- •1.1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.
- •7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)
- •8. Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1914-1918 жж.)
- •9. 1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс. Көтеріліс көшбасшылары – т. Бокин, б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ. Саурықов, а. Иманов, ә. Жангелдин, Кейкі батыр т.Б. Бұл мәселеге жаңаша көзқарас.
- •10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
- •11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •14. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.(1918-1920жж.)
- •15. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.
- •17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.
- •18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.
- •19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
- •20. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •22. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •24. Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
- •26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.
- •27. Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •28.Хх ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.(1941-1945жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1946-1953жж.)
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.(1946-1953жж.). Тоталитарлық жүйенің соғыстан кейінгі қуғын-сүргіні. Бекмаханов ісі.
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. Семей әскери-сынақтық полигоны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Республикадағы білім, ғылым және мәдениет. (1946-1953 жж.)
- •40. Елдегі десталинизация кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер.(1953-1964жж.).
- •41. Хх ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
- •43. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)
- •45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
- •46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
- •47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.
- •48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.
- •49. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері мен кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •53. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы мен сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы. (хх ғ. 90ж.)
- •56. Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклаорация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлект ретінде қалыптасу және дамы стратегиясы» еңбегінің маңызы. (1992ж.)
- •64. Қазақстан қоғамындағы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі жаңаша ойлаудың қалыптасуының қиыншылықтары.
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.
- •71. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •72. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы және Қазақстандық парламентаризмнің дамуы.
- •73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.
- •74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.
- •75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.
- •76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).
- •78. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық мелекеттілігінің бастауы.
- •79. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі. Оның жастар тәрбиесіндегі орны.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.
- •83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.
- •85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)
- •87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».
- •90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
- •92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •96. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
- •97. Қазақтанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері мен қағидаттары.
- •98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •99. Азаматтық қоғам. Оның Қазақстандағы институттарының дамуы.
- •100. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •101. Қазақтан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. Қр-ның «Дін туралы» заңы.
- •102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
- •104. Халықаралық саясаттағы Егеменді Қазақстанның орны. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қыркүйек, 2015 жыл) бұұ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •105. Қр жастар саясаты, негізігі бағыттары. Хабтық маңызы бар қалаларды құруға Қазақстан жастарының қатысуы.
- •106.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
- •107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.
- •109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.
- •110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
- •111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •113. Астанадағы еқыұ (обсе) саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •114. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. Ххі ғасыр» манифесті.
- •115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).
- •116. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
- •118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.
- •119. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсының мақсаты мен міндеті.
- •120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.
90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. 1) Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 2) Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. 3) Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. 5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. 6) Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. 7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.
91. ҚР-дағы республика азаматтарның әл-ауқатын арттыру бойынша саясаты. 2008 ж. 6 ақпандағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына мына бағыттар бойынша өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Бірінші. Мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік саланың еңбеккерлеріне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелері арқылы жылдық мөлшері 4 пайыздан аспайтын алдын ала тұрғын үй займдарын беруді жүзеге асыру керек. Екінші. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала еңбеккерлері үшін салынатын үйлерге екпін түсірген жөн. Өзінің жеке меншік тұрғын үйлерін салғысы келетін азаматтар үшін мемлекет жеке меншік құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады. Бағдарлама аясында бұл үдеріске ӘКК-лер белсенді қатысуы керек. Үшінші. Құрылыс компанияларының қызметінде мөлдірлікті және саладағы бәсекелестікті арттыру дәрежесін заңды түрде қамтамасыз ету керек. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғауды арттыру қажет. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру телімдерін беру және тіркеу ережелерін мейлінше жеңілдеткен дұрыс. Төртінші. Жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек. Бесінші. Биылғы жылы өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған біздің елордамыз Астананы одан әрі дамыту маңызды міндет болып саналады. Елордадағы энергия көздерінің, инженерлік инфрақұрылымдардың және бүгінгі озық көлік жүйесінің құрылысын одан әрі жалғастыру қажет. Қаланы энергия қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ЖЭО-3 құрылысымен қоса, энергетикалық кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру керек. Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін.
Мәні: Ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындау.
Мақсаты: 1) Саяси: Біртұтастық пен жалпы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу.
2) Экономикалық: Елді индустрияландыру. Халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайту.
3) Әлеуметтік: Денсаулық сақтау саласын дамыту. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту.
Қысқыша мазмұны: |
Нәтижесі: |
Мемлекетті басқару жүйесінде жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсібіи ұйытқысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттарды әзірлеу («Болашақ»). |
2015 жылы 9 тамызда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Бауыржан Байбек Қыдырғалиұлы Алматы қаласының әкімі болып тағайындайлды. |
Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту. ҚБА және Ұлттық банк рисктарға икемді, әрі дайын болуы. Салық жүйесін Қазақстанда жаңа сатыдағы дауының міндеттерімен сәйкестендіру. Мұнай бағасының түсуіне, елдің резервтік қорының дайын болуы. |
2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері 50 миллиард доллардан асып түсті. Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. |
Денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамыту. Медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау. |
2010 жылғы 29 қаңтар бойынша: 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты ашылды. |
Электор энергия тасымал жүйесін дамыту. «Бейнеу-Шімкент» газ кұбырын бастау керек. Теміржол және автомобиль жолдарын дамыту ( Батыс Еуропа – Батыс Қытай ). Отандық көлік саласына көңіл бөлу. Жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамыту. |
32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді. Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар жөнделді. |
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске асыру. Тұрғын үй займдарын беру. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғау. Жұмыспен қамтамасыз ету. |
Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. |
Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау. Халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз ету. |
2011 жылғы 28 қаңтар бойынша: Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. |
|
|