Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ак жарык

.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
201.98 Кб
Скачать

Күні:23.04.15.

Сыныбы:

Тақырыбы: Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері.

Мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларды жарықтың толық шағылу қубылысымен таныстыру; ақ жарықтың спектрге жіктелуі және денелердің түстері жөнінде үғымды қалыптастыру;.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс,тест

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру.

ІV.Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Жарықтың сынуы дегеніміз не?

Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады?

Ортаның сыну көрсеткіші дегеніміз не?

V. Жаңа материалды меңгерту:

І.Жарықтың толықшағылуқұбылысы. Оқушылар алдына мәселе қою.

1.Толық шағылудың шекті бұрышы.  α0- толык шағылудың шекті бұрышы деп аталады.

Жарықтың толық шағылу құбылысы мына екі жағдайда байқалады:

а) жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде;

ә) оптикалық тығызырақ ортаның бетіндегі тұсу бұрышы шектік немесе одан үлкен болғанда;

2.Толық шағылу құбьшы сының практикалық маңызы.  Жарықтың толык шағылу құбылысы көптеген оптикалық аспаптарда  (перископ, дұрбі), талшықты оптикада (жарыкжетек) кеңінен қолданылуда.

3.Ак жарықтың жіктелуі.  Ньотон тәжірибесінде (1666 ж) ақжарықтың құрамы күрделі, 7 түрлі сәуледен (спектр) тұратыны анықталды.

Ақжарықтың құрама  бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады.

4.Денелердің түстері. Ақжарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

б.Табиғаттағы кейбір оптикалық құбылыстарды түсіндіру (сағым, т.б.)

Жарықтыңшағылуы.  Жарық адам көзіне түсіп, онда қандай да бір көру сезімдерін тудырады. Бұдан жарықты көре аламыз деугеболмайды. Біз жарық көзін көріп, бірақ, жарықтың өзін көрмеуіміз мүмкін. Тәжірибеге жүгінейік.  S жарық көзінен экранға жарық шоғын бағыттайық. Экран жарықталынады, бірақ біз экран мен жарық көзі арасынан ешқандай жарықты көрмейміз (76, а-сурет). Осы тәжірибені тозаңдатылған ауада жасайық. Жарық көзі көрінетін болады (76, б-сурет). Яғни, жарықты көруге бола ма? Жоқ, бұл жағдайда жарықтың өзі емес оны шағылдырушы және шашыратушы бөлшектер көрінеді. Айнаның шағылдырушы қабілеті жоғары (ол жарық энергиясының 90% шағылдыра алады). Бұны айнадан шағылған күн сәулесін жан-жаққа бағыттап талай рет байқаған боларсыз.

Жарықтың шағылуы белгілі бір заңға бағынады. Бұл заңды жарықтың түзусызықты таралу заңы сияқты ертедегі грек ғалымы Евклид ашқан. Бұл заңдылықты тағайындау үшін оптикалық диск (77-сурет) деп аталатын арнайы құралды пайдаланамыз.  Ондағы жарық көзі рөлін жылжымалы жарықтанғыштардың 1 ішіндегі кішкене лампа атқарады. Жарықтандырғыштағы тар саңылаудан шыққан лампы жарығы диск бетінде шашыра полонда жарықталынған жолақша тудырады. Осы жолақшаны біз “жарық сәулесі” ретінде қабылдаймыз.

Дискі орталығына айнаны 2 қойып, оған жарық шоғын (түсуші сәуле) АО бағыттаймыз. Жарық айнаданшағылып диск бетінде шағылған сәуле ОВ пайда болады. Оның пайда болуы ол АО сәулесі мен оған түсірілген перпендикуляр ОС (бұл жазықтық жарықтың түсу жазықтығы деп аталады) жататын жазықтықта орналасатынын көрсетеді. Шағылған сәуле ОВ мен перпендикуляр ОС арасындағы бұрыш СОВ, осы перпендикуляр мен түскен сәуле АО арасындағы СОА бұрышына сәйкескеледі.Түскен сәуле мен шағылдырушы бетке түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш сәуленің түсу бұрышы деп аталады, ал осы перпендикуляр мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш сәуленің шағылу бұрышы депаталады. Жарық көзін дискінің шетіне жылжыту арқылы біз түсу бұрышын өзгертсек, онда шағылу бұрышының да өзгергенін көреміз. Бірақ бұл екі бұрыш бұрынғыдай бір-біріне тең олады. Жасалған тәжірибе негізінде жарықтың шағылу заңын тұжымдауға болады:

Шағылған сәуле түсу жазықтығында жатады, түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.

Түсу бұрышы α әрпімен, шағылу бұрышын a α' -пен белгілеу қабылданған (78-сурет). Сондықтан осы бұрыштарға қатысты жарықтың шағылу заңын математикалық түрде мына теңдікпен беруге болады:  α = α'. Егер 77-суретте көрсетілген жарық сәулесі айнаға ВО бағытында түссе, онда шағылғаннан кейін ОА бағытында кетеді. Басқаша айтқанда, шағылған сәуле бағытында келетін сәуле түсетін сәуле бағытында шашырайды . Бұл қасиет жарық сәулесінің қайтымдылығы деп аталады.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

1.Тест  тапсырмасы 1. Вакуумдағы жарық жылдамдығы қаншаға тең? а) 3*108 м/с    б) 3*105 м/с     в) 3*106 м/с 2. Дисперсия қайтілден  енген: а) грек  б) латын   в) ағылшын  3. Қай  түстің  таралу  жылдамдығы  үлкен:

а) қызыл    б) көк    в) күлгін 4. Ньютон спектрды қандайз аттың көмегімен жүзеге асырады: а) призма   б) линза   в) айна 5. Ортаның абсолют сыну көрсеткіші қандай бірлікпен өлшенеді: а) атаусыз шама   б) люкс, люмен  в) генри, фарад 6.Жарықтың  қай  түсі  көп  сынады: а)қызыл    б)күлгін    в)көгілдір 7.Дисперсия  нешеге  бөлінеді: 

а)2     б)3     в)4

2.Дисперсия  құбылысының  анықтамасы: Дисперсия – заттың  сыну  көрсеткішінің  түсетін  жарықтың   толқын ұзындығына  тәуелділігі. 3.Табиғатта  кездесетін  құбылыстар , логикалық  сұрақтарға  жауап 1. Кемпірқосақтың пайда болуы. Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ  пайда болады. 2.Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде сары түсті шағылдырады. 3.Логикалық  сұрақтар: 1.  Күн батарда немесе шыққанда қызыл арай неліктен көрінеді? 2.  Жарық түсі жарық толқын ұзындығына тәуелді ме? 3.  Аспан түсі неге көк? 4.  Қандай жағдайда беті жылтыр емес дененің көлеңкесі толық түседі? 5.  Біртекті ортада жарық қалай таралады? 6.  Күн сәулесі қандай жылдамдықпен таралады? 7.  Кепірқосақтың  пайда  болу  себебі  неде?

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §68,69оқуға

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Физика 8 кл.

2. Физика есептер жинағы