Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Глоссарий Макро каз 236

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
366.59 Кб
Скачать

ГЛОССАРИЙ

1

Абсорбция

отандық үй шаруашылығы, фирма, үкімет сатып алатын ЖІӨ бөлігі

2

Автономды инвестициялар

ұлттық табыстың өзгерісінен тәуелсіз инвестициялар

3

Автономды шығындар

жиынтық табыс көлемінен тәуелсіз орын алатын шығындар

4

Автономды шығындар мультипликаторы

теңдестік ЖІӨ көлемі өзгерісінің автономды шығындар өзгерісіне қатынасы, ол автономдық шығынның бір бірлікке өзгеруі ЖІӨ-ді қанша бірлікке өзгертетінін көрсетеді

5

Агрегатталған шамалар

біріктіріліп қарастырылатын макроэкономикалық шамалар

6

Ағым

уақыт бірлігіне есептелетін айнымалы шама, мыс., 1 жылдағы немесе 1 тоқсандағы жұмысынан айырылғандар саны

7

Ағыс («утечка»)

табыстың елден тыс жерде өндірілген өнімді алуға жұмсалуы

8

Адам капиталы

жеке тұлғаның бойындағы табыс әкелетін құндылық, ол кәсіпкерлік қабілеттілк пен талантты, білім мен дағдыны қамтиды

9

Айқын инфляция

экономикадағы орташа баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуі

10

Айналым моделі (үлгісі)

ақшалай табыс пен шығыстардың қарама-қарсы жүретіндігін және экрнрмикалық игіліктің айналып қозғалуын көрсететін үлгі

11

Акселератор

ұлттық табыстың өсуі әсерінен жаңа инвестициялардың қанша есеге өсетіндігін көрсететін коэффициент

12

Ақша

мәміле жасауға қажетті, өтімділігі жоғары қаржылық актив түрі

13

Ақша агрегаттары

ақша массасын өлшеу үшін қолданылатын көрсеткіштер, оларға М1, М2, М3, L агрегаттары жатады

14

Ақша агрегаты: М1

ќ±рамына банк ж‰йесінен тыс ќолма-ќол аќша, талап еткенге дейінгі депозиттер, жол чектері, таѓы басќа да чектік депозиттер кіретін агрегаттар

15

Ақша агрегаты: М2

М1 агрегаты мен чектік емес жинаќтау депозиттерін, аса ірі емес мерзімдік салымдарды ќамтитын агрегат

16

Ақша агрегаты: М3

М2 агрегаты мен ірі мерзімдік салымдарды, депозиттік сертификаттарды т.б. ќамтитын агрегат

17

Ақша агрегаты: L

ќ±рамында М3 агрегатымен ќатар ќазыналыќ жинаќтау облигациялары, ќысќа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер, акциялар, басқа да коммерциялыќ ќаѓаздар бар агрегат

18

Ақша айналымының жылдамдығы

белгілі бір уақыт аралығындағы (әдетте, бір жылдағы) ақша бірлігімен жасалынған айналым саны (яғни, ақша қатысқан мәмілелер саны)

19

Ақша базасы (МВ)

қолма-қол ақша (С) мен міндетті резервтер (R) жиынтығы, яғни MB=C+R

20

Ақша мультипликаторы (m)

ақша базасының бір бірлікке өзгеруі (артуы немесе азаюы) ақша ұсынысын (Ms) қалай өзгертетінін (арттырып немесе азайтатынын) көрсетеді, яғни m=

21

Ақша ұсынысы (Ms)

қолма-қол ақша мен депозиттердің (D) жиынтығы, яғни Ms=C+D

22

Ақшаға сұраныс (Md)

ақшаның белгілі бір қорына деген қажеттілік, ол халық пен фирмалардың қолма-қол ақша және чектік депозит түрінде сақтағылары келетін төлем құралдарының саны арқылы анықталады

23

Ақшаға сұраныстың себебі: алдын-ала сақтану

қолма-қол ақшаның болашақта орын алуы мүмкін кездейсоқ жағдай үшін қажет болуы

24

Ақшаға сұраныстың себебі: спекуляциялық (немесе активтер тарапынан болатын сұраныс)

ақшаның болашақта табыс әкелуіне байланысты сақтау

25

Ақшаға сұраныстың себебі: трансакциялық

ақшаның ағымдағы мәмілелер үшін қажет болуы

26

Ақшаның нейтралдығы

қысқа мерзімдегі ақша санының өзгерісінің нақты шамаларға әсер етпей, тек номиналды шамаға әсер етуі

27

Ақшаның өтімділік қисығы немесе Хансен моделі (LM)

ақша нарығындағы теңдестікке қол жеткізу үшін жиынтық табыстың өсуімен қатар пайыздық ставканың да өсуі керектігін көрсететін модель

28

Ақшаның фидуциарлық сипаты

банкнотаны ұстаушылардың ақшаға сенім білдіруіне байланысты ақшаның құнының болуы

29

Ақырғы тауарлар мен қызметтер

соңғы тұтынуға және экспорттауға қолданылатын тауарлар мен қызметтер

30

Алтын Стандарт

ұлттық валютаны алтынға сатып алуға болатын және алтынның бір елден екінші елге еркін ауысуына мүмкіндік бар жүйе

31

Амортизация

негізгі капиталдың тозу құны немесе өндірілген дайын өнімге берілген негізгі капитал құнының бөлігі

32

Амортизация нормасы

өндірілген дайын өнімге берілген негізгі капитал құнының пайыздық көрінісі

33

Аралас экономикалық өсу

өндіріс қуаттылықтарының қолданылатын өндіріс факторларының санын арттыру және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде артуы

34

Аралық тауарлар мен қызметтер

ақырғы өнім жасауға қажетті, бірақ құндары ЖІӨ құнына енгізілмейтін шикізат, материал, отын, энергия, сайман, тұқым, жарнама агенттігінің қызметі т.б.

35

Артық резервтер

коммерциялық банктің белгілі бір жағдайлар үшін қажетті, міндетті резервтерден артық қаражаттары, ол банктерді ақшаны айналысқа жіберуден түсетін табыстан айырады

36

Ашық нарықтағы операциялар

айналыстағы ақша көлемін арттыру немесе азайту мақсатында Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы және сатып алуы

37

Ашық экономика

ел үкіметі тауардың, қызметтің, валютаның және өндіріс факторларының сол ел мен басқа ел арасында еркін жылжуына кедергі келтірмейтін экономика

38

Баға

тауар құнының ақшалай көрінісі

39

Баға индексі

екі кезеңдегі тауар қоржынындағы тауарлар құынының өзгерісін есептеу үшін қажет индекс

40

Банк

заң шеңберінде салым қабылдап, сол салымдарды қайтарымдылық, ақылылық, мерзімділік шарттарымен несиеге бере алатын және заңда рұқсат етілген банктік операцияларды жүзеге асыра алатын мекеме

41

Банкаралық сауда

банктер арасындағы шетел валютасымен сауда жасау

42

Басқарылатын валюта бағамы жүйесі

басқарылатын бағам – бұл валюта нарығындағы қысқа мерзімдік тұрақтылыққа қол жеткізу тәсілі, яғни Орталық Банк айырбас бағамын тұрақты етіп белгілемейді, алайда айырбас бағамының күрт ауытқуының алдын-алу үшін валюталық интервенция жүргізеді

43

Баяу инфляция

экономикадағы орташа баға деңгейінің жылына орта есеппен 3-4%-ға өсуі

44

Биметаллизм

айналыста екі металдың: алтын мен күмістің қатар жүруі

45

Болжанылмаған инфляция

тұрақты табыстардың барлық түрін азайтатын, қарыз алушылар ақшаның құнсыздануы есебінен ұтып, қарыз берушілер ұтылатын күтілмеген инфляция

46

Бюджет артықшылығы

бюджеттің кіріс бөлігінің шығыс бөлігінен артуы

47

Бюджет-салық саясаты (фискалдық саясат)

ресурстардың толық жұмыспен қамтылуын, төмен инфляцияны және төлем балансының теңдесітігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің салық және шығындар арқылы жүргізетін шараларының жиынтығы

48

Бюджет тапшылығы

бюджеттің кіріс бөлігінің шығыс бөлігінен төмен болуы

49

Вагнер заңы (µспелі мемлекеттік белсенділік зањы)

µнеркєсібі дамыѓан елдерде мемлекеттік шыѓындар жиынтыќ табысќа ќараѓанда тезірек µсуі керек

50

Валюталық бақылау

ел мен шетел арасындағы мәмілені үкіметтің бақылауы

51

Валюталық интервенция

валюта нарығындағы айырбас бағамы тұрақты бағамнан ауытқыған кезде Орталық Банктің шетел валютасын сатып алатынын және өзінің халықаралық резерв көздерінен шетел валютасын сататынын білдіретін шара

52

Валютаның құнсыздануы (арзандауы)

икемді валюта бағамы кезінде шетел валютасы бағасының төмендеуі

53

Валютаның қымбаттауы

икемді валюта бағамы кезінде шетел валютасы бағасының көтерілуі

54

Валюта нарығы

шетел валютасының саудасы жүзеге асырылатын нарық

55

Венчурлық компаниялар

қаржы құралдарын ғылыми-техникалық жаңалықтарды дайындаумен және таратумен айналысатын кәсіпорындарға инвестициялайтын компаниялар

56

Гиперинфляция

(басқаруға келмейтін инфляция)

экономикадағы орташа баға деңгейінің жылына мыңдаған пайызға өсуі

57

«Голландық ауру»

табиғат ресурсы мол елдердегі байлық табиғат ресурстарының әлемдік бағасының жоғарлауы есебінен болатынын көрсететін жағдай

58

Градулизм

сұранысты ынталандыру мен ұсынысты ынталандыру шараларын қатар жүргізу негізінде жүзеге асырылатын инфляциямен күресу әдісі

59

Дағдарыс

сатылмай қалған тауарлардың қорының өсуі өндіріс көлемінің қысқаруына әкелетін экономикалық цикл сатысы. Бұл сатыда инвестициялар төмендейді, жұмыс күшіне сұраныс азаяды. Шикізатқа сұраныстың төмендеуі оның ұсынысын төмендетеді, несиеге сұраныс азаяды, нәтижесінде пайыздық ставка төмендейді. Құлдыраудың ұзаққа созылуы тауар бағасының өсуін баяулатады

60

Девальвация

тұрақты бағам жүйесінде валютаның басқа валютамен берілген бағасының төмендеуі

61

Дедукция (логикалық әдіс)

априорлық аксиомалы гипотезалар негізінде ойлауды, олардың көмегімен жалпы теорияларды шығаруды және әрі қарай теориялық деректерді практикада тексеруді көздейтін ғылыми әдіс

62

Дезинфляция

инфляция қарқынының төмендеуі

63

Демпинг

импорттық өнімді импорттаушы елдегі ішкі бағадан төмен бағамен сату

64

Депозиттеу коэффициенті (cr)

қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы:

65

Депрессия

ұлттық табыстың төмендеуі мен жұмыссыздықтың артуы баяулап, инвестиция көлемінің мәні нольге жақын болатын экономикалық цикл сатысы. Бұл сатыдағы экономика өндірістің тоқырауымен, сауданың бәсеңдігімен, бос ақша массасының көптігімен сипатталады

66

Дефляция

экономикадағы орташа баға деңгейінің төмендеуі, инфляцияға кері құбылыс

67

Дефляциялық үзіліс (жұмыссыздық аралығы)

Кейнс кресінде нақты өндіріс көлемі теңдестік деңгейден жоғары болған кезде тауарлар мен қызметтердің артық ұсынысының қалыптасуы Бұл құбылысты Дж.Кейнс “жұмыссыздық аралығы (үзілісі)” деп атады

68

Дискрециялыќ емес фискалдыќ саясат

мемлекеттік шыѓындар мен салыќтыњ жєне мемлекеттік бюджет сальдосыныњ жиынтыќ табыстыњ циклдік ауытќуы нєтижесінде автоматты т‰рде µзгеруі

69

Дискрециялыќ фискалдыќ саясат

ж±мыспен ќамту, µндіріс, инфляция, тµлем балансы дењгейлерін µзгерту мақсатында мемлекеттік шыѓындарды, салыќты, мемлекеттік бюджет сальдосын арнайы ‰кімет шешімдерініњ нєтижесінде µзгерту

70

Дотация

тауар мен ќызметтер нарыѓындаѓы с±раныс пен ±сынысты ±лѓайту маќсатында мемлекеттіњ µз ресурстарыныњ бµлігін кєсіпорындарѓа ќайтарымсыз беруі

71

Еңбек биржасы

жұмыс күші нарығында делдалдық қызметті, атап айтқанда, жұмыссыздар мен бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмыссыздар мен басқа тұлғаларды жұмысқа орналастыру, еңбек нарығының конъюктурасын зерттеу, ол туралы ақпарат беру, жұмыс жасағысы келетін тұлғаларды тесттен өткізу, жұмыссыздарға кәсіби бағдар беру және кәсіби қайта дайындау, жәрдемақы төлеу жүзеге асыратын мамандырылған мемлекеттік мекеме

72

Есептік ставка

Орталыќ банктіњ коммерциялыќ банктерге несие беруі кезіндегі белгілеген ставкасы

73

Жалпы ұлттық табыс

ел ішіндегі резиденттер меншігіндегі және басқа мемлекет аумағындағы өндіріс факторларымен құрылған барлық ақырғы тауарлар мен қызметтердің ағымдық нарықтық бағасы

74

Жалпы тепе-теңдік

барлық нарықтардың, секторлар мен салалардың үйлесімде дамуы (сәйкестігі), тұтас экономиканың ұтымды жағдайы

75

Жалпы ішкі өнім

(ЖІӨ)

белгілі бір уақыт аралығында (әдетте бір жылда) елдің ішінде өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтердің ағымдық жиынтық өндірісінің нарықтық бағасы

76

Жалпы ішкі өнім дефляторы

экономикадағы орташа баға деңгейінің өзгерісін көрсететін баға индексі

77

Жасырын инфляция

экономикада тауарлар мен қызметтердің тапшылығының орын алуы

78

Жеке жинақтау (Sp)

тұтынуға кеткен шығындар мен салықтарды шегергеннен кейінгі үй шаруашылықтарының табысы

79

Жеке табыс

ұлттық табыстан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорация пайдасына салынатын салықты, корпорацияның бөлінбеген пайдасын шегеріп, оған трансферттік төлемдерді қосу арқылы анықталатын шама

80

Жинақ

табыстың тұтынудан қалған бөлігі

81

Жинақтауға деген орташа бейімділік (APS)

жалпы табыстың (Y) пайызбен берілген жинақталатын бөлігі. Ол табыстың қанша бөлігінің жинақталатынын көрсетеді:

82

Жинақтауға деген шекті бейімділік (МРS)

жинақтаудың өсіміне кететін табыс өсімінің үлесі:

83

Жинаќтаудыњ «алтын ережесі»

капиталдыњ кетуі (амортизация) ќолда бар капитал арќылы ќ±рылѓан шекті µнімнен

(инвестициялауѓа деген шекті бейімділіктен) артыќ болмауы керек

84

Жиынтыќ с±раныс

экономикада µндірілген аќырѓы тауарлар мен ќызметтерге ж±мсалѓан барлыќ шыѓындардыњ сомасы

85

Жиынтық сұраныс (AD) ќисыѓы

‰й шаруашылығы, бизнес, ‰кімет жєне шетелдіњ жиынтыќ шыѓындарыныњ баѓа дењгейініњ µзгерісінен тєуелділігін кµрсетеді

86

Жиынтық ұсыныс

мүмкін болатын әр баға деңгейі тұсында нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны немесе экономикалыќ ж‰йеде белгілі бір баѓа дењгейінде µндірілген наќты µнім кµлемі

87

Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы

әр баға деңгейіне сәйкес келетін нақты өндіріс көлемінің деңгейін көрсететін қисық түріндегі модель

88

Жоғалту коэффициенті

инфляциямен күресудің тиімділігін сандық жағынан бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш

89

Жұмыс күші

жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны

90

Жұмыс күші қатарынан кеткендер

жұмысы жоқ және белсенді түрде жұмыс іздемейтіндер

91

Жұмысбасты

жұмысы бар және толық емес жұмыс күшімен немесе аптасымен қамтамасыз етілген адамдар

92

Жұмыссыздар

кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар

93

Жұмыссыздық деңгейі

елдегі жұмыссыздардыњ үлес, яғни,

U= * 100 %

94

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (NAIRU)

толық жұмысбастылық кезінде орын алатын жұмыссыздық, өткен он жылдағы және биылғы он жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейлерінің орташа мәні, ол фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық жиынтығынан тұрады

95

Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта бағамы

валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі теңдестік баға ретінде қалыптасатын валюта бағамы

96

Икемді монетарлыќ саясат

пайыздыќ ставканы белгілі бір дењгейде ±стап т±ру маќсатында ж‰ргізілетін монетарлық саясат, ол аќша айналысы жылдамдыѓыныњ аяќ астынан µзгеруінен саќтану ‰шін ќолданылады

97

Инвестиция

болашақта пайда табу мақсатында ағымдық кезеңде салынған күрделі қаржы

98

“Инвестиция -жинақ” (ІS) моделі (Хикс қисығы)

кейнстік теңдестік шарты тауар нарығындағы теңдестік жағдайдың көптігін көрсететін модель

99

Инвестициялауға деген шекті бейімділік

инвестицияның өзгерісінің ұлттық табыстың өзгеруінен тәуелділігін көрсететін көрсеткіш:

100

Индукция

фактілерді алдын-ала зерттеп, кейіннен солардың негізінде гипотеза, теория қалыптастыруға негізделетін ғылыми әдіс

101

Индуцияланған инвестициялар (Іu )

ұлттық табыс көлемінен тәуелді инвестициялар

102

Интенсивті экономикалық өсу

жетілдірілген өндіріс факторлары мен өндіріс технологиясын қолданумен байланысты және ресурстар нарығының көлемін арттыру есебінен емес, олардың қайтарымдылығын арттыру есебінен жүзеге асатын экономикалық өсу

103

Инфляция

экономикадағы орташа баға деңгейінің өсуі

104

Инфляция деңгейі

орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі, ол төмендегі формуламен есептеледі:

,

105

Инфляциялық аралық (үзіліс)

Кейнс кресінде нақты өндіріс көлемі теңдестік деңгейден төмен болған кезде тауарлар мен қызметтердің ұсынысының аз болуы

106

Инфляциялық салық

инфляция болған кезеңнің басындағы және соңындағы ақшаның сатып алу қабілеттіліктерінің арасындағы айырма

107

Инфляциямен біртіндеп күресу

біртіндеп күресу кезінде мемлекет ақша массасының өсу қарқынын аз-аздап, бірақ бірнеше мәрте төмендету арқылы инфляция деңгейін баяу азайтады. Бұл кезде өндіріс көп қысқара қоймайды

108

Инъекция

сырттан келетін табыстың бөлігі (инвестиция, мемлекеттік шыѓындар, экспорт)

109

Квази-аќша (жалѓан аќша)

М2 агрегаты мен М1 агрегатыныњ айырмасы

110

Квоталар

белгілі бір уақыт ішінде, мысалы бір жылда, елге әкелуге рұқсат етілген шетел тауарларының көлеміне сандық жағынан шектеу қою

111

“Кейнс кресі”

жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңдестігін көрсететін модель

112

“Кепілдеме берілген” өсу қарқыны

кәсіпкердің экономикалық өсуге қатысты жасаған болжамының орындалуы

113

Коммерциялық банк

басты міндеті халықтың жинағын және заңды тұлғалардан еркін ақша қаражатын тарту болып табылатын несие ұйымы

114

Күтілетін инфляция

бұл инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарының алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады

115

Қаржылар

салыќ салу процесінде жєне мемлекеттік шыѓындарды ж‰зеге асыру нєтижесінде ќалыптасќан экономикалыќ ќатынастар

116

Қаржылыќ ж‰йе

барлыќ ќаржылыќ ќатынастардыњ жиынтыѓы

117

Қарќынды инфляция

баѓаныњ жылына ондаѓан, ж‰здеген пайызѓа µсуі

118

Ќатањ монетарлыќ саясат

аќша массасын белгілі бір дењгейде ±стап т±ру маќсатында ж‰ргізілетін саясат, ол инфляция кезіндегі аќшаѓа деген с±раныстыњ µсуі т±сында ќолданылады

119

Қолда бар табыс (ҚБТ)

жеке табыстан физикалық тұлғаларға салынатын жеке салықтарды шегеру арқылы анықталатын шама немесе жеке азаматтардың салық төлегеннен кейінгі қолында қалған табысы

120

Ќормен ќаруланудыњ тењдестік дењгейі

инвестиция амортизацияѓа тењ болѓандаѓы капитал ќорыныњ кµлемі

121

Қосылған құн

фирманың тауарды сатудан түскен табысынан оның басқа фирмалардан сатып алған шикізаттары мен жартылай фабрикаттарының құнын шегеру арқылы анықталатын шама

122

Құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық

жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық түрі

123

Ќ±рылымдыќ тапшылыќ

мемлекеттік бюджеттіњ табысы мен шыѓыстары арасындаѓы айырма

124

Ласпейрес индексі

тұрақты тауар жиыны үшін анықталады, оның кемшілігі – есептеуде ағымдық кезеңде өндірілген игіліктердің көлемі () ескерілмейді:

125

Лаффер қисығы

салық ставкаларының артуы салықтық түсімдерді белгілі бір деңгейге дейін ғана арттырып, кейіннен төмендететінін көрсететін модель

126

Лоренц қисығы

қоғамдағы теңсіздік өлшемін анықтау үшін қолданылатын модель

127

Макроэкономика

тұтастай экономиканың іс-әрекетін немесе оның ірі агрегаттарын зерттейтін ғылым, бұл жерде экономика экономикалық процестер мен құбылыстардың және олардың көрсеткіштерінің жиынтығы түріндегі күрделі ірі иерархиялық ұйымдасқан жүйе ретінде қарастырылады

128

Макроэкономикалық теңсіздік

экономикада инфляцияның болуы, өндірістің құлдырауы, төлем балансының бұзылуы

129

Макроэкономикалық түзету

экспорттық табысты арттыру немесе импорттық шығындарды азайту шарасы

130

Маусымдық жұмыссыздық

жыл мезгіліне байланысты белгілі бір салалардағы өндіріс көлеміндегі ауытқулардың салдарынан орын алатын жұмыссыздық

131

Мемлекет

экономикалық процестердің барысына ықпал ету мен экономиканы реттеуде саяси және заңды құқы бар мемлекеттік институттардың, мекемелердің, ұйымдардың жиынтығы

132

Мемлекеттік бюджет

мемлекеттік аппаратты, елдегі ќарулы к‰шті, тєртіп саќтау к‰шін ±стап т±ру, єлеуметтік-экономикалыќ функцияны ж‰зеге асыру ‰шін ќолданылатын ‰кімет ќолындаѓы орталыќтанѓан аќшалай ресурстар ќоры

133

Мемлекеттік бюджеттіњ артыќшылыѓы

мемлекеттік бюджеттің табыстары шыѓыстарынан артыќ болѓан кезде орын алатын жағдай

134

Мемлекеттік бюджеттің тапшылыѓы

мемлекеттік бюджеттің шыѓыстары табыстарынан артып кеткен кезде орын алатын жағдай

135

Мемлекеттік жинақтау (Sg)

мемлекеттің жиналған салық түрінде алған табыстары мен шығындарының айырмасы

136

Мемлекеттік трансферттер

б±л мемлекеттік органдардыњ тауар мен ќызмет ќозѓалысына байланыссыз тµлемдері (жєрдемаќы, зейнетаќы, єлеуметтік саќтандыру тµлемдері)

137

Монометаллизм

жалғыз металдың айналыста болуы

138

Мультипикатор

көбейту, көбейткіш коэффициент, ол ұлттық табысты белгілі бір деңгейге өсіру үшін бастағы инвестицияны қанша есе арттыру қажеттігін көрсетеді:

139

Міндетті резервтер

коммерциялыќ банктердіњ депозиттерінен алынып, пайызсыз міндетті салымдар т‰рінде Орталыќ банкте ќ±рылатын сома

140

Міндетті резервтер нормасы

коммерциялыќ банктіњ депозитініњ кµлемінен алынатын соманыњ пайыздыќ кµрінісі

141

Нақты валюта бағамы

екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы

142

Нақты жалақы

номиналды жалақының сатып алу қабілеттілігі. Ол инфляциямен байланысты

143

Нақты жалпы ішкі өнім

тұрақты бағамен (базалық жыл бағасымен) берілген жалпы ішкі өнім

144

Наќты пайыздыќ ставка

пайыз түрінде алынѓан табыстыњ наќты сатып алу ќабілеттілігі

145

Наќты (икемді) шамалар

қысқа мерзімде тез өзгеретін шамалар: µндіріс, ж±мысбастылыќ, наќты пайыздыќ ставка

146

Несиелік мультипликация

коммерциялыќ банктердіњ аќша ±сынысын арттыруы

147

Номиналды (атаулы) жалақы

жұмыс берушімен тағайындалған, жұмысшылардың белгілі бір уақытта алатын еңбек ақысы

148

Номиналды (атаулы) жалпы ішкі өнім

ағымдық бағамен берілген жалпы ішкі өнім

149

Номиналды (атаулы) пайыздық ставка

несиелеу операциялары бойынша банктіњ белгіленген ставкасы

150

Номиналды шамалар

(«т±раќты» шамалар)

қысќа мерзімде баяу өзгеретін шамалар: баѓа, номиналды пайыздыќ ставка, номиналды жалаќы

151

Нормативті макроэкономика

экономика ‰шін ќажетті іс-єрекеттердіњ баѓытын ±сынады, яѓни экономика ќалай даму керектігін кµрсетеді

152

Оливер-Танзи єсері

инфляция ќарќыны µскен кезде салыќ тµлеушілердің салыќ тµлеу мерзімін ќасаќана созуы

153

Оукен заңы

циклдік жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты көрсететін заң, ЖІӨ қарқынының төмендеуі жұмыссыздықты қаншаға арттыратындығын көрсетеді:

= − β (U-U*)

154

Өмірлік цикл гипотезасы

тұтынудың тек ағымдық қолда бар табыстан емес, тұлғаның өмірлік циклінде алынатын табысқа байланысты екендігін көрсететін тұжырым

155

¤ндіріс ауќымынан болатын ‰немдеу

µндіріс кµлемін арттырѓан сайын єр µнімге ж±мсалатын шыѓындардыњ азаюы

156

Өрлеу

бұл сатыда экономикалық көрсеткіштердің бәрі бағыттарын өзгертеді, табыс пен жұмысбастылық өсе бастайды

157

Өсудің “табиғи” қарқыны

белсенді халықтың өсуі мен техникалық прогресс нәтижесінде болатын ең жоғарғы қарқын

158

Өтімділік т±заѓы (µтімділік торы)

Орталық банктің пайыздық ставканы түсіру үшін ақша ұсынысын шексіз арттыруы пайыздыќ ставканы єрі ќарай тµмендете алмайтындығын көрсететін модель

159

Пааше индексі

ЖІӨ дефляторына сәйкес келеді және өзгеретін тауар жиыны үшін есептеледі. Оның кемшілігі – есептеуде базалық кезеңде өндірілген игіліктердің көлемі () ескерілмейді:

160

Перманентті табыс гипотезасы

тұтынудың тұрақты болуын тұтыну шығындарыныњ үй шаруашылығының ағымдық табысына емес, бірнеше жылдар бойы қалыптасқан орташа табысына тәуелді екендігін түсіндіретін тұжырым

161

Позитивті макроэкономика

наќты экономикалыќ ќ±былыстар мен олардыњ байланысын оќытады, яѓни экономиканыњ ќандай жаѓдайда екендігін кµрсетеді

162

Портфельді (қаржылық) инвестиция

бағалы қағаздарға қаражат салу

163

Потенциалды жалпы ішкі өнім (немесе экономикалық әлеует)

ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы тұсында өндірілген өндіріс көлемі

164

Протекционизм

отандық өндірушілерді шетел бәсекесінен қорғау саясаты, ұлттық экономиканы ынталандыру және оны сыртқы бәсекеден қорғау мақсатында жүргізілетін шаралар

165

Ревальвация

тұрақты валюта бағамы жүйесінде ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарлауы

166

Резиденттер

сол елде бір жылдан артыќ тұратын немесе µндірістік ќызметпен айналысатын (азаматтыѓына байланыссыз) барлыќ экономикалыќ бірліктер (кєсіпорын, ‰й шаруашылыѓы)

167

Ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы (толық жұмысбастылық)

экономикалық теорияда өндірістік қуатылықтардың жалпы көлемінің 80-90%-ының ғана жұмыспен қамтылуы

168

Салық

елдегі заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде алынып, мемлекеттік бюджеттіњ кіріс бөлігін құрайтын қаражаттар

169

Салыстырмалы артықшылықтар тұжырымы

өнімді өндіру тұсында өндіріс факторларын аз жұмсайтын елдің әлемдік нарықта артықшылыққа ие болуы

170

Салыстырмалы табыс гипотезасы

тұтынудың жеке тұлға табысының жалпы табыстар шкаласындағы орнына тәуелді екендігін түсіндіретін тұжырым

171

Сатып алу қабілеттілігінің паритеті

әр валютаның сатып алу қабілеттілігін теңдестіретін айырбас бағамының деңгейі

172

Сауда саясаты

салық, субсидия, импорт пен экспортты тікелей шектеу арқылы жүргізілетін үкіметтің бюджет-салық саясатының бір бағыты

173

Сеньораж

аќшаны басып шыѓарудан мемлекетке т‰сетін пайда, ол аќша массасыныњ µсу ќарќыны наќты ЖІ¤ ќарќынынан асып кеткен жаѓдайда туындайды

174

Синтез

құрамдас бөліктерді жинақтауға, біріктіруге негізделген ғылыми әдіс

175

Сұраныс инфляциясы

(тұтынушы инфляциясы)

жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алатын инфляция. Оның қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвестицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді

176

Стагнация

жұмыссыздықтың өсуі және өндірістің құлдырауы

177

Стагфляция

стагнация мен инфляцияның қатар жүруі

178

Субвенция

наќты бір маќсатќа баѓытталѓан субсидияның түрі

179

Субсидия

жергілікті бюджеттіњ тапшылыѓын жабу немесе белгілі бір маќсаттаѓы мемлекеттік баѓдарламаны ж‰зеге асыру ‰шін мемлекеттіњ ж±мсаѓан ќаржылыќ шыѓындары

180

Сыртќы ќарыз

бюджет тапшылыѓын жабу ‰шін шетелден алынатын қарыз

181

Сілкініс

жиынтыќ с±раныс пен жиынтыќ ±сыныстыњ к‰рт µзгеруі

182

«Сілкіністі терапия»

қатаң монетарлық саясат арқылы жүргізілетін инфляциямен күресу әдісі, ол инфляцияның шапшаң төмендеуіне әкеледі, бірақ бұл кезде өндіріс көлемі де айтарлықтай төмендейді. Бұл әдіс тұсында баға еркіне жіберіледі, ақша массасының өсуі қатаң түрде шектеледі, бюджет, негізінен, шығындарды қысқарту есебінен балансталады

183

Сэйдің заңы

Ж.Б.Сэйдің айтуынша, “өнім басқа бір өнімдерге айырбасталады”, яғни өндіруші өз өнімін сата отырып, одан т‰скен табысына басқа өнімді сатып алады

184

Таза инвестициялар

бұл инвестициялық тауарлардың (капитал игіліктерінің) қорының өсімі

185

Таза шетел активтері

ел резидентінің қолындағы шетел активтері сомасынан шетелдіктер қолындағы ұлттық активтердің сомасын шегеру арқылы анықталатын шама

186

Таза ішкі өнім (ТІӨ)

жалпы ішкі өнімнен амортизация сомасын шегеру арқылы анықталатын шама

187

Талдау

егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында зерттеу пәнін (затын) құрамдас бөліктерге ойша бөлу негізінде жүргізілетін ғылыми әдіс

188

Тариф

импортқа салынатын кедендік баж салығы

189

Теңдестік қарқын

барлық өндіріс қуаттылықтары толық қолданылған тұстағы экономикадағы нақты табыстың өсімі

190

Тиімді сұраныс

тауар және ақша нарықтарындағы теңдестік тұсына сәйкес келетін тауар нарығындағы жиынтық сұраныстың шамасы

191

Төлем балансы

елдің резиденттері мен шетел арасындағы белгілі бір уақытта жүргізілетін экономикалық мәмілелер нәтижесін жүйелі түрде жазу

192

Төлем балансының артықшылығы (профицит)

инвестиция мен жинақтың айырмасы және таза экспорттың қосындысы оң сан болған жағдайда орын алады, яғни

193

Төлем балансының бабы:дебет

сырттан келген құндылықтар көрсетілетін төлем балансының бабы

194

Төлем балансының бабы: кредит

елден кететін құндылықтар көрсетілетін төлем балансының бабы

195

Төлем балансының есеп сальдосы

кредит пен дебет арасындағы айырма

196

Төлем балансының тапшылығы (дефицит)

инвестиция мен жинақтың айырмасы және таза экспорттың қосындысы теріс сан болған жағдайда орын алады, яғни

197

Тұрақтандыру саясаты

сілкіністерді «залалсыздандыру» мен экономикадағы ауытқуларды жоюға бағытталған макроэкономикалық саясат

198

Тұрақты валюта бағамы

Орталық Банкпен белгіленген ұлттық валюта бағамы, ОБ кез-келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген бағам бойынша сату және сатып алу міндеттемесін өз мойнына алады

199

Тұтыну (С)

белгілі бір уақыт аралығында үй шаруашылығымен тұтынылған тауарлардың жалпы саны немесе төлемқабілетті сұраныстың көрінісі

200

Т±тыну баѓаларыныњ индексі

тауар мен ќызметтер ќоржынына кіретін орташа табысы бар қалалық жанұялар тұтынатын тауарлар мен қызметтердің орташа баѓа дењгейініњ µзгерісін кµрсететін көрсеткіш

201

Тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС)

табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсететін көрсеткіш немесе тұтынуға жұмсалатын жалпы табыстың пайызбен берілген үлесі:

202

Тұтынуға деген шекті бейімділік (МРС)

табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретініндігін көрсететін көрсеткіш немесе тұтыну өзгерісінің табыс көлемінің өзгерісіне қатынасы:

203

Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ)

бір жылдағы ЖІӨ-ді өндіру, бөлу және ақырғы қолдану процесін сипаттайтын бухгатерлік шоттар нышанындағы кестелер жүйесі

204

Ұлттық жинақтау

тұтыну мен мемлекеттік сатып алу көлемдерін шегергеннен кейінгі қалатын экономикадағы жиынтық табыс

205

Ұлттық табыс (ҰТ)

таза ішкі өнімнен жанама салықтарды шегеру арқылы анықталатын шама немесе өндіріс факторларын жеткізушілердің ағымдағы өндіріске қатысудан алатын жалақы, рента, пайыз және пайда түріндегі табыстары (немесе өндіріс факторларының нарықтық бағасының құны)

206

Үй шаруашылығы

өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ел ішіндегі барлық жеке шаруашылық бірліктерін қамтитын, дербес, ұтымды әрекет жасаушы макроэкономикалық агент

207

Үлкен экономика

экономикалық конъюнктурасының өзгерістері әлемдік саудаға тартылған басқа елдердің экономикасына ықпал ететін экономика

208

“Үнемділік парадоксы”

қоғамның жинақтауға тырысуы кейіннен жинақтың қысқаруына әкеледі. Жинақтаудың өсуі кезінде инвестиция көтерілмесе, жалпы ішкі өнім азаяды, бұл ұлттық табысты азайтады

209

Филлипс қисығы

жиынтық ұсыныстың басқаша көрінісі және ол қысқа мерзімде инфляция динамикасы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді

210

Фирмалар

экономикалық іс-әрекетінің мақсаты пайданы және сұранысты барынша арттыруға бағытталған дербес, ұтымды әрекет ететін макроэкономикалық агент

211

Фискалдық рестрикция (тежеуші бюджет-салық саясаты)

экономикалық циклдың өсуін шектеу мақсатында мемлекеттік шығынды төмендетіп, салықты арттыру немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің фискалдық саясаты

212

Фискалдық экспансия (ынталандырушы бюджет-салық саясаты)

экономиканың циклдық құлдырауын жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салықты төмендету немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатын үкімет саясаты

213

Фишер индексі

Ласпейрес индексі мен Пааше индекстерінің кемшіліктерін жою үшін қолданылады:

214

Фрикциондық жұмыссыздық

адамдардың бір аймақтан басқа бір аймаққа көшуімен, мамандығының ауысуымен, кәсібін ауыстырғысы келетіндердің жұмысқа орналасудағы қиыншылықтармен, оқуымен, бала к‰туімен байланысты орын алатын жұмыссыздық түрі

215

Фритрейд

мемлекеттің еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарлар мен қызметтер және шетел валютасы жолындағы барлық кедергілерді жоюы

216

Халықаралық еңбек бөлінісі

нарықтық айырбасқа негізделген белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндірісіне елдер мен аймақтардың мамандануы

217

Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі

халықтың жалпы санындағы экономикалық белсенді адамдар санының үлесі

218

Хеджерлік қорлар

бағаның мүмкін болатын ауытқуларынан келетін зиянды қысқарту мақсатында валютаны, бағалы қағаздарды, тауарларды параллельді түрде сату-сатып алу көмегімен валюталық және бағалық тәуекелдерді сақтандыруға маманданған кәсіпорындар

219

Хикс (IS) қисығы

тауар нарығындағы теңдестік қисығы, оның кез-келген нүктесінде инвестиция мен жинақ тең болады

220

Хикс-Хансен үлгісі

(IS-LM үлгісі)

жиынтық сұраныс функциясын анықтайтын экономикалық факторларды табуға мүмкіндік беретін тауар-ақша теңдестігінің үлгісі ол экономиканың нақты нарығында және ақша нарығында қалыптасқан жағдайларға байланысты пайыздық ставка мен табыс деңгейінің теңдестік мәндерін анықтайды

221

“Храповик єсері”

с±раныс азайѓанымен шикізат баѓасы, т±раќ-жайды жалѓа алу баѓасы, жалаќы кµлемі туралы келісім-шарт жасасып ќойѓандықтан баѓаның б±рынѓы к‰йінде ќалатынын көрсететін құбылыс

222

Циклдік жұмыссыздық

экономикалық конъюнктураның ауытқуымен байланысты, құлдырау сатысында тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың азаюы нәтижесінде болатын жұмыссыздық түрі, ол жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады:

U-U*

223

Циклдік тапшылыќ

салыќтыќ т‰сімдердіњ тµмендеуі жєне єлеуметтік тµлемдердіњ µсуі кезінде орын алатын жағдай

224

Шағын ашық экономикалы ел

әлемдік пайыздық ставканы, әлемдік баға деңгейін берілген шамалар ретінде қабылдайтын және олардың өзгерістеріне ықпал ете алмайтын экономика

225

Шетелдік сектор

басқа әлем елдерін біріктіретін және осы елмен өзара іс-әрекетті жүзеге асыратын дербес, ұтымды әрекет ететін макроэкономикалық агент. Ол елден тысқары, тұрақты орналасқан барлық экономикалық субъектілерді, шетелдік мемлекеттік институттарды біріктіреді

226

Шығындар (ұсыныс) инфляциясы

өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайтын инфляция

227

Шың

экспансия сатысының жоғары нүктесі

228

Ығыстыру әсері

мемлекеттік шығындар артуы мен салықтың төмендеуі нәтижесінде орын алатын ынталандырушы бюджет-салық саясатының басты проблемасы

229

Ішкі мемлекеттік ќарыз

бюджет тапшылығын жабу үшін халықтан алынатын қарыз, бұл халыќтыњ арасындаѓы табыстыњ ќайта бµлінуіне єкеледі

230

Экономикалық белсенді емес халық

жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер: 16 жасқа дейінгі адамдар, күндізгі оқу орындарының оқушылары мен студенттері, еңбекке қабілетсіз адамдар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, жұмыс іздеуін тоқтатқан адамдар, жұмыс жасауды қажетсінбейтін адамдар (табыс көзінен тәуелсіз адамдар)

231

Экономикалық белсенді халық

тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін жұмыс күштерін ұсынатын еңбекке қабілетті азаматтар бөлігі

232

Экономикалық мәміле

кез-келген құн айырбасы, бір ел резиденттерінің екінші ел резиденттеріне тауарларға, түрлі активтерге деген меншік құқығын беріп, экономикалық қызмет көрсетуі

233

Экономикалық өсу

нақты ЖІӨ-нің артуының ұзақ мерзімді тенденциясы немесе экономикадағы нақты табыстың артуы, сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің өсуі

234

Экономикалық цикл

жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқуы

235

Экспансия

жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, ескілерінің жаңартылуымен, өндірістің, жұмысбастылықтың, инвестиция көлемінің, жеке табыстың өсуімен басталатын экономикалық цикл сатысы, бұл сатыда сұраныс пен баға көтеріледі. Саты жоғары деңгейде жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттылықтарының шамадан тыс жүктелуімен аяқталады. Сатының соңында баға деңгейі, жалақы ставкасы, пайыздық норма жоғары мәнге жетеді

236

Экстенсивті экономикалық өсу

қосымша ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылып, қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпейтін экономикалық өсу