Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Қажымұқан

Қажымұқан Мұңайтпасов ( 1871 – 1948 ) – қазақтың атақты палуаны. Классикалық күрестің асқан шебері. 1909 жылы Рига қаласында өткен дүниежүзілік біріншілікте 1-орын алды. 1911 жылы Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен марапатталған. 1909-11 жылдары Шығыс елдерін аралап, түрік және басқа күрес өнері дамыған елдер балуандарын түгел дерлік жеңіп, атағы одан әрі әйгілене түсті. 1913 жылы Троицк қаласында өткен халықаралық чемпионатта 18 балуанмен күресіп, жеңіске ие болды. Кабулда, Тегеранда, Харбинде «Қара Иван» деген атпен Ресейдің намысын қорғады. 1927 жылы Одақ көлемінде Орынборда өткен чемпионатқа қатысып, 1-орын алды. Осы жылы оған Қазақстан ОАН «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Қажымұқан өз өмірінде 48 алтын, күміс, қола медаль жеңіп алған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Астанада Қажымұқан атында көше бар.

2-нұсқа

2-тапсырма. Оқып, екеуара сөйлесуге жаттығыңыз. – Прочитайте и потренируйтесь в парах.

Сөйлесу – Диалог

-Асан, сен спортпен шұғылданып жүрсің бе ?

-Иә, шұғылданып жүрмін.

-Спорттың қай түрімен шұғылданып жүрсің?

-Мен жеңіл атлетикамен шұғылданып жүрмін.

-Спорттың осы түрімен айналысқаныңа көп болды ма ?

-Мен айналысқалы екі жыл.

-Жаттығуға аптасына неше рет барасың ?

-Аптасына үш рет барамын.

-Жарысқа қатысасың ба?

-Әлбетте, қатысамын.

3-нұсқа

1-тапсырма

«Мен болашақ білім беру жүйесін қалай елестетемін» тақырыбына эссе құрастырыңыз.

4-нұсқа

1-тапсырма

Білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер қорын теріп жазыңыз, белгілі адамдардың бұл тақырыптардағы қанатты сөздерін жинастырып жазыңыз.

6 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Сұраулық шылауы бар сөзді табыңыз

а) дегендей-ақ б) сол ма?

с) бөлме д) айтпа е) жасыру үшін

2. Түсірілген сөзді табыңыз: Білімді .... жығар.

а) мыңды б) жүзді

с) бірді д) бесті е) көпті

3. Отанға әрдайым теңестіретін қасиетті тұлға

а) от б) ана

с)су д) жер е) аспан

4. Отан елдің анасы, Ел - ... анасы.

а) баланың б) қыздың

с) ердің д) ұлдың

5. Ши дегеніміз не?

а) ұлттық аспап б) ұлттық үй жиһазы

с) ұлттық ойын д) ұлттық тағам е) ұлттық киім

6. Тіркесті сөзді табыңыз

а) ақ б) үйшік

с) қара торы д) қоңыр е) тас

7 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Жеке адам, топ және ұжым. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Есімдік, мағыналық топтары

1-нұсқа

1-тапсырма. «Көктем» туралы шағын әңгіме жазыңыз. – Напишите небольшой рассказ «Көктем».

2-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. – прочитайте текст, перескажите его.

Көктем – Весна

Көктем жаздың басы. Наурыз (март) , сәуір (апрель), мамыр (май) көктем айлары деп аталады. Наурызда күн жылына бастайды. Қар еріп, сай-салаға су толады. Қыс бойы қатып жатқан өзен, көлдердің мұздары бұзылады. Су жүреді. Жылы жаққа кеткен құстар қайтып келеді.

Көктемде егін, бақшалар егіледі. Колхоз малдары төлдейді. Ақ молаяды. Қыс бойы қысылған жан – жануарлардың бәрі де бой жазып, масайрайды. Көкке тойған малдың өлі жұндері түсіп түлейді.

Адамдар қыста киетін жылы киімдерін тастап, жеңіл киім киеді.

3-нұсқа

1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттығыңыздар.- Выразительно прочитайте стихотворение.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]