Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

табигат

.pdf
Скачиваний:
63
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
651.67 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

М.С. ИСМАГУЛОВ

ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ

Оқу – әдістемелік кешен

Ақтөбе 2011

ББК 65(2К) 04л 73 И85

М.С. Исмагулов.

И85 Экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған.

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні бойынша қысқаша лекциялар курсы. 98 бет.

ISBN 9965-631-18-2

Табиғатты пайдалану экономикасының қысқаша лекциялар курсында табиғатты қорғау әрекеттерін басқарудың экономикалық тәсілдері, Қазақстанда табиғатты пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері толық қарастырылған.

Табиғи қорлар экономикалық бағалау теориясы мен қоршаған ортаның сапасы түсінікті баяндалған. Жалпы жұмыс сырттай оқу бөлімі студенттеріне пайдалы маңызды оқу-әдістемелік құрал болып табылады.

ББК 65(2К) 04л 73

Рецензенттер: Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау инспекциясының бастығы

Ж.Бекмұхамбатов.

Экономиалық теория кафедрасының меңгерушісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің доценті

У.Е.Мамбетов.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кеңесінде бекітіліп, баспаға жіберілген.

Протокол N4 2003 ж. 27 ақпанынан

ISBN 9965-631-18-2

Исмагулов М.С.

Кіріспе.

Қазіргі уақытта табиғатты пайдалану экономикасы өзінің қиын кезеңін бастан кешіруде. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар қоғамдық маңызына қарай бірінші орындардың біріне ие. Шаруашылық әрекеттердің қарқынмен даму нәтижесінде пайда болған табиғи орта жағдайының қатты нашарлауы, адамның қоршаған ортаға жоюшылық әсері адамзатты экологиялық дағдарыс алдына әкелді. Сондықтан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын жылдамдату стратегиясын қоғамдық өндіріс пен қоршаған ортаның үйлесімді арақатынасын көздейді.

Берілген курс бағдарламасы экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған және Каз ГАУ-дың табиғатты пайдалану экономикасы бойынша типтік бағдарламасы негізінде құрылған.(Алматы, 1998 ж.)

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні оқытудың мақсаты студентті табиғатты рационалды пайдаланудың ең негізделген жолын табуға, табиғатты қорғау шараларының экономикалық қолайлығын анықтауға және халық шаруашылығына қоршаған ортаның ластануынан тиетін экономикалық шығынды бағалауға үйрету.

Басты назар келесі мәселелердің шешілуіне бөлінеді.

Берілген проблеманы зерттеуге кешенді жақындау;

Табиғи кешендердің арақатынасы мен өзара тәуелділігін орнату;

Табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау проблемаларын табиғат пен қоғамның арақатынасы нәтижесінен бағытын экологиялық, әлеуметтік-экономикалық салдарлар көзқарасынан қарау.

Табиғатты пайдалану экономикасының кейбір бөлімдеріне көптеген ғылыми кітаптар мен мақалалар арналған. Қазақстанда маңыздылығы ескерілген оқу құралдары бұрынғыдай өте аз шығаруларда. Ұсынылып отырған лекциялар курсы берілген пәннің біздің университетте оқытылуының көпжылдық тәжірибесін көрсетеді. Ол 14 негізгі тақырыптан, лекция және семинар сабақтарына әдістемелік ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі назар аударатын барлық қарастырылған тақырыптар ішінен «Қоршаған ортаны қорғауды есепке ала отырып минералды ресурстарды кешенді экономикалық бағалау» тақырыбы ғылыми әдебиеттерде аз зерттелген, және де біздің оқу құралымызда біз минералды қорларды кешенді пайдалану проблемаларының, олардың экономикалық бағалануы мен жақсы меңгерілуінің негізгі аспектілерін ашуға тырыстық.

ТАҚЫРЫП 1. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНА КІРІСПЕ

Лекция жоспары:

1.1Табиғи қорлар және экономикалық даму

1.2Курсты оқудың түсініктері, мақсаты және міндеті

1.3Табиғи қорлар экономикасының басқа да жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдармен байланысы.

1.4Табиғи қорлар және олардың жіктелуі. Табиғи қорларды пайдаланудағы негізгі принциптер мен заңдылықтар

1.1Табиғи қорлар және экономикалық даму

Қазіргі кезеңдегі шаруашылықты дамытудың басты ерекшелігі – экономика мен экологияның тиімді жақтарын тығыз байланыстыру болып табылады. Елдің нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтарын ескере отыра табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасын назардан тыс қалдырмау керек. Экология-экономикалық проблемалар жиынтығы шаруашылық әрекеттердің түрлері мен формаларына тиімді әсерін тигізумен бірге әрбір адамның тәуір өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Табиғатты пайдалану экономикасы – жаңа өркен жайған ғылыми пән.

Ол қаржыландыруда, жоспарлауда, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды қамтамасыз етуде, әсіресе табиғатты пайдалану жүйесінде заңды нормативті басқаруға мүмкіндік беретін ғылыми-негізделген шешімдер қабылдауға жаңа бағыттар ашады.

Ұзақ жылдар бойы адамзат табиғатты бағындыру мен билеуге ұмтыла отырып экологиялық апат шегіне жетіп отыр.

«Парниктік эффект», «Азон тесіктері», «Қышқыл жаңбырлар», таза су мен азық-түлік жетіспеушілігі, шикізат және энергетикалық дағдарыстар, әлем мұхитының ластануы – осы проблемалардың қай-қайсысы да адамзатты шошытып, тез шешімін табуды талап етіп отыр. Ал бұл үшін адамдардың тұрғылықты жері мен кәсібіне қарамай-ақ өзара бірлесу аса қажет.

Қаржыны тиімді бөлу, экологиялық бағдарламалар орындалу үшін кейбір материалдық игіліктерден бас тартып, өндірістік технологияны ғана емес, өмір салтын да қайта құру керек. Осыған сәйкес қорқынышты сұрақтар туады: олар экологиялық тәрбие мен халықтың біліміне тәуелді бола ма, қоғам мен табиғат арасындағы тез, әрі қиындықсыз өзгере ме? Сонда да, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны ластанудан сақтау тек қана экологиялық білім негізінде іске асады.

Табиғатты пайдалану экономикасы зерттейтін проблемаларды екі үлкен топқа бөлуге болады.

Біріншіден, бұл табиғат қорларын неғұрлым тиімді экономикалық жолмен пайдалану проблемалары, екіншіден, бұл қоршаған ортаның ластанудан шегетін зардабын азайту мен жоюдың мақсатты әдістерін табу

мен негіздеу проблемалары. Бұл проблемалар табиғи-тарихи заңдылықтар негізінде, сондай-ақ қоғам қажеттіліктерін есепке ала отырып шешілуі тиіс.

Теориялық бағыт бойынша, табиғатты пайдалану экономикасы тұрақты экологиялық-экономикалық даму тұжырымдамасының ғылыми негіздерін құруға бағытталады, ал оның практикалық маңызы табиғи қорларды тиімді пайдалану, адамзат өміріне қажетті ортаны сақтаудың нақты ғылыми негізделген ұсыныстарын жасақтау болып табылады.

1.1 Курсты оқудың түсініктері, мақсаты және міндеті

Табиғатты пайдалану білім сферасы реттеледі «табиғат-қорғау» түсінігінің келесідей элементтерін қамтиды.

адамның іс-әрекеттері мен қоршаған орта арасындағы ұтымды қарымқатынасқа табиғат қорлары потенциалын сақтау мен қалпына келтіруге, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шаруашылықты дұрыс жүргізбеуден табиғат пен адам өміріне тигізетін зиянынан сақтандыратын іс-шаралар жиынтығы.

қоршаған орта мен табиғат қорын сақтау, қалпына келтіру және жақсартудың жалпы принциптері мен әдістерін негіздейтін кешенді салааралық пән.

Табиғатты қорғау міндеттеріне келесілері кіреді:

Табиғат қорларын тиімді пайдалану;

Табиғат компоненттерін пайдаланғанда мүмкіндігінше аз ластануға қол жеткізу;

Табиғи және мәдени мұралардың құнды объектілерін сақтап қалу. Табиғат адамға өмірі мен өндірістік әрекеті үшін қажет өмір сүру

ортасы және барлық игіліктер көзі болып табылады.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғат қорлары мен өндіріс жасайды және генетикалық бейімделген жағдайларда ғана (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфера құрамы және т.б.) өмір сүре алады.

Табиғат түсінігімен табиғи орта түсінігі тығыз байланысты.

Табиғи ортада ерекшеленеді:

жеке табиғи орта (жабайы табиғат), адамдармен қарым-қатынастан тыс өмір сүреді;

квази табиғи орта (екінші табиғат) адамның күшімен өзгертілген табиғи ландшафтар бұл өздігінен жақсаруға және өзін өзі ұстап тұруға қабілетсіз табиғи орта;

арте табиғи орта адамдар қолымен жасалған техникалық (құрылыстар, ғимараттар т.б.) және табиғи компоненттерден (ауа, табиғи

жарықтандыру) тұратын орта. Бұл табиғи орта жасанды қолдау көрсетілмесе құрып кетеді.

Адамдар тіршілігімен байланысты тағы бір түсінік географиялық орта бұл жердің географиялық қабығы ортасы. Ол төрт негізгі сферадан тұрады:

литосфера (жер қыртысы), гидросфера (су қабаты), атмосфера (ауа қабаты), биосфера (өмір ортасы).

« Қоршаған орта» түсінігі кең түсінікке ие, себебі адамдар оны тек биологиялық ағзалар ортасымен шектеп қоймайды

Оның құрамына экожүйелер, табиғи компонентер (ауа, су, топырақ, жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі), территория, ландшафтар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және басқада адамның өмір сапасына, ісәрекетіне және денсаулығына әсер ететін материалды объектілер кіреді.

1.1 Табиғи қорлар экономикасының басқа да жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Табиғатты пайдалану экономикасы бір қатар экологиялық ұғымдармен негізделеді. «Экология» терминін 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынды (грекше «ойна» үй, мекен-жай, «логос» - ғылым ілім). Дегенмен бұл ғылым ХХ ғасырда дамыды.

Экология – табиғат экономикасын тану, бір уақытта тірі ағзалардың органикалық және бейорганикалық орта компоненттерімен арақатынасын зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, экология Дарвиннің тіршілік үшін күрес ретінде қарастырған табиғаттағы барлық қиын арақатынастарды зерттейтін ғылым.

Геккельше «экология» терминінің теориялық мағынасы тек физиология шегінен шықпайды (яғни Геккель тірі ағзалардың арақатынасының физиологиялық механизмін зерттейді). Осылайша, Геккель түсінігінше, экологияның өркениет проблемаларымен түк қатынасы жоқ.

XIX ғасырдың аяғындаақ экология ұғымы физиология шеңберінен шығып кетті, ал ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде биология әлеуметтану сферасына енеді. Осылай, экология сферасына адам енеді, және экология деп адаммен қоршаған ортаның барлық арақатынас кешені аталды. Бұдан әрі адам экологиясы, әлеуметтік экология, сонымен қатар урбоэкология (қала экологиясы) сияқты тармақтану, өнеркәсіп экологиясы, агроэкология ерекшеленіп шықты, яғни түрлі ғылым мен тәжірибе салаларына енді, білім мен іс-әрекет экологияланды.

Экологиялану табиғи ортаны сапалы сақтай отырып, жер қорларын тиімді мүмкін технологиялық, басқару және басқа шешімдер жүйесін енгізу процесі.

Табиғатты пайдаланудың нақты формаларын ғылыми негіздеу қажеттігі адамзат қоғамының жермен, бәрінен бұрын биосферамен қарымқатынасының кешенді жүйесінің тұжырымдауға алып келді.

Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тұжырымдамасы ғаламдық экология атауын алды, табиғаттың жалпы құрылымы мен функциясы туралы ғылым.

Қазіргі кезде эукология негізінде биоэкология идеялары жатқан ғылым салалары мен пәндерге бөлініп кетті.

Зерттеу объектілерінің өлшемі бойынша ерекшеленеді:

аутоэкология (ағза және оның ортасы),

демоэкология (популяция және оның ортасы),

синэкология (экожүйе және оның ортасы),

ландшафт (географиялық) экологиясы,

глобалды экология (жер биосферасы туралы білім).

Зерттеу пәніне байланысты экология микроағзалар, саңырауқұлақтар,

өсімдіктер, жануарлар, адам, ауылшаруашылық, өнеркәсіп, жалпы (теориялық) экология болып бөлінеді. Орталар мен компоненттерге қатысты экология құрғақ жер, тұщы су қоймалары, теңіз, таулы жер, химиялық экология болып бөлінеді.

Экология пәнді зерттеу жағына қарай былай ерекшеленеді:

аналитикалық (ағзаның табиғи ортамен қазіргі заңды қарымқатынастарын зерттеу),

динамикалық (ағзаның қоршаған ортамен заңды қарым-қатынасын зерттеудің динамика-эволюциялық жоспары),

уақыт ағымына сәйкес әдістемелік және эволюциялық (архиэкология)

қарастырылады.

Қазіргі экология – қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын мақсатты пайдалануға бағытталған, табиғат пен қоғаммен арақатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Атап айту керек, соңғы 20жыл бойы ғалымдар қазіргі экологиялық жағдайда адамзатты сақтау мен дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді.

Сөз адам экологиясы атты ғылыми бағыттың дамуы туралы болып отыр. Бұл адамның қажеттіліктерін жан-жақты қамтамасыз ететін, адам ортасының маңызды бөлігі болып есептелетін әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттарды қамтитын кешенді экологиялық әлеуметтік экономикалық білім саласы.

Адам экологиясының зерттеу пәні «адам қоршаған орта» жүйесі, адамды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау болып табылады, «қоршаған орта» түсінігіне «техникалық жүйелер» түсінігіне енеді. Адамның техникалық жүйелерімен қарым-қатынасын адамның жұмыс ортасындағы әлеуметтік биологиялық және өндірістік қатынас құрылымын эргономика ғылымы зерттейді (грекше Ergon –жұмыс және nomos – заң).

Қазіргі кезде адам өміріне техника тереңдеп ене түсуде, нәтижесінде адамның «табиғи» ортасы «жасанды» ортамен көбірек араласа түсуде. Адамның космостық орта шарттарында өмір сүруін космостық экология зерттейді.

Зерттеу объектілеріне өте жақын болып келетін адам экологиясы мен әлеуметтік экологияның бөлінуі күрделі қиындыққа ұрындыруда. Тек әлеуметтік экология адам өмірінің биологиялық жақтарын қамтымауымен ерекшеленеді.

Экологияның жаңа дамушы бағыты адамды барлық өлі және тірі табиғат пен бірге қарастыратын терең экология болып табылады.

1.4 Табиғи қорлар және олардың жіктелуі. Табиғи қорларды пайдаланудағы негізгі принциптер мен заңдылықтар

Табиғи қорлар – бұл табиғат элементтері. Табиғи қорлар пайдаланылатын және қайта өңделетін табиғатты пайдаланудың басты объектісі. Табиғи қорлардың пайдаланылуымен қатар жүретін табиғи ортаның сапасын сақтауға бағыттанған іскерлік қалыптасқан (табиғатты қорғау проблемаларын шешу).

Қорлардың табиғи шығу тегін, үлкен экономикалық мағынасын ескере отырып табиғи қорлардың келесідегі жіктеулерін көрсетуге болады:

1)Табиғи (генетикалық) жіктеу: минералды (пайдалы қазбалар), су, жер (топырақ), өсімдік (орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер қуатының қорлары (күн сәулесі, жердің ішкі жылуы, жер қуаты және т.б.). Көбіне өсімдіктер мен жануарлар әлемі биологиялық қорларға біріктіріледі.

2)Табиғи қорлардың экологиялық жіктелуі қордың таусылуы мен қалпына оралуына негізделеді. «Таусылу» деген ұғымға табиғи қорлардың көлемі мен қорына байланысты шаруашылықта алынуы жатады. Осы ерекшеліктеріне сай қорларды бөледі:

таусылмайтын қорлар адамдар пайдаланған уақытта дәл қазір немесе таяу уақытта таусылмайтыны анық қорлар (күн қуаты, жердегі ішкі жылуы, су қуаты, ауа);

таусылатын, бұрынғы қалпына келмейтін қорлар, үздіксіз экономикалық пайдалануға байланысты одан әрі алуға келмейтін және бұған қоса қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорлар (минералды қорлар);

таусылатын, бірақ қалпына келетін қорлар, қайтадан қалпына

келу мүмкіндігі бар, қорлар көбейту немесе басқа да табиғи циклдар арқылы, мысалы, флора, фауна, су қорлары.

Бұл топқа өте жәй қалпына келетін қорларды атап өту керек, жер құнары, жоғары сапалы ағашы бар орман қоры.

3)Шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігіне қарай табиғи қорлар келесі топтарға бөлінеді:

a)техникалық мүмкіндіктеріне қарай қорлар:

өндірістік күштің сол кезгі даму деңгейіне байланысты пайдаланылатын нақты қорлар;

теориялық есептер негізінде, бірақ дәл қазір техникалық мүмкіндік жоқтығына байланысты игерілуі мүмкін емес потенциалдық қорлар.

b)экономикалық тиімділігіне қарай қорлар орнын алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын болып бөлінеді.

Шаруашылықтың нарықтық шарттарында негізінен табиғи шикі заттың сатылуы ескерілетінтабиғи қорлардың жіктелуі тәжірибелік қызығушылыққа ие. Мысалы, атап өтсек:

стратегиялық маңызы бар қорлар. Бұлардың сатылуы шектелген, себебі ол мемлекеттің қорғаныс күшін төмендетеді (уран, радиоактивті заттар);

кен экспорттық мағына алған және басты валюталық кіріс әкелетін қорлар (мұнай, алмаздар, алтын және т.б.);

кен таралған ішкі рынок қорлары (минералды шикізат, құрылыс

материалдары).

Түрлі жіктеулерді пайдалану қор топтарының қалыптасу заңдылықтары мен генетикалық сипаттамаларын, шаруашылықта пайдалану мүмкіндігін біліп, оларды зерттелу дәрежесі қорытынды шығарып, тиімді пайдалану мен қорғау бағыттарын іске асыруға мүмкіндік береді:

1.Өндірістің түрлі салаларымен байланысты табиғи қорлар былайша бөлінеді:

пайдалы жанар-жағар май қазбалары (мұнай, газ, көмір);

гидроэнергоқорлар (өзен суы қуаты, су толқыны, су қуаты және т.б.);

биоэнергия көздері (отынға арналған ағаш, ауылшаруашылық өнімдер қалдығы);

ядролық энергия көздері (уран, радиоактивті элементтер).

2.Энергетикалық емес қорлар – өнеркәсіптің әр саласында пайдаланылатын немесе техникалық ерекшелігіне байланысты өндіріске жіберілетін шикізаттар:

пайдалы қазбалар (рудалық және рудалық емес);

өнеркәсіп үшін қолданылатын су;

өнеркәсіп объектілері орналасқан жер;

өнеркәсіпке арналған орман қоры;

өнеркәсіпке маңызы бар биологиялық қорлар.

3.Ауылшаруашылық өндіріс қорлары:

агроклиматтық-мәдени өсімдіктер өндіретін және мал бағуға қажетті жылу мен ылғал қорлар;

топырақ-жер-биомассаны нәрлендіретін ерекшелігі бар жер және оның жоғарғы қыртысы;

өсімдік-биологиялық қорлар - азықтандыру қорлары;

су қорлары – жерді суландыруға пайдаланылатын су.

ТАҚЫРЫП 2. ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЭКОНОМИКАСЫ

Лекция жоспары:

2.1Табиғи қорлар, қоршаған орта мен табиғатты қорғау қызметтеріне экономикалық зиян.

2.2Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің заңды негіздері: міндеттері мен келешегі

2.1Табиғи қорлар, қоршаған орта мен табиғатты қорғау қызметтеріне

экономикалық зиян.

Табиғи қорлар – адамдардың тіршілік етуі үшін аса қажетті табиғаттың күштері мен заттары. Оған күн сәулесі, су, ауа, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, пайдалы қазбалар мен басқа да адам қолымен жасалмаған, бірақ оларсыз тіршілік иесі және өндіруші ретінде адам өмір сүре алмайтын игіліктер жатады. Олар мынадай түрде қолданылады:

аса қажетті тұтыну өнімдері (ауыз су, оттегі, жеуге жарамды және дәрілік жабайы өсімдіктер, балықтар және т.б.);

қоғамдық өндірістің іске асуына ықпал ететін еңбек құралдары (жер, су көздері және т.б.);

түрлі заттар жасалатын еңбек құралдары (минералдар, ағаштар және т.б.);

энергия көздері (гидроэнергия, жанар-жағар май қазбаларының қорлары, жел қуаты және т.б.).

Сонымен қатар, табиғи қорлар демалыс пен емдеу үшін және басқа да мақсаттарға қолданылады. Адамның бар өмірі, өндіргіш күштердің аймақтық бөлінісі мен қозғалысы табиғи қорлардың көлеміне, саласына және орналасуына тәуелд і болады.

Олардың ең маңыздыларымен қамтылуна қарай, олар ұзаққа жете ме? Бұл сұраққа дәл және бір сөзбен жауап беру мүмкін емес.

Табиғатты қорғау қызметтерін басқарудың экономикалық әдістерін жасау проблемаларын, қоршаған ортаны қорғауға материалдық жағдай жасауды табиғи қорларға дұрыс экономикалық баға беру арқылы шешуге болады. Бұл табиғатты пайдалану экономикасының міндеті болып табылады.

Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық зиян болып табылатын ғимараттар мен құрылғылардың тез тозуы, науқастықтың өсуіне байланысты емдеуге шығындардың өсуі, еңбек өнімділігінің нашарлауы, егін шығуының азайып, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасының нашарлауы, балық аулаудың қысқаруы пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]