Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

Бөж тапсырмалары

1. Қазақстандағы белгілі ғалымдар.

2.«Бәсекеге барынша қабілетті ел» дегенді қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді жазыңыз.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.

Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.

Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);

Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады. Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем. Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.

2 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

1 аралық бақылау

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

I НҰСҚА

1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 4, 5, 6 мамыр, 2007 жыл «Атакентте» жыл сайын болатын «Денсаулық» көрмесі болады.

Бұл көрме ...

A) ай сайын болады

B) күнде болады

C) жылда болады

D) апта сайын болады

2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

6,7, 8 сәуір, 2007 жыл Астана қаласында қолөнер көрмесі болады. Конгрессхол сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Хабарландыру ... туралы

A) өнер B) қолөнер көрмесі C) көрме D) өнерпаз

3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Кез-келген уақытта, кез-келген мекенге, жүк тасимыз. Тәулік бойы жұмыс істейміз. Тел: 49-48-01, 49 – 46 -02

Хабарландыру ... туралы

A) жүк B) жүк тасымалдау C) жүкті тіркеу D) жүк сату

4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. Ел табиғатындағы тепе-теңдікті сақтауға деген көмегі өлшеусіз көбелектерді қорғауға 30 мың доллар бөліп отыр.

A) мардымсыз

B) жоқ

C) шексіз көп

D) азғана

5. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз: Өзінен қалған мол ақшаны бірнеше салада сыйлықтар беруге аманаттап кеткен.

A) өсиет қалдырмаған B) тапсырды C) өсиет қалдырды D) ұсынды

6. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз: Он алты жасымнан өз бетіммен

жырлауға бел байладым.

А) айтты

В) білмедім

С) көрген

D) кірістім

7. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ата –бабамыздың басты мұраты...

А) соғыс

B) байлық, мансап

C) ар мен намыс

D) жауласу, жаулау

8. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ар-ұятың, намысың болмаса, денсаулығың да болмайды, себебі ….

А) жақсы ұйықтайсыз

B) жаның сау болса да, тәнің сау болмайды

C) жаның сау болса, тәнің сау болмайды

D) жаны саудың –тәні сау

9. Нұсқау: сөйлемді толықтырыңыз.

Конференция бүгін сағат 10.00-де басталады, ....

A) ертең келіңіз B) кешікпей келіңіз C) түстен кейін келіңіз D) кешке келіңіз

10. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін далада жаңбыр жауып тұр.....

A) Сөмкеңізді алыңыз

B) Кешке киноға барамын

C) Оқулығымды беріңізші

D) Қолшатырыңызды ұмытпаңыз

11. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Көлемді білдіретін сөздер тобын табыңыз:

A) жазық, томпақ, қисық, шаршы

B) орасан, кең, тар, биік, терең

C) тегіс, кедір-бұдыр

D) ыстық, жылы, салқын, суық

12. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Адам қабілетін білдіретін сөздер тобын табыңыз.

A) бақытты, қуанышты, бақсыз

B) ұқыпты, жалқау, еріншек

C) дарынды, ақылды, тапқыр

D) тиянақты, тындырымды, ұқыпсыз

13. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Адам ақылымен ..........................

A) нұрлы B) бай C) бай, кедей D) жақсы

14. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Сіздің досыңыз сізді қонаққа шақырды, бірақ сіздің жұмысыңыз көп болып тұр.

Сіз оған не деп жауап берер едіңіз?

A) кешір, менің көңіл күйім болмай тұр, сондықтан мен бара алмаймын

B) үлкен рахмет, мен міндетті түрде барамын

C) кешір, менің жұмыстарым көп мұғаліммен кездесемін

D) мен досыммен ертең Астанаға кетемін

15. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Жалғыз ағаш орман ......................

A) болмас B) болады C) болыпты D) болған

16. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Егер сабаққа көбірек дайындалсаң, ................ тапсырасың.

A) жаман B) өте жаман C) жақсы D) жақсы, жаман

17. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың .............

А) қиын

B) оңай C) қиын, оңай D) қиын, оңай, жеңіл

18. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Айжан бота көзді қыз. Оның шашы да ұзын. Ол туралы басқалар не айтады?

A) Айжан – ақылды қыз

B) Айжан – өте әдемі, сұлу

C) Айжанның мінезі жақсы

D) Айжан жақсы оқушы

19. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Сіздің досыңыз кейде сабаққа келмейді. Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?

A) газет оқы

B) жаңалық тыңда

C) хабар тыңда көп білесің

D) сабақты көп жіберсең, емтихин тапсыра алмайсың

20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.

а. Қызығушылық білдіру 1. установленный срок

ә. саяси пікір 2. выражать заинтересованность

б. белгіленген мерзім 3. политическое мнение

в. апталық басылым 4. политически значимый

г. саяси маңызды 5. еженедельная печать

д. санаткерлік даму 6. развивать образование

ж. жан жақты даму 7. развивать всесторонне

з. білімді дамыту 8. интеллектуальное развитие

II НҰСҚА