Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktiki.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.03 Кб
Скачать

1.1 «Атф Банк» ақ-ның негізгі тарихи кезеңдері

«АТФБанк» акционерлік қоғамының негізі 1995 жылғы маусым айында, яғни ҚР Ұлттық Банкі «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ тіркеген кезде  қаланған. Сол жылы АТФБанкҚазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ  №59 Бас лицензиясын алды.  2001 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі»  ашық акционерлік қоғамы тіркелді, ал 2002 жылдың маусым айында  "АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылдың қазан айында «АТФБанк» АҚ-на қайта тіркеу жүзеге асырылды.

«АТФ Банк» АҚ өзінің даму және алға қойған мақсаттарына жету барсында көптеген тарихи кезеңдерен өтті. Сол кезеңдердің ең негіззілерін атап өтсек:

2013 жылы 2 мамырда «КазНитрогенГаз» ЖШС және UniCredit Bank Austria қазақстандық «АТФБанк» АҚ-ның 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының жеке капиталы мөлшерін құрады. Мәмілені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 29 наурызда мақұлдады.

2011 жылғы 16 қыркүйекте «АТФБанк» АҚ-на тиесілі «Банк Сибирь» ЖАҚ  акцияларының  100 % ЮниКредит Банк» ЖАҚ-на сату жөніндегі мәміле аяқталды. Мәміле сомасы  846 000 000 ресей рублін құрады. ЮниКредит тобының халықаралық тәжірибесіне сәйкес түрлі елдерде барынша  тиімді қызметке қол жеткізу үшін әрбір елде топ активтерін басқаратын бір банктің болуы шарт. Осылайша  өз қызметін Ресей аумағында жүзеге асыратын ЮниКредит тобының банкіне «Банк Сибирь» ЖАҚ табыстау мәмілесі бір ғана негізгі мақсатты көздеді, яғни UniCredit  тобының активтерін басқаруды оңтайландыруды, дәл осы жағдайда Ресей Федерациясында оңтайландыруды көздеді.

2007 қарашасында ЮниКредит Тобының (UniCredit Group) бөлімшесі болып табылатын   Кредитанштальт (ВА-СА) Австрия банкі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін «АТФБанк» АҚ-ң шығарылған акционерлік капиталы жалпы санының 91,8%  сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің шамалас құны 2,117 млн. АҚШ долларын құрады (ағымдағы бағам бойынша шамамен 1,452 млн. евро)

2007 жылғы 21 маусымда   Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық және банктік операцияларға арналған UniCredit Group бөлімшесі) мен "АТФБанк" АҚ жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу туралы келісімге қол қойды.

2006 жылдың қараша айында «EUROMONEY» алдыңғы қатардағы әлемдік қаржы басылымы  АТФБанкке «Еуропаның дамып келе жатқан елдері арасындағы корпоративтік басқару саласындағы үздік банк»  атағын берді.

2006 жыл мамыр айында «АТФБанк» АҚ 2016 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 350 миллион АҚШ доллары сомасына еврооблигацияларды шығару мәмілесін сәтті аяқтады.

2006 сәуір «АТФБанк» АҚ мен  Қазақстан Рсепубликасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі АТФБанк қызметінің мөлдірлігін арттыру мәселелері бойынша  Ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойды.

2006 наурыз Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық лигасы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстанның кіршіксіз бизнес кәсіпорындарының қауымдастығына мүше АТФБанкті Халықтық «Кіршіксіз» сапа таңбасымен және «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал еткені үшін» сертификатымен марапаттады. 

2005 қараша «EUROMONEY» алдыңғы қатардағы әлемдік қаржы басылымы  АТФБанкті Қазақстан Республикасының корпоративтік басқарудағы жетекші қаржы институты және  Қазақтанның шағын және орта бизнесіне арналған үздік банк деп таныды.

2005 қараша Ресей Федерациясының Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі берген рұқсаттарға сәйкес «АТФБанк» АҚ мен  «Сибирь»» ТҚК ЖАҚ  (Ресей Федерациясы) акционерлері арасында АТФБанктің  «Сибирь» Банкі акцияларының 100 % сатып алуы туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім шеңберінде АТФ Банк пен «Сибирь» банкі басшыларының Омбы облысының Губернаторы Л.К.Полежаевпен кездесуі өтті.

2005 қазан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Ресей Федерациясының Орталық банкі берген рұқсаттарға сәйкес «АТФБанк» АҚ Мәскеудегі (Ресей Федерциясы) Ресми өкілдігі ашылды.

2005 қыркүйек Қырғыз Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес АТФБанктің «Энергобанк» ААҚ  (Қырғыз Республикасы)  акцияларының жалпы алғанда 72,92% сатып алу туралы  мәмілелер жасалып, осы мақсатта екі елдің де банктік қадағалау органдарының барлық қажетті рұқсаттары алынды.

2005 маусым айы - АТФБанк негізі қаланғаннан бері өзінің бірінші он  жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойлық салнататтар  банктің өңірлік өкілдіктерінде өтті. Ресей эстрадасының майталманы  Игорь Николаев, аты аңызға айналған  «Машина времени» тобы мен жастардың кумирі  Глюкоза өз өнерлерін көрсеткен Астана мен Алматыдағы концерттер осы шараның шарықтау шегі болды.

Дәл осы кезде «АТФБанк» АҚ мен TEMENOS Group (SWX: TEMN)  АТФБанктің модульдік бағдарламалық жасақтама флагманы TEMENOS T24-ң қызметтерін  банктің бас офисінде және АТФБанктің 13 ЕКБ пайдалануын қарастыратын келісім-шартқа қол қойды.

2005 жылдың басында «АТФБанк» АҚ мен «Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумның  басты міндеті елдің қаржылық және білім беру   институттары арасындағы байланысты кеңейту болып табылады.

2004 қараша - «АТФБанк» АҚ Басшылығы бизнес жүргізудің  жаңа ұстанымының тұсауын кесті және елдің алдыңғы қатарлы қаржы институтының жаңа фирмалық мәнерін ұсынды:    «АТФБанк – сенімді өсімге арналған банк!»

2004 шілде айында «Кредиттік кеңсе және кредиттік тарихтарды құру» туралы заңға сәйкес Қазақстандағы ең бірінші кредиттік кеңсе құрылды. «Бірінші кредиттік кеңсе» ЖШС құрылтайшыларының бірі болып  «АТФБанк» АҚ табылады.

2004 мамыр - Қазақстан қор биржасы бірінші шығарылымдағы «АТФБанк» АҚ  халықаралық облигацияларын «А» санатындағы  KASE ресми бағалы қағаздар тізіміне енгізді.  KASE-те облигацияларға   ATFBe1 сауда коды берілді.

2004 сәуір - АТФБанк «Отан» ашық жинақтаушы  зейнетақы қорының» негізгі акционерлерінің біріне айналды. 

2004 наурыз - АТФБанк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2004 жылғы 01 наурыздағы № 239  ұлттық және шетелдік валютадағы банктік заңнамасымен қарастырылған операцияларды жүргізуге жаңа Лицензия алды.

2004 қаңтар - АТФБанк жаңа қызметті-«АТФ– ПОЛИС» СК-мен және «ОТАН» ЗҚ-мен бірлесіп  өткізілетін «Әріптес» бағдарламасын енгізетіні туралы жариялайды. «Әріптес» бағдарламасы клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған.

2003 желтоқсан - АТФБанк 2003 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карточкаларын ұстаушыларға арнап жаңа қызметті енгізді. Жаңа қызмет карточка ұстаушы шетелде болған кезде банкомат арқылы  карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «АТФБанк» АҚ қайта тіркеуді жүргізумен байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 08.12.2003 жылғы № 239   банктік заңнамамен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге лицензиясы алынды. 

2003 қараша банк жалпы мөлшері $62 млн құраған кезекті синдикатталған қарызды тартты. Синдикатқа 25 шетелдік банк қатысты. Қарыз алушының ұйымдастырушылары ретінде   ABN AMRO Bank голланд фирмасы болды. Қарыз  бір жыл мерзімге және дәл осындай мерзімге ұзарту мүмкіндігімен берілді.

2003 қазан - банк Қазақстандық франчайзинг қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, Қазақстанда алғашқы болып  белгілі әлемдік компаниялардың брендтерін  жергікті кәсіпкерлердің сатып алуын қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. «АТФБанк» АҚ мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылды.

2003 наурыз айында "АТФБанк" АҚ өзіне  "АТФБанк"  ашық акционерлік қоғамының еншілес банкі «Апогей Банкін» қосып алды.

2002 жылдың соңында АТФБанк Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау (барлығы республиканың батысында) және Батыс-Қазақстан облыстарының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

2002 маусым Банк атауының «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамынан «АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы болып өзгеруі.

2002 наурыз - «Апогей» банкі акцияларының 88,15% сатып алу. Банктің меншікті капиталын екінші шығарылымдағы  субординацияланған облигацияларды орналастыру есебінен 2002 жылдың басында шамамен 4,5 млрд. теңгеден 5,9 млрд. теңгеге дейін арттыру.

2002 ақпанында VISA Virtuon виртуалды карточкалары шығарыла бастады.

2002 қаңтар айында Алматы сауда-қаржы банкі  «Қазақстан  Халық Жинақ банкінің» акционеріне айналды.

2001 жылдың соңында "Казпромбанк" АҚ-ң Алматы сауда-қаржы банкіне қосылуының мемлекеттік тіркеуі жүргізілді.   

2001 қазан айында USD 5 000 000 сомаға негізгі соманы өтеу және 2000 жылғы қазан айында шығарылған атаулы купондық облигациялар бойынша сыйақы төлеу.

2001 қыркүйек Raiffeisen Zentralbank мен  Deutsche Bank ұйымдастырушысы болған USD 20 000 000 сомаға синдикатталған қарызды тарту.

2001 маусым 400 млн. теңге сомаға банктің алтыншы шығарылымдағы артықшылықты акцияларын табысты орналастыру.

2001 сәуір Қоғамның түрін өзгерту: Банк  «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамына айналды.

2000 қазанында көлемі USD 5 000 000 атаулы купондық облигациялардың бірінші шығарылымын табысты орналастыру.

1999 желтоқсан айы - VISA-International халықаралық төлем жүйесінің төлем карталарын және өз логотипі бар  жергілікті Altyn картасын шығару басталды.

1999 қыркүйекте Western Union (АҚШ) компаниясымен ынтымақтаса отырып, әлемнің 170 елінде банк шоттарын ашпай жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша жедел ақша аударымдарын жүзеге асыру басталды. 

1999 наурыз айында өз логотипі бар VISA-Classic, VISA-Gold мен VISA-Business халықаралық төлем карталары шығарыла бастады.

1998 желтоқсан - Алматы сауда-қаржы банкі Германия мен Қазақстан Республикасы арасындағы  Үкіметаралық қаржы ынтымақтастығы шеңберінде Германияның кредит желісінің (Kreditanstalt fur Wiederaufbau - KfW) қаржы операторы ретінде бекітілді. 

1998 қарашасында Қазақстанда  өз логотипі бар және салмағы 10 және 20 г-дық алтын құймалар барлық қалаушыларға сатыла бастады.   

1997 мамыр айында ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда- қаржы банкін  халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді.

1996 қараша - Алматы сауда-қаржы банкі Visa, EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карталарына қызмет көрсетуді бастады.   

1995 қараша - «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ  Қазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды.

1995 маусым - ҚР Ұлттық банкі «Алматы сауда-қаржы банкін» тіркеді.

Қазіргі таңда банк «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «Бірінші кредит беру кеңсесі ЖШС» (TFCB), «Қазақстандық ипотекалық Компания» АҚ, ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, Альянс-Полис және Alliance-Life ақтандыру компанияларының серіктесі болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]