Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Iі вариант

Жұман үйі ескі әдетінше көшіп, ескі әдетінше қонып, ескі әдетінше әбігер еді. Бар әбігерліктің айыпкері Жұман байдың өзі болса да, тағы сол ескі әдет бойынша, бар салмақ Көпей бәйбішеге түсіп жатыр...

Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті...

Жұман отыратын жерге бір ояң кез келіпті...

Адалбақан уықтың қырына дұрыс бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті. Осының бәрі аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп, қылжақтап Сейіт келе қалыпты.

Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты. Іңір түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естіледі.

Осының қайсысына бастап бәйбішеге байланысарын біле алмай отырғанда, Жұманның қолына Көпей бәйбішенің өзі келіп ілінді, қапысыз ілінді... (Ғ.М.).

ІІІ вариант

Жұпыны болса да, бірыңғай орысша киінген үш жас жігіт қос қара кер жегілген әдемі тарантасты биік күрең қақпаға тірей тоқтатып еді. Қатты келген бойлары кілт тоқтатты: жетек ұшы қақпаны нұқып та қалды. Берік жабылған биік қақпа бөгемесе, кең қоршалған тас ауланың ортасында дәулет құдіретін көрсетіп тұрған күрең төбелі үлкен үйдің тап есік алдына барып тоқтардай екен. Бұлар байлық салтанатынан ығыспайтын жігіттер сияқты еді.

Қақпа алдын тегістетіп, едәуір жерге дейін құм төсетіп тастапты. Орыс адамдардың қолы оңай танылып тұр. Үй маңайы өте таза, айналасына бір малдың тісі де, тұяғы да тимеген сияқты.

Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты.

Жабайдың бетіне өз қолынан салған таңбасын Омар да көрді. Бұл онша емес екен деп өкінді. Шығып кеткен көзі шодырайып тұрады екен деп еститін еді, олай емес, тапталып барады екен. Шойнақ деуші еді, енді екі аяқ теңеліп кетуге жақын екен. (Ғ.М.).

1-семестр

Бірінші және екінші аралық бақылау формасы - компьютерлік тест

1-аралық бақылау үшін тест сұрақтары

1. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?

2. Тек жіңішке дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар?

3.Орфография дегеніміз не?

4.Орфоэпия дегеніміз не?

5.Сөздерді қандай жағдайда тасымалдауға болмайды? Нақты мысалдарды келтіре отырып, заңдылығын айтыңыз.

6.Қазақ тіліне ғана тән дауысты дыбыстарды көрсетіңіз?

7.Қазақ тілінде қанша әріп бар ?

8.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

9.-лар, -лер жалғауы қандай дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанады?

10. Көмекші есімдер дегеніміз не?

11. Кірме сөздер туралы не білеміз?

12.Көнерген сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

13.Оқшау сөзге қандай сөздер жатады?

14. Қыстырма (вводные) сөздің тыныс белгісі қандай?

15. Неологизмдерді табыңыз?

16. Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?

17.Тілдің негізгі қызметі қандай?

18. Азамат сөзінің аудармасы?

19. Үндестік заңы дегеніміз не?

20.Қандай сөздерде «й» қосарлы /ый/ дыбыстарын таңбалайды? Мысал келтіріңіз.

21.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөздерге мысал келтіріңіз.

22. Септіктер туралы не білеміз?

23.Ілік септігінің жалғауы қай сөзге жалғанған?

24.Табыс септігі жалғанған сөзді белгілеңіз?

25. Буын үндестігі дегеніміз не?

26.Үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз?

27. Жуан дауыстыларды көрсетіңіз?

28.Фразеологизм дегеніміз не? Анықтамасын айтып, нақты мысалдар келтіріңіз.

29.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

30.Қатаң дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз

31.Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.

32. Қазақ тілі туралы айтылған ғалымдардың пікірлерін айтыңыз.

33.Біріңғай жуан буыннан тұрған сөздерге мысал келтіріңіз.

34. «Жігерсіз адам» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз.

35. «Ештен кеш жақсы» мәтелінің мағынасын түсіндіріңіз.

36.Барыс септігінде тұрған сөздерге мысал келтіріңіз.

37.Зат есімнің сұрақтары қандай?

38.Антоним дегеніміз не?

39.Омоним дегеніміз не?

40.Синоним дегеніміз не?

41.Оқшау сөзге не жатады?

42. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы не білеміз?

43.Фонетика нені зерттейді?

44. Сөз таптары дегеніміз не? Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

45.Көмекші есімдердің қызметі қандай?

46. Одағай неше топқа бөлінеді?

47.Ақтөбедегі өнеркәсіптің қандай түрлерін білеміз?

48.Ненің қатысына қарай дыбыс жуан, жіңішке болып бөлінеді?

49.Тілдегі әріптердің барлық жиынтығы, олардың тізілу реті қалай аталады?

50.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

51.Қысқарған сөздер тобын көрсетіңіз.

52.Күрделі, тіркесті зат есімді табыңыз?

53.Туынды зат есімді көрсетіңіз?

54.Сын есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

55. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді көрсетіңіз.

56. Сын есім дегеніміз не?

57.Күрделі сын есімдерге мысал келтіріңіз.

58.Қатыстық, дара, туынды сын есімдерді көрсетіңіз.

59. Реттік сан есім дегеніміз не?

60.Жинақтау сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

62.Есім сөз табының орнына жұмсалатын сөз табы.

63.Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

64.Жіктеу есімдігі қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

65.Болымсыздық етістіктерін көрсетіңіздер.

66.Топтау сан есімдеріне мысал келтіріңіз.

67.Бөлшектік сан есімдер дегеніміз не?

68.Сабақты етістік дегеніміз не?

69.Ұяң дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.

70.Сын есімнің неше шырайы бар?

71.Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

72.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

73.Өзгелік етіс қандай жұрнақ арқылы жасалады?

74.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

75.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

76.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

77.Етістіктің неше шағы бар?

78.Өзгелік етіс деген не?

79.Ортақ етістің жұрнағын көрсетіңіз.

80.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөздерге мысал келтіріңіз.

81.Туынды етістіктерге мысал келтіріңіз.

82. Рай неше түрге бөлінеді?

83.Елітеуіш сөздердің анықтамасын айтыңыз.

84.Мемлекеттік рәміздер туралы не білесіз?

85.Күшейтпелі үстеулерге мысал келтіріңіз.

86.Зат есім тұлғасына қарай қандай түрге бөлінеді?

87.Дерексіз зат есімдерді көрсетіңіз.

88.Етістіктен зат есім тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

89.Туынды зат есімді табыңыз.

90.Сын есімді тіркесті көрсетіңіз.

2-аралық бақылау үшін тест сұрақтары

1.Болжалдық сан есім дегеніміз не?

2.Зат есім-зат есім үлгісімен құралған сөз тіркесіне мысал келтіріңіз.

3.Жедел өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз.

4.Қалау райдың жұрнағын көрсетіңіз.

5. Өзіндік етістің жұрнағын табыңыз.

6. Шылау дегеніміз не?

7.Әнұранның әнін жазған кім?

8.Шартты райдағы етістікті табыңыз.

9.Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіріңіз.

10.Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.

11.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалға мысал келтіріңіз.

12.Бірыңғай бітеу буынды сөздерді көрсетіңіз.

13.Жуан дауыстылардан болған буынды сөзді көрсетіңіз

14.Біріңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз

15.Омонимдерге мысал келтіріңіз.

16.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

17.Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

18.Ауыспалы мағыналы сөздерді көрсетіңіз.

19.Көмекші есім дегеніміз не?

20.Етістіктің ауыспалы өткен шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

21.Сан есімді тіркесті көрсетіңіз.

22.Одағай дегеніміз не?

23.Сингорманизм дегеніміз не?

24.Одағай неше түрге бөлінеді?

25.Ашық буыннан жасалған сөзді көрсетіңіз.

26.Бітеу буынды сөздерге мысал келтіріңіз.

27.Біріңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.

28. «Ұлы сөзде … … » деген мақалдың жалғасын табыңыз.

29. «Ана тілің-арың» деген өлең жолдарының авторы кім?

30.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.

31.Зат есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

32.Есімдік неше түрге бөлінеді?

33.Етістіктің шақтарына мысал келтіріңіз.

34.Есімше дегеніміз не? Жұрнақтарын жазыңыз.

35 Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтарын жазыңыз.

36.Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

37. Бейнелеуіш сөздерге мысал келтіріңіз.

38. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

39 Ілгерінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз.

40.Қай кезден бастап Қазыбек би Қаз дауысты Қазыбек би деп аталды?

41.Қай сөзде «и» қосарлы /ый/ дыбыстарына таңбалайды?

42.Қай сөзде «у» дыбысы дауыссыз?

43.Жіктік жалғауын көрсетіңіз?

44.Қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті аспабы қалай аталады?

45. Кейінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз.

46. Кейінді ықпалдағы сөзді белгілеңіз.

47.Кейінді ықпалды табыңыз.

48.Тек жуан дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар.

49.Тәуелдік жалғауын көрсетіңіз

50.Үндестік заңына /закон сингорманизма/ бағынбайтын қосымша.

51.Абай Құнанбаевтың туған облысы.

52.Орыс тілінен енген сөзді көрсетіңіз.

53.У дыбысының дауысты дыбыс орнына жұмсалып тұрған мысалын табыңыз.

54.Еліктеуіш сөздер дегеніміз не?

55.Белгісіздік есімдігін табыңыз?

56.Осы шақта тұрған етістігі бар сөйлемді белгілеңіз?

57.Екпін түспейтін сөздер қатарын көрсетіңіз.

58.Қысаң, езулік дыбыстарға мысал келтіріңіз.

59.Есімше тұлғалы етістікті табыңыз.

60.Дерексіз (абстрактное) зат есімді табыңыз.

61.Сөз басында кездеспейтін дыбысты табыңыз.

62.Есімдіктің мағыналық түрін анықтаңыз.

63. «Суға батпайды, отқа жанбайды» жұмбағының шешуін табыңыз.

64.Жатыс септігінің жалғауларын белгілеңіз.

65.Етістіктен зат есім тудырғыш жұрнақты көрсетіңіз.

66.Қазақ тілінің екпін заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.

67.Қазақ тілінде екпін көбіне қай буынға түседі?

68.Бір сөздің бірнеше мағынаны білдіруі қалай аталады?

69.Көмекші етістіктің қызметі қандай?

70. «Шық бермес Шығайбай» деп қандай адамды айтады?

71.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

72.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

73.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз?

74.І дыбысының жазылуын анықтаңыз.

75.Сын-қимыл үстеуін көрсетіңіз.

76.Зат есім тұлғасына қарай қандай түрге бөлінеді?

77.Сын есімді тап.

78.Мамандық түрін белгілеңіз.

79.Туынды зат есімді көрсетіңіз.

80.Туынды зат есімді (производные существительные) табыңыз.

81.Көмекші етістікті табыңыз.

82.Туынды етістікті табыңыз.

83.Одағай қатысып тұрған сөзді белгілеңіз.

84.Тіл туралы нақыл сөзді белгілеңіз.

85. «Ана тілі отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?

86.Көмекші болып қызмет атқаратын есім сөздер қалай аталады?

87. Шектес, шекаралас сөздерінің синонимін табыңыз.

88.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.

89.Қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді тап.

90.Мағынасы бар сөзді белгілеңіз.

91. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.

92. Жуан дауысты сөзде кездесетін дауыссыз дыбыс.

93.Жіңішке дыбысты сөзде ғана кездесетін дауыссыз дыбыс.

94. Туынды зат есімді жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз

95. Туынды сын есімді жасайтын жұрнақты табыңыз.

96.Белгісіздік есімдігін табыңыз.

97.Негізгі етістікті табыңыз.

98.Дара сын есімді табыңыз

99.Болжалдық сан есімді табыңыз

100.Күрделі сын есімді табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]