Міндеті - мемлекеттік аппараттың құрылу ерекшеліктерін және оның қоғамдағы ролі мен маңызын қарастыру.

Мемлекеттік органдардың жіктелу мәселелері. ҚР мемлекеттік органдар жүйесі.

8.

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет

  1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік

  2. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі

  3. Мемлекет және қоғамдық ұйымдар

1 сағат

Мақсаты – қоғамның саяси жүйесінің элементтерімен таныстыру.

Міндеті – қоғамның саяси жүйесін ұғымын анықтаудың функционалдық және институционалдық жолдарын, қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің ерекшеліктерін қарастыру.

Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі. Мемлекет және саяси партиялар арақатынасы. Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер.

9.

Құқықтық мемлекет

және азаматтық қоғам

  1. Құқықтық мемлекет идеясының дамуы.

  2. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері.

  3. Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.

2 сағат

Мақсаты - құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі мен белгілерімен таныстыру.

Міндеті - құқықтық мемлекет концепциясының пайда болуын және дамуын, азаматтық қоғамның элементтерін қарастыру.

Ш.-Л. Монтескье және Дж. Локктың еңбектеріндегі құқықтық мемлекет идеясы. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары. ҚР азаматтық қоғамның даму перспективалары.

10.

Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары.

  1. Құқықтың түсінігі және мазмұны.

  2. Құқықтың қағидалары.

  3. Құқықтың фукциялары.

1 сағат

Мақсаты - құқық туралы негізгі түсініктерді, құқықтың мәнін, маңызын, әлеуметтік құндылығын таныстыру.

Міндеті - құқықтың қоғамда атқаратын қызметін, мәнін, қағидаларын, мононормалардан айырмашылығын талдау, «құқық мәні» категориясының теоретикалық және тәжірибелік маңызын қарастыру.

Қазіргі заманғы құқықтүсінушілікке жалпы сипаттама. Құқықтағы обьективтілік және субьективтілік. Құқық функциясының мазмұны, іске асыру нысандары.

11.

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

  1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және жіктелуі.

  2. Құқық және әдет-ғұрып.

  3. Құқық және діни нормалар.

  4. Құқық және моральдың өзара байланысы.

1 сағат

Мақсаты - әлеуметтік нормалар жүйесінің жалпы сипаттамасымен таныстыру.

Міндеті - әлеуметтік нормалар мазмұнын және құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролін қарастыру.

Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролі. Құқық пен әдет-ғұрыптың, құқық пен діннің, құқық пен моральдың өзара байланысы мен өзара әрекет етуі.

12.

Құқықтың қайнар көздері (нысаны)

  1. Құқық қайнар көзінің (нысанының) түсінігі.

  2. Құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.

  3. Нормативтік-құқықтық акт және оның ерекшеліктері.

1 сағат

Мақсаты - құқық қайнар көздерінің мазмұнымен және нормативтік құқықтық актілердің иерахиясымен таныстыру.

Міндеті - құқық қайнар көздерінің арақатынасын ашып көрсету.

Прецеденттік құқық нысаны. Құқықтық доктрина. Нормативтік шарт құқық нысаны ретінде. Заңның түсінігі. Заңның кері күші.

13.

Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі

құқықтық жүйелер

  1. Құқықтың тарихи типтері.

  2. Құқықтық жүйелердің түсінігі және жіктелінуі.

  3. Романо-германдық құқықтық жүйенің ерекшеліктері.

  4. Англо-саксондық құқықтық жүйенің ерекшеліктері.

  5. Мұсылмандық құқықтық жүйенің ерекшеліктері.

2 сағат

Мақсаты - құқық типін анықтаудың нысанымен, негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерімен таныстыру.

Міндеті – негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.

Феодалдық типтегі құқық. Буржуазиялық құқық. Социалистік құқық. Құқықтық жүйелерді жіктеудің критерийлері. Негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктері. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқықтық жүйенің құндылығы. Қазіргі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі.

14.

Құқық нормасы

  1. Құқықтық норманың түсінігі мен белгілері.

  2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабының арақатынасы.

1 сағат

Мақсаты - әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың мәні мен маңызын анықтау.

Міндеті – құқық нормасын үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс ретінде қарастыру.

Құқықтық норманың құндылығы. Құқық нормасының жіктелінуінің критерийлері. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқықтық реттеу тәжірибесі үшін құқық нормаларының жіктелінуінің маңызы.

15.

Құқық жүйесі және заңнама жүйесі

  1. Құқық жүйесі түсінігі.

  2. Құқықтың негізгі салаларының жалпы сипаттамасы.

  3. Заң жүйесінің түсінігі, даму бағыттары.

  4. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасы.

1 сағат

Мақсаты - құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің түсінігі мен арақатынасын анықтау.

Міндеті – құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздерін, құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасын көрсету.

Құқық саласы құқық жүйесінің негізгі құрылымдық элементі ретінде. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы.

16.

Құқықтық қатынастар

  1. Құқықтық қатынастар ұғымы.

  2. Құқықтық қатынастардың түрлері.

  3. Құқықтық қатынастардың мазмұны.

2 сағат

Мақсаты - құқықтық қатынастардың қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретіндегі маңызын, мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету.

Міндеті - құқықтық қатынастардың жіктелінуін талдау.

Құқық және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Құқықтық реттеу механиміндегі құқықтық қатынстардың алатын орны. Құқықтық қатынастардың субьектілері. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі. Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.

17.

Құқық шығармашылық

  1. Құқық шығармашылықтың түсінігі мен қағидалары.

  2. Құқық шығармашылықтың сатылары.

  3. Құқық шығармашылықтың түрлері.

  4. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу.

2 сағат

Мақсаты - құқық шығармашылық қызметінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түрлерімен таныстыру.

Міндеті - құқық шығармашылық үрдісіне жалпы сипаттамасын беру, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің проблемаларын қарастыру.

Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің қажеттігі.

18.

Құқықты іске асыру

  1. Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері.

  2. Құқық қолдану құқықты іске асырудың ерекше нысаны ретінде.

  3. Құқық қолданудың негізгі сатылары.

  4. Құқықтағы кемшіліктер және оларды толтырудың тәсілдері.

1 сағат

Мақсаты - құқықтық реттеу үрдісі ретінде құқықты іске асыру мәселелерімен танстыру.

Міндеті – құқықты қолдану үрдісінің ерекшеліктерін қарастыру.

Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері. Құқық қолдану актілерінің ерекшеліктері. Құқықтағы кемшілікті құқықшығармашылық қызмет жолдарымен толтыру. Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі. Заңның аналогиясы және құқықтың аналогиясы.

19.

Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру

  1. Құқық нормаларына түсінік берудің мақсаттары мен маңызы

  2. Құқық нормаларын түсінік берудің тәсілдері.

  3. Субьектілері бойынша құқық нормаларына түсінік беру.

  4. Көлемі бойынша құқық нормаларына түсінік беру.

2 сағат

Мақсаты - заң шығарушы органның құқық нормаларында субьектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды түсінудегі құқық нормаларына түсінік берудің маңызын көрсету, әдісін, нәтижесін анықтау.

Міндеті - құқық нормаларына түсінік берудің жолдарын анықтау.

Құқық нормаларын түсінік берудің түсінігі мен түрлері. Аутентикалық түсінік берудің ерекшеліктері. Нормативтік-құқықтық актілердің, құқық қолдану актілерінің және түсінік беру актілерінің арақатынасы.

20.

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

  1. Құқықтық сананың түсінігі және құрылымы.

  2. Құқықтық сананың түрлері.

  3. Құқықтық мәдениет: түсінігі, нысаны және функциясы.

2 сағат

Мақсаты - құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ерекшеліктерімен таныстыру.

Міндеті – құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызы.

Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен өзара әрекеттенуі. Құқықтық сана және оның деформацияға ұшырауы. Құқықтық сананың құқықтық идеология және құқықтық психология сияқты құрылымдарының осы үрдіске қатысуы. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарын анықтау. Құқықтық тәрбиенің қоғамның санасына, мәдениетіне ықпалы.

21.

Құқыққа сай және құқыққа қайшы жүріс тұрыс. Заңды жауапкершілік.

  1. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері.

  2. Құқық бұзушылық ұғымы, түрлері.

  3. Құқық бұзушылықтың құрамы.

  4. Заңды жауапкершілік.

2 сағат

Мақсаты - қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқыққа сай мінез-құлықтың, құқық бұзушылықтың, заңды жауапкершіліктің түсінігін ашып көрсету.

Міндеті – «құқыққа сай» және «құқыққа қайшы» ұғымдарының арақатынасын анықтау, заңды жауапкершіліктің мақсаты мен қағидаларын қарастыру.

Конформистік және маргиналды заңды және құқыққа қайшы мінез құлыққа әсер ететін факторлар. Құқық бұзушылық құрамының элементтері. Заңды жауапкершіліктің негізі. Кінәсіздік презумпциясы және оның мәні.

22.

Заңдылық және құқықтық тәртіп

  1. Заңдылық ұғымы, қағидалары.

  2. Заң және заңдылықтың субьектілері.

  3. Құқықтық тәртіптің мазмұны, нысаны, құрылымы.

  4. Заңдылық пен құқықтық тәрітіптің арақатынасы.

1 сағат

Мақсаты - қоғам өмірін реттеудегі заңдылық және құқықтық тәртіптің мәнін түсіндіру.

Міндеті - заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктерді қарастыру.

Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктері.

23.

Құқық және тұлға

  1. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының түсінігі мен жіктелінуі.

  2. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.

  3. Мемлекет және тұлға: өзара жауапкершілігі

2 сағат

Мақсаты – адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарыны және міндеттерін қарастыру.

Міндеті – Тұлға құқықғының ерекшеліктерін қарастырып, тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтау.

Мемлекеттің тұлға құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі. Адам құқығы мен ұлт, халық құқығының арақатынасы. Демократиялық мемлекеттегі азшылықтың құқықтарын қорғау. Мемлекеттің азамат жғне азаматтың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі.

Барлығы

30 сағат