Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

табигат

.pdf
Скачиваний:
63
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
651.67 Кб
Скачать

2.Көмірдің максималды табиғи күлділігі немесе алынатын рудалық қорлардағы зиянды қоспалардың максималды орташа мөлшері;

3.Рудалық денелер мен көмір пласттарының және кен орнының күрделі құрылысы кезінде олардың өзінен-өзі өңделінетін бөліктерінің минимальды қуаттылығы;

4.Минимальды өндірістік мөлшер – бұл руданың құрамындағы металдың ең кіші орташа мөлшері, бұл кезде берілген кен орнын,

учаскені, блокты пайдаланудың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ете отырып, өндірістік мөлшер бүкіл кен орнын пайдаланудың үнемділігін кепіл етеді.

Пайдалы компоненттердің борттық мөлшері тау жыныстарымен анық байланысы жоқ, рудалық денелердің баланстық қорларын жіктеу үшін пайдаланылады.

Борттық мөлшер – қорларды санау блогін шектейтін қырлық пробалардағы пайдалы компоненттің минимальды мөлшері басқаша айтқанда, борттық мөлшер – бұл игеру мен өңделуге кететін шығындарды, көтерме баға бойынша өткізуден келетін кіріс арқылы өтелінетін пайдалы компоненттердің минимальды мүмкін мөлшері.

Әдебиеттер: {2}, {11}, {12}, {13}, {20}, {23}, {25}

ТАҚЫРЫП 5. ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Лекция жоспары:

5.1Дүние жүзі мен Қазақстанның жер ресурстары, олардың сапалық сипаттамасы

5.2Жер ресурстарын қорғау, жақсарту және тиімді пайдалану проблемалары

5.3Ауылшаруашылық жерлердің ерекшеліктері мен экономикалық бағалану әдістері

5.1Дүние жүзі мен Қазақстанның жер ресурстары, олардың сапалық

сипаттамасы

Біздің планетамыздың жалпы ауданы 510 млн.км², оның көп бөлігін – 361 млн.км² су алып жатыр, ал құрлыққа 149 млн.км² ғана тиеді. Құрлықтың 3/1 бөлігі -51 млн.км² ауылшаруашылық үшін пайдаланылады, оның ішінде - 15 млн.км² жыртуға (бүкіл құрлықтың 10%), 36 млн.км² жайылымдар мен шалғындар үлесіне келеді.

Өнеркәсіптің дамуы, қалалардың инфрақұрылымдары жердің көп бөлігінің ТЭС, тұрғын үй, транспорттық коммуникация және т.б. үшін қолданылуына әкеледі. Сонымен қатар көп аудандардың су және жел

эрозиясымен бүлінуі, шаңды дауылдардың пайда болуы, жыралардың қалыптасуы, жерлердің батпақтануы жер ресурстарының жоғалуына әкеліп, олардың құнарлығын төмендетеді.

Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылық жерлер ауданы қысқаруда. АҚШ-та ол 540 млн.га-дан 492 млн.га-ға, Францияда 39-дан 35 млн.га-ға, Италияда 22-ден 20 млн.га-ға қысқарды.

Қазіргі уақытта әрбір тұрғынға орташа 0,28 га жыртылған жерден келеді. Кейбір елдерде АҚШ-та 0,68, Қытайда- 0,16, Жапонияда- 0,04 га жерден келеді.

Ауылшаруашылық жерлердің жетіспеуін оларды интенсивті пайдаланып, түсімді арттыру арқылы қалпына келтіруге болады. Қазақстан үлкен жер ресурсына ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы үлкен 223 млн.га жер немесе бүкіл территорияның 83% қолданылған, 35 млн.га жыртуға, 179 млн.га жайылымдармен шалғындар ретінде пайдаланылған.

Қазақстан жері көп болғанмен, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру үшін климаттық жағдай мен жер құнарлылығы жақсаруды тілейді. Қара топырақты жерлері республиканың Солтүстік пен Солтүстік-Батысында жіңішке жолақ бойында орналасқан, бұнда температуралық жағдайлар мен атмосфералық жауын-шашын тұрақты түсім алуға мүмкіндік береді. Шығыс, Батыс және орталық аудандар жиі қайталанатын құрғақ жаздары үшін жер шаруашылығымен айналысуға қауіпті. Республиканың Оңтүстік бөлігі шөл және шөлейт зоналарында орналасқандықтан онда тек суармалы егіншілікпен айналысады.

Ауыл шаруашылық емес қажеттіліктерде жыл сайын 18-20 мың га жыртылған жер пайдаланылады.

Қазақстанның түрлі зоналары мен облыстарына арналған ғылыминегізделген жер шаруашылығы жүйесі өңделген, бұның құрамына ауыспалы егістік, топырақты өңдеудің алдыңғы тәсілдері, зиянкестер мен арамшөппен күрес органикалық және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану енеді.

Өкінішке орай, соңғы кездері (15-16 жыл) жерге деген қатынас, агротехниканы сақтау, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру, олардың зиянкестерімен күрес нашарлап кетті. Осының салдарынан, жыл сайын егін түсімділігі кеміп, егістіктерге арамшөптер өсуде және т.б.

Қазақстандағы дәнді-дақылдарды өсіру жағдайы түзелу керек. Дүние жүзіндегі жылдық бидай жетіспеушілігі 50 млн тонна екенін есепке ала отырып, Қазақстанның тұрақты бидай экспорттаушы шет елдер қатарына ене алатынын айтуға болады. 13-15 млн га егістік ауданына ие бола отырып, жыл сайын 15-18 млн тонна бидай жинау арқылы оның экспортынан көп пайда табуға болады.

5.2 Жер ресурстарын қорғау, жақсарту және тиімді пайдалану проблемалары

Топырақтың ластануы мен бұзылу көздері. Табиғатта топырақ қабатының бұзылу процесі мен оның жел, су, табиғат апаттары арқылы көшіріліп кетуі болып тұрған. Алайда ең ірі және глобалды топырақтың бұзылуы, ең алдымен адамның ісі арқылы пайда болған. Қарапайым жер шаруашылығы, жайылымдардың жүйесіз пайдалануы құрғауына әкеліп Африка, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда ірі ауданды шөлдердің қалыптасуына соқтырды.

Қазіргі уақытта жердің құнарлылық проблемасы күшейе түсті. Ең бір өзекті проблема – қалыпты құнарлылықтың кемуі. Құнарлылықтың кемуі ауыл шаруашылығына салымның аз болуының басты себебі болып тұр. АӨК дамуында қалыптасқан «техногенді» тип экологиялық шектеулермен қатар таза экономикалық себептермен «тұйықталған» деп есептеледі. Соңғы жылдарда (КСРО-да тракторлар паркі 2500 есе көбейген). Басқа негізінде экологиялық факторлар АӨК жолы қалыптасуы керек.

Топырақ құнарлығының төмендеуі, тіпті оның толық жоғалуы эрозия, сортаңдану, батпақтану, құрылыс, тау-кен және басқа да өндіріс әсерінен ластану мен тікелей жойылу арқылы пайда болады. Топырақ эрозиясы ең құнарлы жоғарғы қабаттың еріген және жаңбыр суларымен, су эрозиясы мен жел арқылы пайда болады. Жел эрозиясы шаңды ауылдарда жел жылдамдығы 18-20 м/сек немесе одан да жоғары болғанда қалыптасады. Топырақ территориядан жүздеген шақырымдарға ұшырылып кетеді, кейде бүкіл жыртылған қабат ұшырылады. Жергілікті жел эрозиясы 5-6 м/сек жылдамдықта пайда болып, жоғарғы қабат 5 см-ге дейін ұшырылады. Су эрозиясы күшті жаңбырларды пайда болып, топырақ қабатын жуып, бұзып кетеді де жыралар қалыптасады. Қазақстандағы эрозияланған жерлер 18-20 млн га, және олар солтүстік, батыс пен орталық аудандардың егін егілген жерлерінде орналасқан.

Топырақ эрозиясымен күрес жергілікті жер бедерін, климаттық жағдайлар мен эрозия процесінің интенсивтілігін есепке ала отырып жүргізіледі. Оларға ұйымдастырылған-шаруашылық шаралары жатады: жердің дифференциялды қолданылуы, егістіктердің өңделуі, жер бедері мен эрозиялану деңгейіне тәуелді. Түрлі ауыспалы егіс типін қолдану, егістікті кесу, топырақты қорғайтын көпжылдық өсімдіктердің, жолдардың орналасуы, ірі қараны айдау, агротехникалық тәсілдер топырақтағы дәнді-дақылдардың өсуіне, дамуына, қалыптасуына, азықтық, сулық және жылулық режимін қалыптастыруға жағдай жасайды. Қазақстанда топырақты сақтаушы жер шаруашылығы, жер бетіндегі орылған егісті сақтай отырып топырақты өңдеу, ауыл шаруашылық дақылдар мен егістерді ауыстыра отырып ауыспалы егістікті қолдану пайдаланылады. Ормандық ағаштар отырғызылған далалықта өсімдіктердің өсуіне қажет күшті микроклиматтық жағдайлар туып, жел жылдамдығы азаяды, қар тоқтатылып, ылғалдың булануы азаяды, ауаның ылғалдылығы өседі. Ені 10-15 метр 3-5 қатар ағаш егу ұсынылады.

Жердің сортаңдануы. Бұл жағдай топырақтағы оңай еритін тұздар (натрий карбонаты, хлоридтер мен сульфаттар) көбейгенде, грунттық және жер бетіндегі сулар әсерінен (алғашқы сораңдану), бірақ та жиірек дұрыс суармаудың әсерінен (кейінгі сортаңдану) пайда болады. Топырақ 0,1% токсикалық тұздар болған кезде сортаңдалған деп есептеледі. Суарылатын жерлерде тұзды 1 жоғарылатса, түсімділік 3 кемиді, ал 2-3 көбейту – егістіктің өсуіне әкеледі. Қазақстандағы сортаңдалған аудандар 1990 жылы 200 мың га-ға жеткен Оңтүстік Қазақстан облысының Пахта-Арал совхозында 23 жыл ішінде грунт суы 5,2 м тереңтіктен 1,8м-ге дейін көтерілген.

Жердің шөлге айналуы. Бүкіл жер шары ауданының 30%-ын шөл алып жатыр, бұл жерлерді аридті деп атайды. Судың үнемі жетпеуі аридті зоналарды халыққа үлкен қасіретәкелетін күшті қуаңшылықтар жиі болады.

Шөлге айналу проблемасы глобалды болып табылады, себебі, ол әлемнің көп еліне қатысты және де оның шешілуіне бүкіл адамзат ат салысады.

Қазіргі уақытта шөлге айналу қаупі жердің 35құрлығына төніп тұр, бұл аудандарда мекендейтін 850 млн тұрғындар өмір сүруін күмәнді етеді. Шөлдің жалпы ауданы 20 млн км² болады.

1977 жылы болған БҰҰ-ның шөлге айналу проблемалары жайындағы халықаралық конференциясында көптеген ғылыми және практикалық проблемалардың өңделуін қамтитын жоспар ұсынылды. Мысалы, аридті территорияларда су қорларын тиімді пайдалану, шөл жайылымдарын үнемді қолдану көшпелі құмдарды бекіту және т.б. 1992 жылы БҰҰ осы проблемаға қайтып келді.

Қазақстандағы жердің шөлге айналу сұрақтары көңіл бөлуді қажет етеді. Егер ол территориясының 40%-ын шөл, 23%-ын шөлейт экожүйесі алып жатқанын ескерсек, бұл проблеманың біз үшін қаншалықты маңызды екені көрінеді. Өкінішке орай, республика жағдайы жыл сайын нашарлауда. Шалғындар мен жайылымдарды басқа мақсаттарға қолдану, жерлерді жырту басқа жайылымдарға салмақты көбейтті. Көп жылдар бойы олар демалыссыз газдалынып келеді және өздігінен қалпына келе алмайды. Жоғары шөл қабаты бұзылып, жайылымдар эрозияланған жерлерге, құмдарға оңай айналады. Негізгі қорғау әрекеті болып топырақты орман отырғызу жолы арқылы үрлеуді тоқтатып бұталардан біржылдық жасанды жайылымдар жасау.

Жердің батпақтануы. Бұл табиғи жағдай атмосфералық жауыншашын мөлшері топырақ бетінен ылғалдың булануынан асып кеткен аудандарда болады, осындай жағдайда жердің батпақтануы пайда болады. Қазақстан территориясында батпақтар жоқ, ал батпақты жерлер көп аудан алмайды.

Топырақтың техногенді зақымдануы мен улануы. Бұл жағдай атмосфераға, радиоактивті элементтер, ауыр металдар, күкірт қышқылы мен басқа да заттар, улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар дұрыс пайдалану нәтижесінде түскенде пайда болады. Мысалы, түсті металлургия

кәсіпорны орналасқан ауданда топырақтағы қорғасын мөлшері қалыптыдан 20 есе көп. Суперфосфат зауыты орналасқан ауданда мышьяк пен фтор қалыптан 20-25 есе көп.

Улы химикат – пестицидтер кең қолданылуы әсерінен топырақ пен ауыл шаруашылығын ластайды. Көптеген пестицидтер сыртқы ортада өте тұрақты болып келеді. Олар топырақта бөлінбей, көп жылдар бойы сақталады. Осының нәтижесінде топырақта улы заттар көбейіп, олар басқа жерлерге таралып, су қоймаларға құйылады, ауға тарайды. Улы химикаттар микроағзаларға қатты әсер етеді.

Көптеген елдердегі аграрлы өндірісті химиялау экологиялық баланстың бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Өсімдіктерді ауру мен зиянкестерден сақтаудың биологиялық әдісін кең қолдану керек. Агротехниканы биологиялық әдіспен бірге дамытудың болашағы ауыл шаруашылығындағы химия өнімдерін пайдалануды минимумға әкеледі. Өсімдіктерлі қорғаудың интеграциялау жүйесінің үлкен болашағы бар. Ол химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да күрес түрлерінен тұрады.

Жерлер рекультивациясы. Рекультивация жердің бұзылған құнарлылығын қалпына келтіру мен оның ауылшаруашылықтық қолданылуын іске асыратын жұмыстар кешені. Рекультивация процесі екі кезеңнен тұрады: таутехникалық және биологиялық. Қазіргі жерлерді қалпына келтіріп, бұзылған топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді жылдамдататын әдістер өңделген. Бірінші орында, бұл жерге өнімді өсімдік жақсылғысын себу мен органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, су тәртібін реттеу, топырақтық физикалық қасиетін жақсарту. Су қойманы салған кезде құнарлы қабатты суға батырмау керек, ол сылынып алынып аз өнімді жерлердің құнарлылығын арттыру үшін қолданылу керек.

Жерлердің санитарлық қорғалуы. Ол топырақты күнделікті тұрмыс қалдығынан, микробтардан, вирустардан және басқа да ауру таратқыштардан қорғаудан тұрады.

Қалаларда қалдықтың көп мөлшері жинақталуда, оларды заласыздандыру, тасу, сақтау қазіргі үлкен проблемаға айналып отыр. Қазіргі қалалар қалдығы асханалық қалдықтан (43,5%), қағаздан (28,3%), тері мен резенкеден (5,1%), пластмассадан (2,6%), металдан (5%) және әйнектен (5,5%) тұрады. Қатты қалдықтарды жоюдын бірден-бір жолы - жағу. Жағу процесі қалдық жағатын зауыттарды 900-1000С° температурада жүреді, бұдан жылына 100 мың тонна бу шығып ол жылумен қамтамасыз ету жүйесіне беріледі. Электро магниттік сеператорлар арқылы қара металл алынып, 97 күл электросүзгіштері арқылы ұсталады.

Қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникасының топыраққа әсері.

Топырақ құнарының төмендеуіне, яғни оның құрылымының деформациялануына аул шаруашылығының материалды-техникалық базасының дамуы әсерінен болатын қазіргі заманғы тенденциялар үлкен әсерін тигізеді. Ауданда топырақтың үлкен тереңдікке нығыздалуы, оның су тәртібінің өзгеруі жоғары қабатындағы судың ағуы және т.б пайда болады.

Тек қана топырақтың нығыздалуынан, ғалымдардың есептеулері бойынша, егін түсімділігі 20%-ға кеміп, жанар-жағармай шығыны 18%-ға өседі. Сондықтан да топыраққа аз қысым түсіретін машиналар мен механизмдер енгізу керек.

Топырақтық құқықтық қорғалуы. ҚР-ның Конституциясына сай жер бүкіл халықтың байлығы, ол сатылмайды және сатып алынбайды, тек ол пайдалануға беріледі. ҚР-ның жер Кодексі бүкіл жерді пайдаланушылардан жерді тиімді қолдануды, эрозиядан, сортаңданудан, арамшөп өсуден және қалдықтармен ластанудан қорғауды талап етеді.

Елде жерді пайдаланудың қатаң тәртібі орнаған. Тек қана ҚР-ның министрлер кабинеті егісті, көпжылдық өсімдіктері бар жерлерді, шалғындар мен жайылымдарды, суды сақтайтын ормандарды басқа мақсаттарға қолдануға құқы бар. Бұл жерлерден құбырлар, электр тасымалдаушы жолдар және басқа да жол құрылыстарын жүргізуді тек облыс Әкімі іске асырады. Жерді бөліп беру жер ұйымдастыру қызметі арқылы жүзеге асады.

5.3 Ауылшаруашылық жерлердің ерекшеліктері мен экономикалық бағалану әдістері

ҚР-ның жер қоры келесі категорияларға бөлінеді

1.ауыл шаруашылығына арналған жерлер;

2.тұрғылықты орын жерлері;

3.өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа және басқа да мақсатқа арналған жерлер;

4.табиғатты қорғауға, сауықтыру мен тарихи-мәдени мақсаттарға арналған жерлер;

5.орман қоры жерлері;

6.су қоры жерлері;

7.қордағы жерлері.

Облыс, қала және аудан әкімдері өзінің қызмет бабы шегінен жер

учаскелерін иелікке, жалға береді, сонымен қатар қолданудан алып тастайды. Жерге байланысты сұрақтар жер ұйымдастыру қызметі арқылы қарастырылып, шешіледі.

ҚР-ның парламенті Қазақстан шекарасындағы жерге иелік етеді, жердің біріккен кәсіпорындарға, халықаралық ұйымдарға берілуі тәртібін анықтайды.

Республикада жер туралы түсініктемелері бар жер кадастры енгізіледі. Бұл оны қолданатын ұйымдар үшін, жер қатынастарын қорғау мен реттеу үшін, жерді ұйымдастыру үшін қолданылады.

Келесі жағдайларға кінәлі адамдардың азаматтық, тәртіптік, административті және шартты жауапкершілігі бекітілген.

Жер учаскелерін алып-сату, сыйға беру, залогқа беру және өз еркімен ауыстыру;

Жер учаскелерін өз еркімен иелену;

Жерді химиялық, радиоактивті заттармен, өндіріс қалдықтарымен және ағынды сулармен ластау;

Жер құнарлығының кемуін әкелетін жерді ысыраппен қолдану;

Жерді қолданудағы табиғатты қорғау тәртібінің талабын орындамау;

Жерді қайтару уақытын бұзу және мақсатқа қолдануға жарамды жағдайға келтіруді орындамау;

Топырақтың құнарлы қабатын өз еркімен сылып алу;

Жер игіліктері мен жерді қолданушылар шекарасындағы меже

белгілерін жою.

Көптеген теориялық және методикалық ұсыныстарға қарамастан бүгінгі күнге дейін жалпыға танымал жер ресурстарын экономикалық бағалау әдісі жасалған жоқ.

Соңғы жылдары жерді бағалау сұрағы бойынша негізінен екі басты бағыт пайда болды: сапалық бағалау (топырақтың сапасын бағалау) мен жерді экономикалық бағалау. Сонымен қатар, жердің экономикалық бағалануы сапалық бағалау алғышарт болады, және де ол жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауға негізгі база болады.

Топырақтың сапасын топырақ сипаттамасы көрсетеді. Алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық дақылдардың орташа көпжылдық түсімділігіне сәйкес келетін құнарлылықтың сандық көрсеткішімен сипатталады, және де топырақтың өнімділігіне қарай жіктелуі ретінде қарастырылады.

Аудандар мен облыстардың топырақ бонитетінің орташа есептелінген болып алып, оларды дәнді-дақылдардың орташа көпжылдық түсімділікті орташа есептелінген балға бөледі де «бонитет» балы бағасын алады, яғни ауданда немесе облыста орташа бонитет балы бойынша қанша өнім өндірілетінін көрсететін сан. Содан соң әрбір шаруашылық үшін бонитет балы бағасын есептей, оларды салыстыра отырып, әрбір шаруашылық үшін топырақ құнарының қолданылу тиімділігін анықтайды.

Ең алғаш жердің экономикалық бағалану әдістемесін С.Черемушкиннің басқаруымен ВНИИСХ өңдеген.

Бағалаудың негізгі критериі аудан бірлігінен таза пайда мен жалпы өнімді есептеу. Бірінші авторлар тобы жалпы өнім бойынша жер құндылығы анықталады, ал таза пайда бойынша – аудан бірлігіне рентабельділік көзқарасынан салыстырмалы құндылық анықталады деп есептейді.

Екінші зерттеушілер тобы бағалау критериі ретінде өнім немесе түсімділіктің аудан бірлігіне келетін өндіріс шығынына қатынасын түсінеді. Олар таза пайдалану көлемі объективті емес және ауыл шаруашылық өнімдерге бекітілген баға деңгейіне тәуелді деп есептейді.

Жердің экономикалық бағалануы туралы зерттеулерді экономистер де жүргізеді, олардың теориялық негізі К.Маркстің дифференциялды рента туралы түсінігіне негізделді.

Ауылшаруашылық емес өндіріспен байланысты жер учаскелерінің экономикалық бағалануына көп көңіл бөлінеді. Бұнда алынған жерлер үшін компенсацияның көлемі анықталады. Және де бағалау үшін түрлі формулалар келтіріледі. Бұл формулалар жерді қалыпқа келтіру үшін керек қаржыны есептейді, кейбіреулері игерілген учаскелерге кететін қосымша шығындарды есептесе, басқалары «кеткен пайданы»таза пайдаға қосады.

Әдебиеттер: {1}, {8}, {10}, {23}, {24}, {25}

ТАҚЫРЫП 6.СУ ҚОРЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ Лекция жоспары:

6.1Қазақстанның су қорлары. Оларды қорғау мен тиімді пайдалану проблемалары

6.2Су қорларын экономикалық бағалау әдістері

6.1 Қазақстанның су қорлары.

Оларды қорғау мен тиімді пайдалану проблемалары

Қазақстан Республикасының жердің беткі қабатындағы өзен суы қорларының орташа жылдық сулылығы 100.9 млрд м, олардың ішінен 56,5 і Қазақстан территориясында қалыптасып, 44,4 көршілес территориялардан (ҚХР,Өзбекстан ,Қырғыстан және Ресей) құйылады. Қазақстанның су қорлары бұрынғы КСРО – ның су қорының 2,1% − ын құрайды, және де Қазақстан суымен қамтамасызданудан одақтас республикалар арасында соңғы орынды алып тұр. Сумен меншікті түрде қамтамасыздық елде 1км³ − 56,4 мың м³ және бір жылда бір адамға – 60 мың м³.

Жер бетіндегі су қорлары территорияда біркелкі таралмаған. Сумен ең жақсы қамтамасыз етілген Шығыс Қазақстан облысы 1км − 290 мың м³, ең аз қамтамасыз етілген Атырау, Қызылорда, әсіресе Маңғыстау облысы 1км³ − 0,36 мың м³ шаруашылық өндіріске тиеді ( жалпы көлемнің 77− 80 % − ы ). Мысалы, 1 тонна күріш өсіруге 7000 м³ су қажет.

Көл суларының жалпы 190 млрд м³, олардың 10 % − ы тұшшы көлдер үлесіне тиеді.

Жердегі тұшшы су қорлары 30 млн м³, бірақ оның 97% − ы поллярлы аудандар мен мұздықтар үлесіне тиеді.

Оңай қол жететін қорлар 50 мың м³, ал қазіргі кездегі адамзаттың суға сұранысы 19 мың м³. Әзірге жететіндей көрінеді. Бірақ, біріншіден, су тек адамдарға ғана емес; екіншіден, ол жер бетінде біркелкі таралмаған, және оның көп бөлігі күн көзі аз тиетін, мысалы Сібірде орналасқан өзендер мен көлдердің үлесіне тиеді.

Және де ормандарды шауып, батпақтарды құрғатқаннан адам жердегі суды құрлықтағы суаттар мен мұхиттар арасын да қайта бөлу мұхиттар арасын да қайта бөлуге жол береді, және де бұл қайта бөлу мұхиттың

пайдасына келеді. Өзендер мен көлдердің, грунт суларының өнеркәсіп және ауыл шаруашылық қалдықтар мен жаппай ластануы біздің сумен қамтамасыз етілуімізді шектейді. БҰҰ мәліметтері бойынша 23 қала тұрғындары мен 80 ауыл тұрғындары қанағаттанарлық сапалы сумен қамтамасыз етілмеген. Көптеген елдер көп энергетикалық қаржыны қажет ететін теңіз суын тұшшыландыруға мәжбүр болып отыр. Ресейде бір тұрғынға күніне 400 литр ауыз су шығындалады, ал Мәскеуде одан да көп – 600 литр суға дейін.

Бұл ысырабшылықтың бір себебі, тұрғындардың материалдық қызығушылығы мен экологиялық тәрбиесінің болмауынан. Сумен қамтамасыз ету проблемасымен қатар оның сапасын сақтау проблемасы да аса маңызды.

Егер XX ғасыр басында ғылымға табиғи сулардың ластануының 17 5ана түрі белгілі болса, қазір 2,5 мың түрі белгілі. Бұл тұрғындар денсаулығына қауіп төндіріп балықтар, су құстары мен басқа жануарлар өліміне әкеледі, өсімдіктердің өнімділігін кемітіп, солуына соқтырады.

Ауыз судың минералдануын жоғарылату ағзаға тұздың жиналуын жылдамдатады.

Күнделікті тұрмысқа қажетті су жер бетіндегі көздері: өзендер, көлдер, су қоймаларынан алынғандықтан, оларды қолданбастан бұрын су құбырларын әртүрлі қалдықтардан тазартып ғана қоймай, залалсыздандыру қажет. Негізгі әдістер хлорлау мен азондау болып табылады.

Дамыған елдер көп уақыттан бері залалсыздандырудың зиянсыз тәсілі болып табылатын азондауды қолданып келеді. Бірақ ол қымбатқа соғатындықтан, әзірше елде хлорлау қолдануда. Егер барлық салдарларды жинақтасақ, онда су аурудың пайда болуының 70 – 80 % − ының тікелей және жанама себебі болып табылады. Бұл жағымсыз әсерді төмендету үшін, токсиколог дәрігерлер суды тәуілік бойы тұндыруды ұсынады.

6.2 Су қорларын экономикалық бағалаудың ерекшеліктері

Су көздерінің латануына байланысты, жоғалтылған өнімді қайта өндіру шараларын өткізу үшін қажетті шығындардың мөлшері суаттардың ластану деңгейіне және оны төмендетудің керекті дәрежесіне тәуелді.

Су көздерінің ластануынан келетін зардаптар деп халық шаруашылығындағы шығындарды, су көздерінің түрлі суды пайдаланушылармен ластануының салдарынан пайда болатын еңбек және материалдық қорлар шығындарын, және тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларының нашарлануын айтуға болады. Көріп отырғандай, шығынды анықтауды, ол экономикалық та, әлеуметтік− гигиеналық та жағынан бағалануы керек. Экономикалық бағалау кезінде құндылық бағасы бар шығын түсінігі халық шаруашылығының салаларында түрліше.

Коммуналды және өндірістік сумен жабдыөтауда табиғи сулардың нашарлауы су қоймасының басқа жерге ауыстыруымен немесе күрделірек жүйелерді және суды тазартатын қондырғыларды құрып салумен жабдықтау

жүйелерімен байланысты шығындарға әкеліп соқтырады;Ауыл шаруашылығында алдын ала тазартылмаған ластанған су көздерінен

алынған суды пайдаланған кезде мал және құс өнімділігі төмендейді, мал ауруға шалдығып, өлімге ұшырайды, жер қыртысы тұзданады, ауыл шаруашылық дақылдардың астық өнімділігі төмендейді. Барлық шаруашылығында су көздерінің ластануынан балықтар өледі. Тағамдық азық

– түлік ретінде тауардың сапасы төмендейді суаттардың өнімділігі азаяды және т.б.

Зиянның әлеуметтік – гигиеналық бағалануы кезінде су көздерінің сауықтырғыш, спорттық Және эстетикалық құндылығының төмендеуінен пайда болатын шығындар

есепке алынады. Су көздерінің ластануы адамдарды ауруға шалдықтыруы мүмкін немесе қоршаған ортаның эстетикалық түйсігі мен гигиеналық жағдайларын нашарлататын зиян әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта су көздерінің ластануына байланысты әлеуметтік сектордағы зиянды бағалаудың көпшілікке танымал әдісі жоқ.

Шығындардың орнын толтыруға жұмсалған қаражаттар бір жылғы салымдарда, ағымдағы шығындар түрінде болуы мүмкін, сондықтан да оларды салыстырмалы түрде келтіру келтірілген шығындар формуласымен жүзеге асады. Келтірілген шығындар ағымдағы шығындар мен капиталды салымдар саласын білдіреді, ал бұлар бірдей шамада эффектіліктің нормативті коэффицентіне сәйкес келуі керек.

3i=Ci+EнКі,

Мұндағы Kі – i – ші нұсқа бойынша капиталды салымдар, Cі – сол нұсқаға сәйкес ағымдық шығындар ( өзіндік құн );

Eн – капиталды салымдардың эффектілігін салалық нормативті коэффициенті.

6.3 Су қоймаларын экономикалық бағалау әдістері

Су қоймалары экономикалық бағалау сұрақтарын талқылау барысында екі концепция анықталады: шығындық және нәтижелік.

Су қорларын шығындар бойынша бағалаған кезде су шаруашылық жүйелердің салынуымен және пайдалануымен байланысты шығындардың барлығы есептелді. Су қорларының экономикалық бағалау су салалары мен кәсіпорындарын дамыту мен бағалау жөніндегі бар жағдайларды, суға тұйықтағыш шығындарды анықтау жөніндегі сұрақтарды қарастыруымыз керек. Суға арналған тұйықтағыш шығындар ең үйлесімді су шаруашылықтық балансты (СШБ) құру негізінде анықталуы мүмкін, ал бұл суға қажеттілікті қанағаттандыру жөніндегі барлық нұсқаларды салыстыруды ұйғарады.

Суды үнемді тұтыну жөніндегі әрекеттердің эффектілігін мысал түрінде суреттеп көрсетуге болады. Айталық, суды үнемдеудің 4нұсқасы бар, барлық нұсқалардың ішінен ең тиімдісі таңдалады. Осыған орай судың

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]