Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады. Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп- еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтылуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

2-тапсырма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен «байлық» сөзінің мағынасын анықтаңыз.

2-нұсқа.

1-тапсырма. Сөздік минимумды қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Табыс, кіріс, шығыс, шығын, өнім, өндіріс, төлем, табыскер, табысты,

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұлттық байлық дегеніміз не?

  2. Ұлттық байлықтың құрамына енетін қорларды атап шығыңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Табыс пен пайданың айырмашылықтары неде?

2-тапсырма. Таза табыс дегеніміз не?

4-нұсқа

1-тапсырма. Бағаны төмендету табысқа зиянды ма?

2-тапсырма. Белгілі бір жайтқа байланысты сауалнама жазыңыз

7- тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» ҚР Тілдер туралы заңының қай бабынан?

а) 6 б) 4 с)5 д) 8 е) 9

2. Іс-қағаздарының мазмұны мен қызметіне қарай бөлінуі

а) жеке адамға қатысты, қызметтік іс қағаздары б) алқалық, ұйымдық с) мерзімді, мерзімсіз д) жалпы, жалқы е) формальды, формальды емес

3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем?

а) жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады

б)жай сөйлемдерінде іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді

с) жай сөлемдерінің бірі екіншісіндегі ойды түсіндіреді

д) барлық жауап дұрыс

4. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемі сілтеу мәнді сөзден болса, қандай тыныс белгісі қойылады?

а) үтір

б) қос нүкте

с) сызықша

д) сызықша, үтір

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді?

а) 3 б) 2 с) 4 д) 5 е) 6

6. Жаңа мағына беретін жұрнақ

а) сөз қосушы б) сөз түрлендіруші с) сөз тудырушы

д) сөз жасаушы е) дұрыс жауап жоқ

8- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Экономикалық тәуелсіздік. Ұсыныс. Мінездеме

1-нұсқа

1-тапсырма. Мінездеме жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты сөздерді ретпен 3 топқа бөліп жазыңыз.

а) аударылмайтын терминдер

б) термин сөздер

с) терминдік сөз тіркестері

2-нұсқа.

1-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап әзірлеңіз

  1. Қазақстан қандай елдердің бірі?

  2. Қазақстан экономикасында нарық еркіндігін жасау неге байланысты межеленіп отыр?

2-тапсырма. Мәтіннен – лық, - лік – дық, - дік, -тық, - тік тұлғалы зат есімдермен сөйлем құрастырыңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Қай жылдан бастап мекемелерге жекешелендіру жүргізілді?

4-нұсқа

1-тапсырма. Еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруда қандай сектор биіктерге көтерілуде?

2-тапсырма. Қазақстан экономикасы үшін неге жол ашық?

8- тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Ұсыныс хаттардың жазылу мақсаты:

а)қызметкердің белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау

б) белгілі бір мекеменің иесіне мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады

с) белгілі бір ортаның атқаратын жұмысына байланысты мәселелерді жазбаша қарастырады

д) бір нәрсе жөнінде ақпарат береді

е) сұранысқа байланысты құрастырылады

2. Ұсыныс хатқа кім қол қояды?

а) ұсыныс жасаған адам б) мекеме басшысы с) кеңсе басшысы д) хатшы референт е) құрылымдық бөлімше басшысы

3. Ұйым, оқу орындарында белгілі бір адамды кәсіптік, біліктілік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі

а) өмірбаян б) жедел хат с) мінездеме д) сенімхат е) қызметтік хат

4. Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

а) 4 б) 6 с) 3 д) 5 е) 7

9 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Банк қызметі. Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың рәсімделуі

1-нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемдерді мәтіннің мазмұнына сәйкес толықтырыңыздар.

1) Халықаралық есеп айырысу банкі - ....

2) Ол 1930 жылы …...

3) Халықаралық есеп айырысу банкін құрудың мақсаты - …..

4) Оның клиенттері - ....

5) Базельде (Базель клубында) ай сайын өтетін мәжілістерде …..

2-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыздар, аударыңыздар.

ақша жүйелерінің

Ұлттық банктің несие тұрақты қызметін

негізгі міндеті банк қамтамасыз етеді

несие берушілердің операцияларды

салымшалардың жүргізетін

шетелдік валютаға банктердің

сатып алу-сату және ұйымдардың

айырбастау мүддесін қорғау

2-нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген сызба бойынша мәтін құрастырыңыздар.

Қазақстан ұлттық банкінің негізгі міндеттері

Ұйымдастыру

Қамтамасыз ету

Мүддесін қорғау

3-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініп, ат қойыңыздар.

Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып қарайды. Ұлттық банк жеке банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыздар.

9 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Қазақстанның Мемлекеттік банкі қай жылы құрылды?

а) 1996 ж. б) 1990 ж с)1994 ж. д) 1998 ж.

2. Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін ...... дейміз.

а) төл сөз б) автор сөзі с) төлеу сөз д) барлық жауап дұрыс

3. Қай жылдан бастап Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады?

а)1996 ж. б) 1990 ж. с) 1995 ж. д) 1998 ж.

4. Жазушының я сөйлеушінің өз сөзі

а) төл сөз б) автор сөзі с) төлеу сөз д)барлық жауап дұрыс

5. Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі міндеттері?

а) Ұйымдастыру б) қамтамасыз ету с) мүддесін қорғау д) барлық жауап дұрыс

6. Төл сөз автор сөзінен бұрын келгенін көрсетіңіз?

а) Аслан былай деді: «Әкеммен сөйлесіп көрейін».

б) «Әкеммен сөйлесіп көрейін», - деді Аслан.

с) Аслан: «Әкеммен сөйлесіп көрейін», - деді.

д) «Әкеммен, - деді Аслан, - сөйлесіп көрейін».

7. Қазақстан Ұлттық банкінің қызметтері?

а) ҚР мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу

б) ҚР қолданылатын банкнота мен монетаны эмиссиялау

с) Банктердің банкісі қызметін атқару

д) барлық жауап дұрыс

8. ҚР алтын валюта қорларын басқаратын банк?

а) АТФ банкі б) Казком банкі с) Қазақстан Ұлттық банкі д)барлық жауап дұрыс

9. Асты сызылған қандай сөз? – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? – деп ол сұрады менен.

а) автор сөзі б) төл сөз с) төлеу сөз д) барлық жауап дұрыс

10. Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі қай жылдары құрылды?

а) 1940-50 жж. б) 1930-87 жж. с) 1935-56 жж. д) 1988-99 жж

10- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Салық. Ақша қызметі. Өтініш. Арыз

1-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, сол бойынша мәтінді әңгімелеңіздер.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

  1. Салық мемлекеттің ... .

  2. Табыс салығы ... .

  3. Жер салығы ... .

  4. Көлік салығы ... .

  5. Мүлік салығы ... .

  6. Құнды қағаздарға салық ... .

  7. Отандық салық ісін жүргізу ... .

2-нұсқа.

1-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіздер.

Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественные налоговедение, прямые налоги, налог с дарений, налог на страхования, налог на передачу акции, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства, двойное налогооблажение.

2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.

Жер салығы, жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, заңды тұлға, жеке тұлға, қосымша құнға салынатын салық, салық саясаты, салық ставкалары, мүлік салығы, табыс салығы, бағалы қағаздарға салынатын салық.

3-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ыңғайлас, қарсылықты салаластарды табыңыздар. Жалғаулықтарының астын сызыңыздар.

2-тапсырма. Сөздікті жаттаңыз

салық – налог

салық салу – налогооблажение

табыс салығы – подоходный налог

бағалы қағаздарға салынатын салық – налог на ценные бумаги

жеке тұлға – частное лицо

жол салығы – налог на дорогу

заңды тұлға – физическое лицо

мүлік салығы – налог на имущество

төлем – оплата

жер салығы – налог на землю

10 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі

а) жарғы б) арыз с) хаттама д) сенімхат е) дұрыс жауап жоқ

2.Салық дегеніміз не?

а) кәсіпорындардан алынатын төлем түрі

б) ұйымдардан алынатын төлем түрі

с) халықтан алынатын төлем түрі

д) барлық жауап дұрыс

3.Мемлекеттік салықтарды көрсетіңіз?

а) табыс салығы б) қосымша құн салығы с) акциз салығы д)барлық жауап дұрыс

4.Пайдалы қазбаларды шығарумен байланысты төлем не деп аталады?

а)табыс салығы б) акциз салығы с) жер қойнауын пайдаланушыға салынатын салық

д) бағалы қағазға салынатын салық

5.«Көп нүкте, үтір, сызықша» қандай салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі?

а) себеп-салдар салалас б) талғаулы салалас с) кезектес салалас д)қарсылықты салалас

6.Жергілікті салықты анықтаңыз?

а) жер салығы б) табыс салығы с) қосымша құн салығы д) акциз салығы

7.Жеке мүлікке салынатын салық не деп аталады?

а) табыс салығы б) мүлік салығы с) көлік салығы д) жер салығы

8.Салық ставкасының неше түрі бар?

а) 3 б) 2 с) 1 д) 4

9.Салық ставкасының бірінші түрін анықтаңыз?

а) пропорционалды салық ставкасы

б) регрессивтік салық ставкасы

с) прогрессивтік салық ставкасы

д) барлық жауап дұрыс

10.Салық ставкасының қай түрі біздің елімізде қолданылмайды?

а) бірінші түрі б) үшінші түрі с) екінші түрі д) бірінші мен үшінші түрі

11- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақстанның географиялық орны. Өкімдік құжаттар. Бұйрық. Бұрыштама

1-нұсқа

1-тапсырма. Кесте бойынша әңгімелеңіз

Ғасыр

Зерттеген ғалымдар

Зерттеген жерлері туралы еңбектері

1. б.з.д. V-ғасыр

2. б.з. II-ғасыр

3. IX-X ғасыр

4. XIII-ғасыр

5. XV-XVII ғасыр 1762 ж.

6. XIX ғ. I-ші жартысы 1856-57 жж.

7. XIX ғ. 50-60 жж.

8. 1898-99 жж.

9. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басы

Геродот

К.Птоломей

Араб ғалымдары

Италия саяхатшысы Плано Карпини

Орыс ғалымдары

П.П.Рычков

П.П.Семенов

Ш.Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы

И.С.Берг, П.Г.Игнатьев, В.Д.Елпатьевский

Ф.Н.Краснов (ботаник, географ)

Жаратылыс зерттеушілер

К.Ф.Кесслер, Н.А.Северцев

Каспий теңізінің шығысындағы шексіз жазық дала

Жайық, Жем, Сырдария өзендері

Қазақстанның территориясына сипаттама

Қазақстан территориясына сипаттама

Қазақстан туралы географиялық мәліметтер

«Топография Оренбургская» кітабы

Тянь-Шаньға саяхаты

Жоңғар Алатауы, Іле өңірі, Жетісу, Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама

Солтүстік және орталық Қазақстанның ірі көлдері

Қазақстанның өсімдіктерін зерттеген (Алтай, Каспий жағалауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы)

Қазақстан территориясындағы жануарлар дүниесін зерттеген.

2-тапсырма. Үлгі бойынша сөз тіркестерінде сөз түрлендіруші және сөз тудырушы жұрнақтарды ажыратыңыздар, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Үлгі: қысқаша - ша – сөз түрлендіруші жұрнақ

Қысқаша сипаттама, Италия саяхатшысы, шексіз дала, географиялық қоғам, алғашқы еңбек, атақты саяхат, табиғи объектілер, белгілі болған, Орталық Қазақстан, ғылыми еңбек.

2-нұсқа.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан жерін алғаш зерттеген кім?

2. Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәліметтерді өз еңбектерінде кім берген?

3. Қазақстан туралы географиялық мәліметтер қандай әдебиеттерде келтірілген?

4. Қазақстан территориясын зерттейтін экспедициялардың саны нешінші ғасырда көбейе бастады?

5. П.П.Семенов қай жылдары өзінің атақты саяхатын жасады?

6. Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдерін кімдер зерттеген?

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Диалогты түсініп, өзара сөйлесіңіздер.

- Қазақстанда облыстардың құрылуы не себепті қажет болды?

- Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстанның халық шаруашылығының жақсы табыстарға жетуіне байланысты жаңа өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы орталықтары пайда болды.

-Тағы да қандай себептер болды?

-Жаңа жағдайда Республика органдарының аудандарды басқаруының ескі формалары өмір талабына толық сай келмеді. Сондықтан Республика органдарының басшылығын аудандарға жақындататын құрылым қажет болды.

- Алғаш рет облыстар қашан құрылды?

- 20 ақпанда 1932 жылы Орталық Атқару Комитетінің сессиясы шешімі бойынша 6 облыс құрылды.

- Олар қандай облыстар?

- Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары.

- Олар неше әкімшілік ауданнан құрылғанын білесің бе?

- Әрине білемін, орта есеппен 17-20 әкімшілік ауданнан құрылды.

- Облыстардың құрылуы Республикаға қандай жағдай туғызады?

- Республикамыз алға дамып, экономикамыз бен мәдениетіміздің өркендеуіне жақсы мүмкіндік береді.

3-нұсқа

1-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, жазып алыңыздар. Қарамен жазылған сөздердің жұрнақтарын анықтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]