Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП_каз.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
2.52 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты:

Мемлекеттерді жіктеу процестері арқылы қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіндіру.

Жоспары:

1. Мемлекет типологиясының түсінігі.

2. Мемлекет және құқықтың типологиясының критерилары.

2. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі.

3. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқықтың даму аралықтары. Мемлекет және құқықтың түрлерінің түсінігі. Мемлекет және құқықтың типологиясының критериилары. Құқық пен мемлекеттің уақыт аралықтарының материалистік жолдарының қоғамдық-экономикалық формацияның түрлерінен қатынасында: құлиеленушілік, феодалдық, әлеуметтік мемлекет пен құқық. Мемлекет және құқықтың уақыт аралығындағы хронологиялық көзқарас. Ежелгі әлемдегі, орта ғасырдағы, және жаңа уақыттағы мемлекет және құқық. Мемлекет және құқық типологиясына өркениеттік көзқарас. Өркениет типологиясының және оның мемлекеттілігінің негізі. Құқық және мемлекеттің түрлерінің эволюциялық және революциялық ауысуы жолдары.

Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді.

1. Формациялық.

2. Өркениеттік.

Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы құрайды. Өркениеттік типология негізінде дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды. Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

¤ркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Глоссарий (терминдер): Типология, цивилизация, формация, хронологиялық көзқарас

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Мемлекет типологиясының түсінігі.

  2. Мемлекет және құқықтың типологиясының критерилары.

  3. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі.

  4. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекеттің мәнін және оның қоғамдық тағайындалуын дұрыс түсіну үшін мемлекет типологиясының ғылыми маңызына сипаттама беру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет және құқықтың типтері.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік типология әдісінің хронологиялық түрі. Шығыс мемлекеттердің тарихы. Феодалдық мемлекеттер тарихы. Жаңа ғасырлар. Қазіргі кезең.