Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

«Қазақ тілі» пәні бойынша презентациялауға ұсынылатын тақырыптар (1 семестр)

  1. Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

  2. Өз тіліңді құрметте

  3. Даналар айтты деген сөз

  4. Біздің ғасырымыз

  5. Болашақ дәл осылай болу керек

  6. Жастық. Қуат. Әрекет

  7. Сапар шегу және туризм

  8. Балалыққа саяхат

  9. Менің мұратым асыл

  10. Кереметтер елі деген – осы!

Орындалуына әдістемелік нұсқау.

  1. Тақырып таңдаңыз

  2. Таңдаған тақырып аясында иллюстративті, жазба материалдар жинақтап, сұрыптаңыз.

  3. Өз тұжырымыңызбен тақырыпты ашып, оны слайдқа түсіріңіз.

  4. Интернет материалдарын қолданыңыз, алайда сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

Бақылау жұмысының тапсырмалары (1-бақылау (1-семестр))

  1. Мәтін құрамынан асты сызылған сөздің дыбыстық құрамына талдау жасаңыз.

  2. Сөйлемге (сызба бойынша) лексикалық талдау жасау.

  3. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

  4. Зат есімдерді мағынасына, жасалу жолына, тұлғасына қарай талдау.

  5. Зат есімнің грамматикалық категорияларына талдау жасаңыз.

6. Бір вариантын аударыңыз немесе жекелеген сөздерінің аудармасын жасаңыз

І вариант

Жұман бай көш алдын Майқұдық бұлағына жақындай бергенде ғана қуып жетіп еді. Оған дейін Игілік көшінің қайда тартқанын болжай алмай әуре болды. Сүзісер жеріміз осы болар ма деп, Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші әрі асып кетті деген хабар алды. Көп салт аттының қоршауында кетіп бара жатқан, қос-қос түйе жегілген көк арбалы ұзын көш, алысқа тартқандай жинақы кетіп бара жатты. Сүріндірер жерім осы шығар-ақ деп, Соқыр өзеннен тосып еді, ол болжалы да дұрысқа шықпады. Сонымен, Жұман байдың жіпсіз жетеленіп, он екі күн көшіп, әрең аттан түсіп отырған ызалы жайы бар.

ІІ вариант

Жаңа жеккен ат басымен алысады. Ендігі кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей берем. Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас, яки көрсе де біраз уақыт сағынуға тура келер деген ой елестейді. Бірімізге біріміз сөйлеспесек те біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Бұрын түнде барғанда маңынан жүргізбейтін Есембектің аю төбеттері үріп алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, көздері бізде. Әңгімені соғып отыр. Кім біледі, әлде бізді мазақ қылып отыр ма?! Басына кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі қараша үйдің белдеуінде ботаны байлап, түйе сауып отыр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Бәрі де маған қуанышты секілді көрінді. Біздің кетіп бара жатқанымызға таңырқаған ешкім жоқ секілді, ұсталып айдалатынын әлдеқашан бірі де біліп қойған тәрізді. Бәрі де күліп жүр, бәрі де босап жүр...

Бірақ Шұға жоқ... (Б.М.).

Бақылау жұмысының тапсырмалары (2-бақылау (1-семестр))

1.Мәтінге аударма немесе жекелеген сөздеріне түсініктеме жасаңыз.

2. Мына мәселелерге анықтама беріңіз

    1. Етістіктің мағыналық, морфологиялық белгілері.

    2. Етіс категориясы. Рай категориясы. Шақ категориясы.

    3. Еліктеуіш сөздердің қолданыстағы қызметіне талдау жасаңыз. Шылау түрлері.Одағай сөздер. Модаль сөздер.

    4. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

    5. Сөздердің байланысу тәсілдері.

    6. Сөздердің байланысу түрлері.

3.Сөйлем түлеріне талдау жасаңыз.

І вариант

Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай балалары қалаға келсе, Тінібек байдың үйінде жатушы еді. Семейге Абайдан бұрын келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майбасар мен тілмаш, атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры көп. Соны көріп Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды. Орталық тұста Кәрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалар жоқ, ерлі-қатынды екі бас. Үш бөлмесі бар екен. Сол үйге түсті... (М.Ә.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]