Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.

Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады. Әлемде инновациялық қызметті қолдау тәжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын,тиімдісін елдің экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғат-климаттық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн деп есептейміз. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновациялық ынталандыру шараларын зерттеп, соған қарай инновациялық процестерді жүзеге асыру жүйесінің қазақстандық моделін қалыптастыруымыз қажет. Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс: -инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау; -өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру; -кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану; -отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру. Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады: -өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу; -халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы. Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады. 

88. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» (2004 ж. 19 наурыз) және оның маңызы.

Елбасымыз жылдар бойы өзінің әрбір Жолдауы мен халық алдында жасаған баяндамаларында балабақшалардың дамуын басты назарда ұстап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» Жолдауында «балабақшалар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білімді қалыптастыруға кірісуді» тапсырды. 2004 жылғы мамыр айындағы шетелдік инвесторлар мен ірі құрылыс компаниялары жетекшілерінің Астанада өткен кездесуіде Президент инвесторларға: «Муниципалды балабақшаларды көбірек салу керек және бұл жұмысқа бизнесмендерді тарту керек» деген үндеу тастады. 2004 жылғы қазан айында өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Елбасы «мектепке дейінгі білімді, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін барынша қолжетімді етуіміз керек» деп атап өтті. 2010 жылғы қаңтар айында Президент үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. «2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар, әлеуетіміз жоғары, мемлекеттік-жеке меншік әріптстік – бәрі бар»,-деп еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы мысалдарды ескере отырып, Елбасы қамқорлығының арқасында мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қалыптастыра алғанымызға көз жеткізе түсеміз. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оларға мектепке дейінгі жастағы балалардың шамамен 70 пайызы барады. Шетелдік ғалым-педагогтар да осындай баға беріп отыр. Осы салада жүрген әлемдегі ең үздік сарапшылардың бірі, Мектепке дейінгі білімнің халықаралық қауымдастығының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Кудрявцев: «Қазақстан алдағы жылдары мектепке дейінгі білім жүйесі құлдырағанын мойындап, оны «басынан бастап» қайта қалыптастыру міндетін қоюға қорыққан жоқ. Оның үстіне, бұл жоғарғы мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Және тек Ресей Федерация Білім және ғылым министрлігі үшін ғана жақсы үлгі емес... Осы сынды мәселелерді Президент Н.Ә. Назарбаев басты назарда ұстайды». Елбасы «Нұрлы жол» атты кезекті Жолдауында мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығын барынша азайтуды тапсырды. Ол үшін Президент 20 млрд. теңге қосымша қаражат бөлуді бұйырды. Демек, көп ұзамай ондаған балабақша ашылады деген сөз. Бұл балабақшаларды ашу барысында жергілікті органдар мектепке дейінгі осы мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілер мен меңгерушілердің кәсіби деңгейін де назардан тыс қалдырмауы шарт. Дұрыс іріктеу жасайтын, білімді жетілдіретін, әсіресе «Балапан» бағдарламасының аясында Президент балабақшалар жұмысшыларын тағайындау және аттестациялау жүйесін жасап шығаратын уақыт жетті. Педагогтарды ашық тестілеу мен сұхбат арқылы іріктеп алған дұрыс, соның арқасында олардың ой-өрісін, кәсіби белсенділігін және қаншалықты ақпараттанғанын анықтауға болады. Себебі, жас ұрпақтың бүгіні мен болашағы балабақшада олармен кімнің жұмыс істегеніне байланысты. Бүгінде дәл мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтар балалардың дамуына, олардың ары қарайғы мектепте озат оқуына, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жол салады. Ал балабақшаға кәсіби деңгейі жоғары тәрбиешілер келу үшін оларға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту керек. Олардың жалақысы еліміздегі орташа жалақымен сәйкес келетіндей болуы шарт.