Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП_каз.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
2.52 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Қоғамның саяси жүйесі және ондағы мемлекеттің орны

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты: Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орнын анықтау

Жоспары:

1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.

2. Мемлекет және басқа да қоғамдық-саяси институттары саяси жүйенің құрамды бөліктері ретінде.

3. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.

«Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

2) осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;

3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

4) мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

5) қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реттеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі. ¤зара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси жүйелер анықталған.

Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

1) қоғамның саяси ұйымы, оған мемлекет, саяси партиялар және қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

2) саяси сана, саяси билік саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық жақтарын сипаттайды.

3) қоғамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар.

4) саяси билікке қатысты жүйе элементтерінің арасында қалыптасатын саяси қатынастар.

5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекет пен жинақталған саяси тәжірибеден құралады.

Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

«Мемлекет» және «қоғамның саяси жүйесі» түсініктері бөлшек пен тұтас категориялар ретінде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмір құбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша әрекеттердің басым бөлігін атқарады.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

  • Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық белгісі бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде көрінеді.

  • егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

  • қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие.

  • «күштеу» құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.)

  • көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.

  • материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.)

Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған), прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдары құрайды.

Қоғамдық саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның барынша белсенді тобы. Қоғамдық қозғалыстардың саяси партиялардан айырмашылығы:

  • қозғалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір ірі мәселені шешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

  • қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз мәселесін шешуге бағыттайды;

  • қоғамдық-саяси қозғалыста формальды ішкі иерархия, нақты анықталған тұрақты мүшелік және тиісті құжаттар (бағдарлама,жарғы) болмайды.

Қоғамдық - саяси қозғалыстарды да саяси партиялар тәрізді әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: әрекет ету аймағына байланысты – әлеуметтік-саяси, этносаяси, конфессионалдық, экономикалық, экологиялық, ғылыми және т.б.; қатысушыларының санына байланысты – бұқаралық, элитарлық; әрекет ету аумағына байланысты – жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық; әлеуметтік құрамына байланысты – кәсіби, әйелдер ұйымы, жастар одағы және т.б.; ұйымдасу тәсіліне байланысты – фронт, ассоциация, бірлестік, одақ, ұйым және т.б. деп бөлуге болады.

Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен дін қатынасы туралы мәселе ерекше орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен таныс.

Жалпы айтқанда, діни ұйымдар көптеген қоғамда саяси жүйенің маңызды элементтерінің бірі ретінде (либералды-демократиялық саяси жүйелерде бұл жоққа шығарылса да) танылып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған заңына сәйкес еліміз зайырлы мемлекет ретінде танылып, ондағы діни ұйымдар мен мемлекеттің ара қатынасы анықталған.

Глоссарий (терминдер): саяси жүйе, тоталитарлық мемлекет, клерикалдық мемлекет, теократиялық мемлекет.

1 СӨЖ тапсырмасы: Мына терминдерге қатысты терминологиялық сөздік қалыптастыру: құқық, объективті құқық, субъективті құқық, позитивті құқық, құқық мәні, құқық функциялары, әлеуметтік норма, адамгершілік нормалары, діни нормалар, корпоративті нормалар, әдет-ғұрып, әдет-ғұрыптық құқық, рұқсат етілген әдет-ғұрып, істік ғұрыптар.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға жалпы сипаттама беру (реферат)

2. Көп партиялық саяси жүйеге ауысқан Қазақстан Республикасының саяси өміріне толық баға бере білу үшін, онда әрекет ететін қоғамдық бірлестіктерді білу, соның ішінде саяси партиялармен жақын танысу қажетті шарт. Қазақстан Республикасындағы әрекет етуші партиялар қоғам талаптарына, азаматтардың мүдделеріне сай әрекет ете ала ма деген сұраққа жауап іздеу керек. Саяси партиялардың қоғам өміріндегі роліне нақты мысалдар келтіре отырып тоқталу қажет. Жекеленген саяси партиялардың Жарғыларымен танысу жөн. Әрі бұл жеке тұлғаның саяси, құқықтық санасын көтеруге де көмектеседіҮй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. Өзбекұлы. С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Нормативті әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №6.

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №5

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.

Қосымша әдебиеттер:

1. Авакьян С.А. Политический плюрализм и общественные объединения в Российской Федерации: конституционно-правовые основы. М., 1996.

2. Демократия. Государство. Право ХХ1 век: материалы научно-практ.конф./Под ред.С.Сартаева.Алматы: KPELS, 2001,338 с.

3. Комаров С.А. Личность в политической системе российского общества. Политико-правовое исследование. Саранск, 1995.

4. Современный Казахстан: экономика, политика, общество. Т. 1, 2. Алматы, 1997.

5. Теплов Э.П. Политическая власть. Алматы, 1993.

6. Фетисов А.С. Политическая власть: проблемы легитимности. // Социально-политический журнал. М., 1995. № 3.

7. Чиркин В.Е. Глобальные модели политической системы современного общества: индикаторы эффективности // Государство и право. 1992. № 5.

8. Шабров О.Ф. Политическая система: демократия и управление обществом // Государство и право. 1994. № 5.

9. Юдин Ю.А. Политические партии и право в государстве.1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Қоғамның саяси жүйесі және ондағы мемлекеттің орны» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.

Мемлекет және басқа да қоғамдық-саяси институттары саяси жүйенің құрамды бөліктері ретінде. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны.