Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Семестр.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.05 Mб
Скачать

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

1-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

2-тапсырма. Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. (Елбасы Жолдауынан)

Бөж тапсырмалары

1. Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгімелеңіз.

Сабақ бойынша алған ақпараттарды пайдалана отырып, «Қазақстан - әлемдік кеңістікте» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

XII АПТА

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

1-сабақ

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас –құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т.Абдрахманова) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, сөйлем түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен, өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

2-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

Қазақ халқы бостандыққа ұмтылып қана қоймай өзінің асқақ армандарына жетті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмесе де бұл күн - біз үшін ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Халқымыз өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығын пайдалана отырып қилы кезеңді бастан кешу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның өз жарқын бейнелері пайда болды.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әділ: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қандай істер атқарылды?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Біздің дербес мемлекет екендігімізді білдіретін қандай рәміздерімізді білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ата заңымыз туралы не білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ал ұлттық валютамыз туралы не айта аласың?

Айша: ---------------------------------------------------------------------------- .

Әділ: Астана Алматыдан қашан көшірілді? Астананы ресми түрде таныстыру рәсімі қашан болды?

Айша:------------------------------------------------------------------------------ .

5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарларын тауып, сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, өз шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітті.

2-САБАҚ

Мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем (Сложноподчиненные предложения с придаточными времени)

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? а) –ған/ген + сайын, соң, шақта, кезде; шейін, дейін; кейін бері, былай. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзінің Негізг Заңын қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, оның ұлттық валютасы болған емес. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.

ә) –ған/ген; -ар/ер + жатыс септігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, мен он жаста едім.