Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

деби тілді формалары

.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
24.08 Кб
Скачать

Күні: 07.09.2015ж Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің формалары

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы әдеби тілдің мәнін түсіндіру;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

7-жаттығу.Мәтінді қатесіз көшіріп жазыңдар. Тіл,сөз туралы ойдан 2-3 мақал ойлап жазыңдар.

8-жаттығу. Берілген пікірлерден бір ұнағанын жаттаңдар. (ауызша)

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Әдеби тіл-күнделікті ауызекі сөйлеу түрінен жоғары көркем тіл. Ол -сол халықтың бәріне ортақ түсінікті тіл.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді:

Жазбаша Ауызша

тіл тіл

Әдеби тіл

(Баланың ата-анасымен (газет-журналдарды,

әңгімелесуі) кітап оқу)

Жаттығу жұмыстары

.

9-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

«Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.(аузыша)

3,6,7- сөйлемдерді сөз таптарына талдаңдар.

Үлгі:

Сөйлем

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Есімдік

Үстеу

Шылау

Оқшау сөз

Елік-теу сөз

Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы

Өлең,сөз,

патша,сара

-

-

-

-

-

-

-

-

Сөзтүзелді,тың-даушы, сен де түзел

Көркем сөз-көрікті ойдың жемісі

10-жаттығу. Қалай ойлайсыңдар, сөйлеу түрінің қайсысы бұрын шыққан?

Үлгі: Меніңше, ең әуелі ... сөйлеу пайда болған да, содан кейін ... сөйлеу шыққан.

Себебі ...

ІҮ. Бекіту:

Әдеби тілдің ерекшелігі неде?

Жазбаша тіл мен ауызша тілдің айырмасы неде?

Ү. Үйге тапсырма:

13-жаттығу.Тыйым сөздерді қатесіз көшіріп жазып,жаттап алыңдар.

Тіл,сөз туралы сөзжұмбақ құрастырыңдар.

е) Бағалау