Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

2.Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

3. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

4. Айтыстың қандай түрлері бар?

5. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

6. «Біржан-Сара» айтысының тақырыбы не?

2- сабақ

Күй атасы -Құрманғазы

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Еуразияның ең бір бай да

бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргіОрал облысыныңЖаңақала ауданынақарастыЖиделідеген жер. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған кезі болатын. Замана қиындығы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем»сияқты күйлері осындай ауыр кезеңде туған. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш»сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, бұл Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай»сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

оң-солын танып – время зрелости

өмір-тіршілікке белсене араласа – период активных дейсткий

отаршыл саясат – политика колониализма

қарқын алған кезі – стремительное развитие

қатал тағдыр – роковая мудьба

2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

4. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

  1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

  2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

  3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

  4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.

  5. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.

3- сабақ

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамныңбүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалғанматериалдықигіліктерінің жиынтығы. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ табиғи ресурстар жатады және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым-білім, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдықигіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

тұрғындар – жители

экологиялық қауіпсіздік – экологическая безопасность

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Үлттық байлық деген не?

  2. Рухани игіліктер ұлттық байлыққа жата ма?

  3. Ұлттық байлықтың құрамына не кіреді?

  4. Мәтінді Қазақстанның ұлттық байлығы жайлы не айтылған?

  5. Ұлттық байлықтың көлемін қалай айқындауға болады?