Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
117___курсовой.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
376.83 Кб
Скачать

3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері.

Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартары комитеттері (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франия, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың ксіби бухгалтерлері арасындағы келісім нтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық ксіби бухгалтерлерлік үйымдар Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелерң ҚЕХСК-ның мүшелері болдыү

Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандартары комитеті барлық жерде қабылданып, ұстану үшңн 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап, жариялады жне ұсынды.

ҚЕХСК-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:

  • Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;

  • Ақпараттық жүйе құру приниптері;

  • Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;

  • Қаржылық есеп беру элементтері;

1997 жылдан бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде жасалған бухгалтерлік есептің стандарттары қолданыста жүр.

3.3.Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі

Ол мынандай аспектілерден тұрады:

  • Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпарат жинақтайды:

  • несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

  • субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;

  • субъектінің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

  • басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайда ол бақылайты экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілетттілік әсер етеді.

Өтімділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілеттілігін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

Түсініктеме жазбада пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымше мәліметтер болады.

  • Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленген:

  • субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге және саналық сипаттамаларға сәйкес жасалады.

Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.