- •1.1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.
- •7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)
- •8. Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1914-1918 жж.)
- •9. 1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс. Көтеріліс көшбасшылары – т. Бокин, б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ. Саурықов, а. Иманов, ә. Жангелдин, Кейкі батыр т.Б. Бұл мәселеге жаңаша көзқарас.
- •10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
- •11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •14. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.(1918-1920жж.)
- •15. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.
- •17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.
- •18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.
- •19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
- •20. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •22. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •24. Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
- •26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.
- •27. Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •28.Хх ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.(1941-1945жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1946-1953жж.)
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.(1946-1953жж.). Тоталитарлық жүйенің соғыстан кейінгі қуғын-сүргіні. Бекмаханов ісі.
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. Семей әскери-сынақтық полигоны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Республикадағы білім, ғылым және мәдениет. (1946-1953 жж.)
- •40. Елдегі десталинизация кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер.(1953-1964жж.).
- •41. Хх ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
- •43. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)
- •45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
- •46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
- •47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.
- •48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.
- •49. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері мен кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •53. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы мен сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы. (хх ғ. 90ж.)
- •56. Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклаорация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлект ретінде қалыптасу және дамы стратегиясы» еңбегінің маңызы. (1992ж.)
- •64. Қазақстан қоғамындағы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі жаңаша ойлаудың қалыптасуының қиыншылықтары.
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.
- •71. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •72. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы және Қазақстандық парламентаризмнің дамуы.
- •73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.
- •74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.
- •75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.
- •76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).
- •78. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық мелекеттілігінің бастауы.
- •79. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі. Оның жастар тәрбиесіндегі орны.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.
- •83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.
- •85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)
- •87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».
- •90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
- •92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •96. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
- •97. Қазақтанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері мен қағидаттары.
- •98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •99. Азаматтық қоғам. Оның Қазақстандағы институттарының дамуы.
- •100. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •101. Қазақтан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. Қр-ның «Дін туралы» заңы.
- •102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
- •104. Халықаралық саясаттағы Егеменді Қазақстанның орны. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қыркүйек, 2015 жыл) бұұ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •105. Қр жастар саясаты, негізігі бағыттары. Хабтық маңызы бар қалаларды құруға Қазақстан жастарының қатысуы.
- •106.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
- •107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.
- •109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.
- •110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
- •111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •113. Астанадағы еқыұ (обсе) саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •114. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. Ххі ғасыр» манифесті.
- •115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).
- •116. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
- •118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.
- •119. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсының мақсаты мен міндеті.
- •120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.
10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.
11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді.
Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Қүрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.
Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді. Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. 1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады. Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.