Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

деби тіл 5кл

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
33.14 Кб
Скачать

Күні: 04.09.2015ж Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «а»

Тақырыбы: Әдеби тіл туралы түсінік Әдеби тілдің жазу мен сөйлеудегі мәні

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл,оның формалары туралы мағлұмат беру арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізу;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Сергіту сәті.

Өзіңе тілегенді – өзгеге тіле

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ

Әдеби тіл-күнделікті ауызекі сөйлеу түрінен жоғары көркем тіл. Ол -сол халықтың бәріне ортақ түсінікті тіл.

Мұғалім екі мәтінді оқиды.

І.Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше,ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де енш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын.Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі өзгермеген,ана жүрегіндей айнымас жыр. (М.Әуезов.)

ІІ. ... Бір уақытта бай бәйбішесін оятады.

-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез! Уақытымен асымызды жегізбеді ғой ит!-дейді.

... –Қазы орнына шандыр бердің, май орнына тезек бердің, алжыған!..-деп ,аяқпен кемпірін бір тебеді.

Кемпірінің басы жарылып, ойбайлап қалады.

«Ой қозғау» сәті

Екі мәтіннің қайсысын әдеби тілге жатқызуға болады? (Оқушылар тірек сызбаны дәперлеріне жазады.)

тұрпайы сөздер

әдеби тілге жатпайды

диалект сөздер орысша сөзді

араластырып сөйлеу

былапыт сөздер

ІҮ. Бекіту сабағы

5-жаттығу.Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар. (жазбаша)

Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.

6-жаттығу. Мәнерлеп оқып, екі жаттығудың пікірінде қандай ортақ ой бар екенін айтыңдар.(ауызша)

Сабақты қорытындылау :

ауызша тіл ұқсатығы жазбаша тіл

Ү. Үйге тапсырма

7-жаттығу.Мәтінді қатесіз көшіріп жазыңдар.

Тіл,сөз туралы ойдан 2-3 мақал ойлап жазыңдар.

8-жаттығу. Берілген пікірлерден бір ұнағанын жаттаңдар. (ауызша)

ҮІ. Бағалау