Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

табигат

.pdf
Скачиваний:
63
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
651.67 Кб
Скачать

Табиғатты қорғау шараларының тиімділігі (ТҚШТ) мына формуламен көрсетіледі:

ТҚШТ = Е ∆y / Ш

Е ∆y – ластануды төмендету нәтижесінде зиянды азайту сомасы,

Ш – табиғат қорғау шараларын жүргізуге шығар жылға балаған шығындар.

Алайда бұл есептеулер қоршаған ортаның ластануынан туатын шығынды анықтауда және тоқтатуды іске асыруда өте қиын. Олар халық шаруашылығын барлық аймақтарында және ірі кәсіпорындар деңгейінде қолданыла алады.

Жекелеген кәсіпорындар деңгейінде нақты шешімдер қабылдау екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде кәсіпорын бекітілген экологиялық мөлшерлерді бұзуға тура келетін жағдайлар ескеріледі. Екінші кезеңде, экологиялық көзқараспе, ең аз шығын әкелетін жолдар таңдалады.

Табиғатты қорғау қызметі өте көп қаржыны қажет етеді. Табиғатты қорғау үшін қолданылатын құрылғы құны кәсіпорынның барлық құрылғыларының 30%-на немесе құрылғылардың жалпы құнына тең болуы мүмкін.

Біздің елімізде табиғатты қорғауға ұлттық өнімнің 1%-ы бөлінеді.

Бұл экологиялық қана емес, экономикалық та жағдайлардың ең жақсы жиынтығына жету үшін жеткіліксіз.

Бізде қазір зиян көлемі табиғатты қорғауға кететін шығындардан 10есе көп, және ол ЖӨ-нің 8-9%-на тең болады. Зиянды тез азайту үшін біздің экономиканың күші келмейтін өте үлкен қаржы салу керек. Сонымен қатар, кәсіпорындар табиғатты қорғауға әлсіз материалдық қызығушылық көрсетіп отыр. Табиғатты қорғау қызметі тиімді – деп есептейтін осы проблеманы шешудің жолы сапаны нашарлатып алмай-ақ тазартуға кететін қаржыны үнемдеу. Бұған көмек экологизация шартында, ғылыми техникалық прогрестер арқылы өндірісте қалдық деңгейін азайтатын жаңа технологияларды пайдаланып, табиғатты қорғау жүйесінде арзан әдістер мен құрылғылар қолдану болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, кез-келген экологиялық проблемалардың шешімі экономикалық проблемалармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыс екі жақтытабиғатты ысыраппен пайдалану экономикалық шығындарға әкелуі, өндірістің дамуын тежейді, ал қаржының жетіспеушілігі экономикалық қиындықтарды жеңуге мүмкіндік бермейді. Қоғамның экономикалық және экологиялық қызығушылықтары алыс келешекте де қатты ұйқасады. Себебі, кез-келген өндіріс орны тек қана өндіруші адам арқылы және табиғи қорлардың келешегіне сай дамиды. Ал олардың сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндіріс нәтижесі жоғары болады.

Қазіргі кезде және жақын болашақта, қазіргі экологиялық дағдарыс жойылмайынша табиғатты қорғау сферасына көп еңбек қажет. Бірақ бұл қызмет болашақта табиғаттың сақталуына мүмкіндік жасаса да, өндірістің түсімін азайтады, сондықтан да экономикалық және экологиялық қызығушылықтардың қақтығысуы шарасыз.

2.2 Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің заңды негіздері: міндеттері мен келешегі

Адамдар арасындағы табиғатты пайдалану процесі нәтижесінде пайда болатын өндірістік қатынастың қиын желесі жас ғылым-табиғатты пайдалану экономикасы зерттейді. Оның міндеттері:

табиғатты ысырапты пайдалану нәтижесіндегі халық шаруашылығына келетін зиянды, оның салдарын жоюға кететін шығындарды анықтау;

табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының нақты мөлшерлі бағасын беру және табиғи қорларды қолдану мен табиғатты қорғау қызметінің көпшілікті шаралар ішінен аса тиімді жолдарын таңдау.

Сонымен, табиғатты пайдалану мен оны тиімді қолдану проблемасы көптеген аспекттен тұрады. Олардың ең маңыздылары денсаулық сақтау, ғылыми-техникалық, тәрбиелік, эстетикалық, қорықтық. Бұлар өзара тығыз байланысты, сондықтан да бұл проблема бірдей аспект, және бір уақытта шешілгенде ғана шешімін табады.

Шынымен де, табиғатты пайдалану сферасында жеткілікті қаржы бөліп материалдық стимулдар қолданбай, яғни экономикалық сұрақтар шешімін таппай кез-келген басқа проблема шешілмейді, ал мейлі қорықтардың құрылуы болсын, не болмаса өндірісте қалдықсыз технологияның пайда болуы болсын. Тіпті табиғатты қорғаудың заңдылықтарын жасау мен тұрғындардың экологиялықтәрбиеленуінің өзі ірі материалдық қорды қажет етеді.

Бірақ бір материалдық қоры аз, себебі қоғамдық өндірісте кәсіпкерге табиғатты қорғағаннан, оны жою тиімдірек болатын жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар, адамдар табиғатқа тек өндіруші болғанда ғана әсер етіп қоймай, күнделікті өмірде, демалыс кезінде де әсер етеді. Осындай жағдайларда табиғатқа сәйкес тәрбиелері қалыптасқан заңдар мен экологиялық саналық көмекке келу керек.

Егер ғылым бізге қауіп төндіретін проблемаларды уақытында көрсетіп, оларды жою жолдарын көрсетпесе, онда экономика мен құқық нені қолдап, нені жазалау керек екенін білмейді. Сонымен, егер жоғары сапалы қорғаныс техникасы (тазартушы құрылғы) жеткілікті мөлшерде жасалмаса, онда ғылыми жасалған қолдау жүйесі мен жазалау да тәжірибеде қолданылмайды. Ғылыми технологиялық процестің экологизациясының маңызды бағыты қоғам мен табиғаттың бірлесіп даму жағын табу болып табылады; қорды үнемдейтін және таусылмайтын қуат көзіне көшу.

Табиғатты пайдаланудағы басқару «жұмсақ» болуы тиіс, яғни оның табиғи реттелу және пайдаланылу механизмін бұзбау керек, «қатты» басқару қажет болған жағдайда, оны ақылға сүйеніп, қауіптің қаншалықты екенін білуі тиіс, яғни ең жақсы қажеттіліктер заңына сүйеніп, әлеуметтікэкономикалық және экологиялық дағдарыстан қашу керек.

Осымен, табиғатты пайдалану – көптеген өзара байланысқан жақтардан тұратын және оның тиімділігі үшін осы арақатынастарды зерттеп, ескеретін коммерциялық жақындауды қажет ететін қиын жүйе.

Табиғатты пайдалану өзінің дамуының кез-келген кезеңінде табиғи жүйе әсер ететін әртүрлі әсер түрін, олардың өзгерісін, яғни оларды басқаруды көрсетеді. Ол «қатты» да, «жұмсақ» та болуы мүмкін. «Қатты» басқарудың мысалына орманды тегіс кесі жатады, ал «жұмсаққа» ағаштарды іріктеп кесу жатады. Бұл кезде орман сақталады.

Көптеген түрлі болжамдар көбінесе сәтсіздікке бітті. ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақтарға сай, ғасыр соңында мырыш, қалай, қорғасын, фтор, цинк және т.б. маңызды минералды таусылуытиіс еді. Көріп отырғандай, олай болмады. Бірақ та бұл қорлар шектеулі және сапалы қолдануды қажет етеді.

Бұл проблемалардың белгісіздігі біріншіден, үнемі пайдалы қазбаларын жаңа орындары ізделініп, әлемде теңіздер мен мұхиттардың биологиялық және минералды байлықтарының қолданылуымен байланысты. Екіншіден, табиғи қорлардың алыну және өңделу технологиясы жетілдірілуде. Осыған сәйкес олардың пайдаланылу қарқынының өсуі өнімнің өндірілу процесінің өсу қарқынынан азаяды. Үшіншіден, өндіріс процесіне бұрын қолданылмаған табиғи қорлар тартылуда (мысал, ядролық отын тек 50 жыл бойы қолданылып келеді, ал мұнай мен алюминий өте ертеден қолданылуда).

Адамның психикалық және физикалық көңіл-күйі, іскерлік қабілеті оның денсаулығы тәуелді. Бірақ, одан айрылған да ғана адам денсаулықтың басқа игіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін басты игілік екенін түсінеді.

Қазіргі кезде қоршаған ортаға көптеген антропогендік заттар түсуде. Олар тек ластаушы емес, сонымен қатар адам мен басқа да тірі ағзаларға зардап әкелетін токсикалық, канцерогенді (ракты және басқа да қатерлі ісік туғызатын), аллергенді (адам ағзасына қышыма, тұмау, тұншығу тудыратын) және мутагенді (мутация, яғни тұқым қуалайтын өзгерістерді туғызатын) заттар. Сондықтан да адамның, тіпті бүкіл биосфераның тіршілігін сақтау үшін даму шарттарын қайта қарау керек.

Бүгінгі таңда және болашақта экология саясаттану мен экономиканың қажеттіліктеріне шешіліп қоймай, жеке ғылым ретінде қарастырылған жөн, әрбір елдің байлығы өндірілген игіліктер көлемімен емес, тұрғындардың саулығы деңгейімен бағалануы тиіс.

Экологиялық және экономикалық мақсаттар арақатынасының тарихи өзгерісі келесі кестеде көрсетілген :

Экономика

Технология

Ортаны қорғау

Ортаны қорғау

технологиясы

мен экономика

(экология)

(экология)

экологиялық

экологиялық

технологиялық

кедергісіз

ұйымдарсыз

ұйымдармен

ұйымдармен

тіршілік үшін

 

бірге

бірге

 

Адам денсаулығына ең қажеттісі ауа сапасы, азық-түлік пен ауыз судың мөлшері мен тазалығы, қалыпты радиациялық фон, қалыпты мөлшерден аспайтын шу мен электромагниттік толқулар деңгейі.

Әдебиеттер: {6}, {8}, {20}, {21}, {24}

ТАҚЫРЫП 3. ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫ

Лекция жоспары:

3.1Табиғи қорларды экономикалық бағалаудың мәні, түрлері мен функциялары

3.2Экономикалық бағалаудың концепциялары мен теориялары

3.3Экономикалық бағалауда ескерілетін көрсеткіштер мен факторлар

3.1 Табиғи қорларды экономикалық бағалаудың мәні, түрлері мен функциялары

Табиғи қорлардың экономикалық бағасы – олардың халықшаруашылықтық құндылығының ақшалай көрінісі. Ол екі негізгі функцияларды орындайды: есептік (қандай ұлттық байлығының бар екенін және өндірістің дамуында не затқа сеніп, сүйенуге болатынын көрсетеді) және талпындырушы (табиғи қорларды пайдалану үшін төлемдерді енгізуге негіз құрады және оларды ысырапты пайдалану жағдайларында шығындар мен оларды өтеу жолдарын есепке алып отырады).

Табиғи қорларды экономикалық бағалау осы күнге дейін шешілмеген таппаған күрделі ғылыми және тәжірибелік проблема. Дегенмен, кез-келген заттың бағасы оны жасауға кеткен еңбек шығынымен есептелсе, табиғи қорлар адамның емес, табиғаттың өнімдері болып табылады. Сонымен қатар оларды барлауға, іздеуге, игеруге, өндіру мен қорғауға кететін көп шығын негізінде баға пайда болады. Егерде табиғи қорларды бағалауда тек шығын теориясына сүйенсек, онда қиын шарттар жағдайында орналасып, игерілуіне көп қаржы қажет ететін нашар сапалы қорлар тиімді шарттарда орналасқан жоғары сапалы қорлардан қымбатырақ болады. Бірақ табиғи қорлардың халықшаруашылығында олардың өндірілуі мен қорғауына кететін шығындарды ескермей бағалануына сүйене алмаймыз, себебі бір ғана қор, әртүрлі мақсатқа түрлі шығын деңгейімен қолданылуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай, табиғи қорлардың тиімді пайдалануын, қоршаған орта мен жер қойнауынан шығатын байлықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін табиғи, саасы мен көлемі жайында физикалық мәліметтер ғана емес, құны жайлы мәліметтер де керек.

Әлеуметтік шаруашылық кезінде табиғи қорлардың ақшалай бағалануы мойындалмады. Бұған негіз болғаны, табиғи қорлар әсіресе пайдалы қазбалар

мен биосфера адам еңбегінің нәтижесі емес, алып-сату заты емес, сондықтан да ақшалай бағалау құнына ие емес. Практикада бұл табиғи қорлардың жыртқыштықпен пайдаланылып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі.

Қазіргі кезде табиғи қорлардың ақшалай экономикалық бағалануы қажет болып есептеледі.табиғи қорлардың құндық (ақшалай) бағалануы келесілер үшін қажет:

ұлттық байлықтың көзі болып есептелетін табиғи қорлардың көлемі мен сапасын анықтау үшін;

табиғи қорларды игеруге, қабылданатын шешімдер нұсқаларын салыстыруға тиімді пайдалануға, оларды қолдану мен қалпына келтіруге қажетті есептеулер жасау үшін (болжамдық, жоспарлық, жобалық);

табиғи қорларды игеру процесінде келтірілген нұқсанды, оның салдары мен табиғат қорғау шараларының нәтижелігін бағалау;

экономикалық бағалауға шексіз көлемді қорлардан басқа (мысалы, атмосфералық ауа, әлемдік мұхит суы), барлық табиғи қорлар жатады.

Табиғи қорларды экономикалық бағалау олардың қажеттілігінің, бағасының сандық және сапалық өлшемін білдіріп, бұл берілген қордың халықшаруашылықтық құндылығын анықтайды.

Бұл бағалаудың мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдарда қорлардың тиімді пайдаланылуы мен қорғалуы үшін стимулдар құру. Бұл мақсат өндіріс тиімділігін өсіру мен дүниежүзілік халықшаруашылық сұраныстарды қанағаттандыру үшін қолданылады.

Табиғи қорларды экономикалық бағалау олардың кең қолданылуымен байланысты болатын түрлі шығындарды ескеріп, өндірістің қоршаған ортаға тигізетін экологиялық салдарын ақшалай бағалауға мүмкіндік береді.

Табиғи қорлардың кадастрлы және болашақты бағалануын ажырата білу керек. Кадастрлы бағалаудың объектісі болып пайдаланып жатқан немесе пайдалануға дайын табиғи қорлар табылады. Мұндай бағалаудың нәтижесі табиғат қорларының кадастрларына енеді, және табиғатты қорғауды ынталандырушы салалар мен аймақтық компоненттерді өркендету мен орналастыру жөнінен нақтылы есептеулер жүргізудің негізі болып есептеледі.

Табиғи қорларды экономикалық бағалау ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары сәйкес жоспарлы – жобалы шешімдер дайындығы кезіндегі пайда болатын сұраныстарда таңдап жүргізіледі.

3.2 Экономикалық бағалаудың концепциялары мен теориялары

Қазіргі уақытта табиғи қорларды бағалаудың екі негізгі концепциялары бар: шығындық және ренттік.

Шығындық концепция негізінде табиғи қорлардың игерілуіне кететін шығындар жатыр, ал табиғи игіліктер сапасы құндылықтық қосымша факторы ретінде қарастырылады.

Ренталық концепция дифференциалдық рентаға негізделеді, яғни табиғи қорлардың түрлі сапасы мен алынатын орнына байланысты кіріс көлемі, мысалы, транспорт жолына жақын, не алыс орналасқан жоғары не төмен құнарлықты жер және компромисті шешім табудың дұрыстығынан көбінесе біраз жағдайлар тәуелді болады.

халық шаруашылығында табиғат қорларын пайдаланудың тізбектілігі мен нұсқауларын таңдау;

олардың ысырапты пайдасынан болатын зиян мен келтірілген шығындардың тиімділігін бағалау;

табиғатты тиімді пайдалануға талпындыру шараларының әрекеттілігі, табиғат қорларын пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерлерінің негізділігі.

Табиғат қорлар экспортының пайдалылығы:

біріккен кәсіпорындардан түсіп жатқан кірісті адал тарату;

өндірілген шығындардың абсолютті және шартты тиімділігін бағалау және табиғатты қорғау әрекеттері мен табиғи қорларды пайдаланудың тиімді нұсқаларын таңдау;

табиғатты қорғау әрекеттерін басқарудың экономикалық әдістері

мен қоршаған ортаны қорғауды материалдық талпындыруды жасау. Бірақ осы проблемалардың барлығын табиғи қорларға дұрыс

экономикалық баға беру арқылы шешуге болады.

3.3 Экономикалық бағалауда ескерілетін көрсеткіштер мен факторлар

Қоғамның әрі қарай дамуы үшін шикізатпен отын-энергетикалық қорлардың маңыздылығын ескере отыра, табиғи қорлардың тек тауар өндірісі элементі емес, сонымен қатар, бүкіл қоғамның даму элементі екенін назарға ала отырып бағалау керек. Бағалау тек фактілік шығындарды ғана көрсетіп қоймай, табиғи қорлардың халық шаруашылығындағы маңызын да көрсету керек. Сонымен қатар тауар-ақша қатынасы сақталғанда да, экономикалық бағалау құндық формада көріну керек, сондықтан да табиғи қорлардың бағалануын оларға төленетін төлемдермен байланыстырады. Бірақ төлем бағалау элементі болса да бұл түсініктер ұқсас емес, себебі сапалы табиғи қорлар өндіруші ұжымдарға қосымша таза өнім алуға мүмкіндік береді. Қоғам бұл таза өнімді табиғи қорларға дифференциалдық төлем-төлеу жолымен алу керек, бірақ бұл қор құны болып есептелмейді.

Минералды қорларды құндық бағалау кезінде көптеген экономикалық, техникалық, географиялық, геологиялық және т.б. басқа факторларды ескеру керек. Минералды қорлардың бағалануына түрліше қарап, геологиялық, географиялық, экономикалық басқа да бағалауларды ажырата білу керек.

Минералды қорлардың экономикалық бағалануы тек өндіріс процесінде түсініліп, анықталуы мүмкін, ал экологиялық бағалану адам мен табиғаттың қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Бірақ та экономикалық та,

экологиялық та бағалану өндіріс арқылы анықталады. Тек қана минералды қорларды пайдаланғанда пайда болатын халық шаруашылығындағы жанжақты күрделі арақатынастарды ескере отырып, минералдышикізаттың және отынэнергетикалық қорлардың пайдалылығын дәл анықтауға болады.

Әдебиеттер: {1}, {2}, {5}, {9}, {10}, {23}, {24}

ТАҚЫРЫП 4. ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛМАЙТЫН ҚОРЛАРДЫ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Лекция жоспары:

4.1Қазақстанның минералы – шикізат қорлары мен рационалды пайдалану проблемалары

4.2Минералды – шикізат қорларын экономикалық бағалау әдістері

4.3Минералды шикізат қорларының қолданылу шарттарын анықтау

4.1 Қазақстанның минералы – шикізат қорлары мен рационалды пайдалану проблемалары

Бұрынғы КСРО-да минералды қорларды игеру келесі мәліметтермен сипатталады: ел әлемдік тау-кен өндірісінің 28%-ын қамтамасыз етті (АҚШ 23%-дай), КСРО мұнай, көмір, темір мен марганец рудаларын және басқа да пайдалы қазбалар өндірумен әлемде жетекші орын алған; КСРО-ның құрауына дейін бір жыл ішінде 6,5 млрд тонна түрлі пайдалы қазбалар алынған; тау-кен өндірісі әр он жыл сайын екі еселеніп отырды. Минералдышикізат кешеніне барлық капитал салымының 40%-ынан астамы жіберілді. Ал ондағы еңбекшілер саны 20%-дай болды. Қазақстан бұрынғы Совет Одағында ресурстық ролге ие болғандықтан, бұл цифрлар ол үшін де әділ. Қазіргі кезде республиканың ресурстық потенциалы одан да көп роль алып тұр.

90-шы жылдарда жер шары халқының саны 2,5 есе өссе, минералды қорлардың жылдық алынуы 12 есе көбейеді. Сонымен, 1940 жылдан 1990 жылға дейін мұнай өндіру (газдық конденсатпен қоса) 20 есе, газ өндіру 227 есе, көмір өндіру 4,5 есе, темір рудасын өндіру 8 есе көбейді. Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру 50-ші жылдарда жүзеге асқан.

Егер пайдалы қазбалардың игерілуімен масштабтарын қарайтын болсақ, келесілерді белгілеуге болады.

пайдалы қазбалардың барлық түрін жоғары қарқынмен шығару елдің халық шаруашылығы мен тұрғындарға арналған өнімді жүйелі түрде арттырып өндіруге мүмкіндік береді;

өндіру масштабтарының өсуі жаңа қорлардың сапасының төмендеуімен, кейбір дәстүрлі аудандарда олардың қысқартылуымен, өндіріс шығындарының өсуімен бірге жүріп отырады;

тау-кен өндірісінің дамуы экологиялық жағдайдың нашарлауымен қатар жүрді.

Сонымен, тұтынудың тез өсуі бірқатар проблемаларды алға шығарды, соның маңыздысы минералды және бірінші орында энергетикалық шикізаттардың үздіксіз өсіп жатқан қажеттіліктерді қамтамасыз ету. Бұрын КСРО Еуропада электр энергиясын өндіруден бірінші орын алған, ал әлем өндірісінде КСРО-ның үлесі 16%-дан жоғары болды. Табиғи қорлар құрылымында пайдалы қазбалар үлесі 70%-дай болды. Бұл кәсіпорындарда әлемдік тау-кен өндірісінің 28%-ы өндірілетін өнеркәсіп саласын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Минералды-шикізат қорлары базасында ірі халық шаруашылық кешендер қалыптасты.

Қазақстан минералды-шикізаттардың ірі қорына ие және осы көрсеткіштерге сай әлемдегі бес жетекші елдер құрамына кіреді. Республикадағы минералды-шикізат базасын дамытуда қазақстандық көрнекті ғалым, академик Қ.И. Сатпаев үлкен роль атқарды.

Республиканың жақсы тұрмысы минералды қорларды тиімді пайдалану мен қорғауға тәуелді. Бұл келесі шарттардың орындалуымен іске асады.

Табиғи қорлардың барлық түрі мемлекеттің меншігі, бұл оларды кешенді және жоспарлы түрде қолданып, болашақ ұрпақ үшін жер байлығын сақтауға мүмкіндік береді;

Халық шаруашылығын минералды шикізатпен мейлінше аз қоғамдық шығындар арқылы қамтамасыз ету, тау-кен өндірісінің қоршаған ортаны ластайтын әсерлерін азайту үшін прогрессивті аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті енгізу.

4.2Минералды – шикізат қорларын экономикалық бағалау әдістері

Қазіргі кезде минералды қорлар туралы көзқарас келесі бағалау түрлеріне негізделеді:

елдің жер қойнауындағы ұлттық байлығын бағалау, ұлттық шаруашылықтың шикізатқа сұранысын қоғамдық еңбектің ең аз шығындары арқылы қамтамасыз етуге негізделген минералдышикізат базасының оптималды даму жоспарын жасау;

пайдалы қазбалардың немесе олардың жиынтығының арнайы орналасқан жерлерінің халықшаруашылықтық маңызын бағалау;

пайдалы қазбаларды жоғалтқаннан болған салдарларды экономикалық бағалау.

Елдің ұлттық байлығын бағалау минералды қорлардың алыну құндылығына байланысты қолданылады. Есептеулер жүргізу үшін олардың А, В, С1, С2 категориялары бойынша қорларын, пайдалы қазбалар түрлеріне қарай пайдалы компоненттернің алмаспайтын шығарылу каэффицентін және минералды шикізаттың соңғы өніміне көтерсе бағаларды білу керек.

Пқ = Қб х Б; Шқ = Қб х Кш х Б.

Пқбарланған қорлардың потенциалды құндылығы; Қбжер қойнауындағы пайдалы компоненттің барланған қорлары; Б- соңғы өнім бағасы; Шқшығарылатын потенциалды құндылық;

Кшалмаспай шығарылатын пайдалы қазбаның коэффиценті.

Қазіргі уақытта Ресейдің ұлттық байлығы шамамен 29 триллион долларға бағаланады, ал Қазақстанда – 2,5 триллион. Қазақстан Ресеймен бірге әлемнің бес басты ресурстық елдері ішіне енеді, олардан басқа мұнда Канада, Австрия және ОАР бар.

Мұндай байлық Жапонияда және бұрыннан бері Еуропада да жоқ екенін ескеру керек. Бір жағынан, оларды өңдеу бүкіл әлем үшін қасірет әкелетін экологиялық салдарға соқтырады. Шақырымдарға созылған карьерлері бар Екібастұз, Жезқазған және т.б. еске түсірсек те жеткілікті. Дәстүр бойынша минералды-шикізат секторларының өнімдерін сату Лондон және Париж биржаларында жүргізіледі. Бірақ қорлардың қаржылай басқарылуы Ресей мен Қазақстанға көп еді деген негіз бар.

Пайдалы қазбалардың орнының халықшаруашылықтық маңызын бағалау сол орындардың зерттелуі мен игерілуінің барлық этаптарында жүзеге асырылады. Пайдалы қазбалар орындарының халықшаруашылықтық маңызын анықтаудың жалпы схемасы мынадай:

кен орындарының бастапқы геологиялық параметрлері мен оны өңдеудің таулы-техникалық шарттарын анықтау;

кен орындарының бастапқы геологиялық параметрлері мен оны өңдеудің техникалық жағдайларына қойылатын ең ақырғы талаптарды негіздеу;

кен орнын игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу, берілген металл қорының бағалануының орны мен рөлін негіздеу.

Бқ = ҚКШ + К х А х Ку

Мұндағы ҚКШжер қойнауындағы қорлардың 1 тоннасын барлауға шығатын қоғамдық керекті шығындар; К- кіріс, жер қойнауындағы қорлардың 1 тоннасынан алынған өнімді сатудан түсетін пайда;

А- кен орнын зерттеу мен игеруге кететін жалпы капиталдық салымдардың ішіндегі гео-барлау жұмыстарының үлесі; Кууақыт факторының ықпалын есептейтін коэффицент.

Кен орындарының экономикалық бағалауында негізгі және қосымша компоненттер мен олармен бірге орналасқан пайдалы қазбаларының неғұрлым толық және кешенді қолданылуына назар аудару керек.

Кейбір авторлар кен орындарын бағалауда соңғы өнім бағасын көтерме бағамен осы өнімге тұйықталған шығын көрсеткішімен есептейді. Ал кен орындарын экономикалық бағалаудың негізгі көрсеткіші берілген минералды шикізат түрінен алынған соңғы өнім және оны алуға кеткен шығындармен анықталады.

Пайдалы қазбалар орындарын экономикалық бағалаудың әдістемесі бағалаудың басқарушы критерийі негізінде көлемін қолдануды қалайды. Ол негізінде дифференциалды рента мөлшерін анықтайды. Көрсетілген критериймен бірге қазіргі уақытта практикада қолданылатын басқа да критерийлер бар. Әрбір уақыт бөлінгенде берілген минералды шикізаттан алынған өнім қорының көбеюіне бағытталған қоғамдық ақталған шығыс шегі бар. Қоғамдық ақталған шек-тұйықтаушы шығын деп аталады.

Табиғи қорлардың экономикалық бағалануы берілген өнімнің сәйкес табиғи қордың бірлігіне есептелген тұйықтаушы және фактілік шығындар арасындағы әртүрлілікпен анықталады. Бұл айырмашылық берілген қор әкелген дифференциалды рента болып табылады. Таулық дифференциалдық рента тұйықтаушы шығын көрсеткішіне қарағанда өнімді болып табылады. Тұйықтаушы шығындар қолайлы таулы-геологиялық шарттардағы, бірақ мықты әрі техникамен қамтамасызданған жобаланған кәсіпорындар шығынына сәйкес келеді.

4.3 Минералды шикізат қорларының қолданылу шарттарын анықтау

Шарттар пайдалы қазбалардың сапасымен көлемінің табиғи көрсеткіштерінің шекті параметрлерімен көрінеді.Сонымен қатар арнайы таулы-техникалық және географиялық-экономикалық шарттарда пайдалы қазбаның алынуымен өңделуіне кететін шығындар халықшаруашылығындағы белгіленген шекті шығындардан аспайтын таулыгеологиялық шарттар да қамтылады.

Уақытша және тұрақты шарттар бар:

Уақытшалары қорлардың оперативті есептеулері үшін қолданылып, жаңа кен орнының алдын ала барлануынан кейін жасалынады. Толық геологиялық барлау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрақты шарттар жасалады. Тұрақты шарттар пайдалы қазбалар қорларының есептелуімен бекітілуі үшін немесе қайта бағалау үшін қолданылады.

Бекітілген тұрақты шарттар негізінде қорлар балансты болып бөлінеді. Олардың өңделуі халық шаруашылық позициясы тұрғысынан тиімді болып табылады. Тау-кен өндірісіне техникалық прогрестің енуімен қатар, техникалық шарттармен стандарттардың өзгеруі, шарттардың жаңа бағаларының енуі де қайта қаралады. Шарттардың бекітілуінде шаруашылықтың қызығушылығын назарға алып, олардың негізделуін кен орындарының экономикалық бағалануы базасында жасау керек. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар қорын өңдеуден бас тартуға осы шығындардан асып түсетін экономикалық эффект пайда болып, байлықтарды қорғау әрекеті бұзылмаса болады. Пайдалы қазбалар орындарына арналған шарттар келесі параметрлерге негізделеді:

1.Күрделі құрылымды пласттардағы пайдалы қазбалармен бірге алынатын жыныс қабаттарының максималды қуаттылығы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]