Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы:

«Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

IX апта басшы келбеті

1-сабақ

Басшының басқару стилі. Ыңғайлас салалас

Ыңғайлас салалас- құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым –қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбіне бір шақта тұрады. Мысалы: Күн батты, таңды қара көлеңке басты.(П.П) Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен. (Ғ.С)

1-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тауып, сөйлем мен сөйлем арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз. Таныс емес сөздерді жазып алып, олардың аудармасын сөздік көмегімен анықтаңыздар.

Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

- Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне өзіңізше анықтама беріңіз.

-Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

-Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?

-Кез-келген адам лидер бола ала ма?

-Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?

3-тапсырма. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын табыңыздар.

Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.

Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.

Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.

Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та

жасайды.

4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,--------------------- . Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, -------------------------------. Басшы болу үшін қабілет те керек, ---------------------------------------------------- . Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ---------------------------------------------- . Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, ----------------- . Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- . Өзіңізге деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------ .

2-сабақ

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Кемел көшбасшы, сарабдал саясат, алға сүйреу, әлемдік қауымдастық, әлеуеті зор, еңбегі ұшан – теңіз, береке тұнған құтты мекен, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау, жанашыр, өркендеу, өлшеусіз үлес, біртуар тұлға, қарқынды даму, әл – ауқаты, айрықша табыс, тарих төрі, өзіндік қолтаңба, ғасырлар тоғысы, алмағайып заман, қақтығыстар, текетірестер, жаһан.

2 – тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестері арқылы жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Басшысы келіспесе, ел жетім ( Мақал)