Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
117___курсовой.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
376.83 Кб
Скачать

4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі.

Негізгі заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулерінде тәуелді заңды тұлғалардың инвестициясы консолидалынған қаржылық есеп беруінде «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі» деген БЕС сәйкс есепке алынуы мүмкін. Бұл жерде үлестік қатысу әдісін пайдланады. Тәуелді заңды тұлға бұл инвестордың біршама ықпалында тұратын тұлға және ол еншілес те, бірігіп бақылатын заңды тұлға емес болып табылады.

ҚРның заңдарына сәйкес егер басқа заңды тұлға оның дауыс беруші акциясының 20-50% дейін иелік етсе, онда ол тәуелді шаруашылық серіктестігі болып танылады. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің инвестициясы қаржылық есеп беру консолидациясына үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады, иек мына жағдайларды қоспағанда:

  • Инвестицияны жақын арада сату мақсатымен алынса;

  • Тәуелді шаруашылық серіктестігі қатаң шектелген ұзақ мерзімді жағдайда әрекеи ететін болса.

Егер де инвестор тәуелді шаруашылық серіктестігінің еншілес тұлғасының да акциясына бірдей иелік етсе, онда ол еншілес тұлғаға қатыстысын БЕС сай консолидациялайды, ал қалған бөлігін, яғни тәуелді заңды тұлғаның бөлігін үлестік қатысу жолымен консолидациялайды.

Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.

Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларын және қаржылық шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады.

Егер де олардың пайдаланған есеп саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.

4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері.

Өзінің қатысу үлесін есепеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын ШЖС «Бірлескен қызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылық есепте көрсету» деп аталатын БЕС басшылыққа ала отырып ұйымдық құқықтық нысанына тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.

Бірлескен қызмет жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.

Бірлескен қызмет бойынша қатысушылар өзініңқаржылық есеп беруінде және консолидалынған есеп беруінде танылуы тиіс:

  • Бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және міндеттемелерін өз жауапкершіліктеріне алады;

  • Бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтер әрқайсысының үлесі бойынша анықталады;

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналаған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.

Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылық есеп бергенде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:

  • Үлестік қатысушымен байланысты міндететменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ міндеттемелер;

  • Бірлескен қызметінің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттма беру және олардың тізімін келтіру керек;

  • Үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың жиынтық сомасы.