Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

ХХ ғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық  тарихы көптеген отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеу обьектісі болып табылады. Осы кезеңнің  халқаралық қатынастар жүйесіндегі кеңес-түрік қатынастарының дамуы  ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы әлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-ның сыртқы саясаты көп жағдайда  тарих барысын айқындағаны күмәнсіз.  Сонымен бірге Түркия да  маңызды елдердің бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, сонымен бірге Басфор мен Дарданелл  бұғаздарына бақылау орнату мәселесінде және Жерорта теңізінен Қара теңізге кемелерді өткізу мәселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар бойы ұлы державалар арсындағы  кескілескен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне айналдырды.  Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында  Түркия тағы да  Англия, Франция, Германия және Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айналды. Түркияның маңызды стратегиялық жағдайы  және түрік үкіметінің саяси жағдайға ықпал етуге  ұмтылуы  бұл мемлекеттірдің  оған қатынасында белсенді саясат ұстануына жағдай жасады.Түркияның Кеңес Одағымен  көршілік жағдайы  олардың қарым-қатынасына  екі мемлекеттің де  қауіпсіздігі  тұрғысынан қарағанда   үлкен маңызға ие болды. Әсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін екі ел өкілдері бірнеше рет талқылады.  Өз кезегінде қарастырылып отырған кезеңде  кеңес-түрік қатынастарында бетбұрыс кезең болды. Бұрынға Түркия Республикасының қалыптасу кезеңінде қол жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады. 1939 жылы 23 тамызда  Германия мен КСРО   шабуылдамау туралы пактіге қол қойды, мұны Түркия мазасыздықпен қарсы алды.  Бұл қадамның логикалық жалғасы  Германияның 1939 жылы 1 қыркүйекте  Польшаға соғыс ашуы болды, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Польшамен келісіміне орай Германияға соғыс жариялады.  Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.

КСРО –ға қарсы соғыста «Барбаросса» жоспары дайындалды. Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді.

Сталиннің бейтараптық танытуының нәтижесінде «тұтқиылдан» 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 те басталған соғыс нотасын Мәскеудегі герман елшілігі бір сағат өткен соң ғана сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотовқа тапсырған. Қауіп-қатер алдымен географиялық орналасуына байланысты Белорусияға одан Украинаға төнді. Деректер бойынша соғыстың алғашқы сәттерінде кеңес әскері тәулігіне 24 мың әскерінен айрылып отырған. Жарты жыл ішіндегі адам шығыны 3млн. 138 мың болды. Немістердің қолына түскен кеңес әскерлерінің сұрауы болмады. Олардың құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау орнына түрлі жағдайлармен еліне аман оралғандар күдіктілер тізіміне алынып тергелді, лагерлерге айдалды немесе ату жазасына бұйырылды. Дерек көздері бойынша кеңес халқының 5,3млн адамы неміс Гестапосына тұтқынға түскен. Оларға кешірім Сталин өлген соң ғана берілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шыққан жаңа баспасөз бетіндегі жаңа мағлұматтар КСРО-ның әсіресе, Сталиннің соғыстың болатындығы туралы толық хабардар болғандығын мақұлдайды.

Соғыс жайына бейімдеудің ең күрделі буыны экономика саласы болды. Қысқа мерзімнің ішінде өнеркәсіпті қорғаныс өнімін шығаруға көшіруге, қайта құрылған зауыттар мен фабрикаларды дереу іске қосуға, республиканың материалдық-техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын соғыс экономикасының мұқтаждарына сәйкес қайта бөлуге, ауыл шаруашылығын майданға қызмет көрсетуге бейімдеуге тылдың жаңа гвардисын дайындауға тура келді. Соғыс қаупі төнген Ресейдің орталық аймақтарынан өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды:1941ж. соңынан-1942ж.басына дейін, 1942ж. басынан күзіне дейін. Қазақ жеріне Батыстан 230 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшіріліп әкелінді. Ірі өндіріс орындары негізінен Украина, Белоруссия, Молдавия, Ленинградтан көшірілді. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласының 54 зауыты және 4 фабрикасы болды.Олар:Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына орналастырылды. 1941-1945ж. Қазақстанда эвакуацияланған өндіріс орындарын қосып есептегенде 460 кәсіпорын пайда болды. Республика Одақ бойынша қорғасынның -85% мыс- 35%, молибден – 60%, висмут -65%,полиметалл кені- 79% берді.Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 34 млн. Тонна көмір өндірді, ал мұнай өндіру 39% өсті. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделді. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылыры, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000 тарта инженер-техник мамандар қоныс аударды. Халықтың осындай еңбегінің арқасында Қазақстанда өндірілген өнімдерді майданға уақытында жеткізіп тұрды. Қазақстан соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбегіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11650 сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы»деген жазумен Сталинград жұмыс істеп,металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн сом ақша жиналады. Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты колоннаны жабдықтауға жұмсалады. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады т.б.осындай патриоттық қадамдар көп жасалды. Ауыл шаруашылық саласыда соғыс жағдайына бейімделді. Қазақстанда соғыс жылдары 150 мың әйел механизатор мамандығын игерді. 1943 жылы құрғақшылық болды көптеген шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы "Құрман колхозының звено жетекшісі Ш. Берсиев тары шығымдылығынан, Қызылорда облысы Шиелі ауданынан Ы. Жақаев күріш өнімінен рекордын жасады. 1941жылы 29қырқүйекте Мәскеу конференциясы өтіп оған қатысқан АҚШ, Ұлыбритания мемлекет басшылары соғыстың бүкіл әлемге төндіріп отырған қаупін ескере отырып үш жақты келісімге келді. АҚШ пен Ұлыбритания КСРОға қару –жарақ ,азық- түлікпен көмектесуге міндеттеме алды. АҚШ ленд – линз бойынша өсім пайызынсыз 1млрд.доллар қарыз берді. Бұл мемлекеттер сөзінде тұрып КСРОға 13 мың танк, 22 мың ұшақ, 427мың жүк машинасын берді. Жапония соғысқа 1942 жылы 7желтоқсанда Гавай аралындағы АҚШтың басты ірі әскери- теңіз базасының бірі Перл- Харборды шабуылымен кіріп, екінші соғыс блогының құрылуына жол ашты.