Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
117___курсовой.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
376.83 Кб
Скачать

2.2. Қателерді түзету

Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.

Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуге болады. Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.

«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес елеулі қателер - өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезеңде табылуы, бұл қатенің елеулігі сондай, оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелінбейді.

«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» МСФО негізгі қателерге анықтау жүргізіледі. «Негізгі қателер – бұл ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулі қате. Оның елеулігі соншалықты, бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы кезеңдерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен қате ағымдағы кеезңде табылуы мүмкін». Қателер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:

  • Математикалық есептеулерде;

  • Есептік саясатты дұрыс қолданбаудан;

  • Ақпараттарды, алдауды немесе ынта қоймауды бұрамалап көрсету.

Бұл қателерді түзету таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды есептеуде ескеріледі.

«Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп ебру» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес және «Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» МСФО алдағы кзеңдерег қатысты қателерді түзетудің екі әдісі қарастырылған:

  • Бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрініс табу;

  • Таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды анықтауда қосу.

  1. Ағымдағы есептік кезеңдегі елеулі қателерді түзету:

2012

2011

Өнімді сатудан түскен табыс

193000

140000

Сатылған өнімнің өзіндік құны

160000

112000

Қызмететн түскен табыс

33000

28000

Корпоративтік табыс салығы

9900

8400

Таза табыс

23100

19600

  1. Бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен елеулі қателерге түзету жүргіземіз:

2012

2011

Есептік кезең басына – бөлінбеген табыс

47500

29000

Елеулі қателерді түзету (корпоративтік табыс салығын шегеру үшін)

(27000*30%=8100)

(27000-8100)

18900

Қайта саналған бөлінбеген табыс

28600

29000

Таза табыс

23100

19600

Есептік кезеңнің соңына – бөлінбеген табыс

51700

48600