Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD 2 кредит Kalenova.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
996.86 Кб
Скачать

Глоссарий

Адаптация мінез-құлықтың жаңа стериотиптерін туындату жолымен жүзеге асатын этностың ландшафқа икемделуі.

Дала өркениеті түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат.

Еуропоцентризм мәдени аяда басқа халықтар мен өркениеттерден еуропалық халықтар мен батысеуропалық өркениеттің үстемдігін және еуропа халықтарының әлем тарихындағы рөлін жақтайтын ғылыми үдеріс немесе саяси идеология.

Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.

ЕО – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа –Польша,Венгрия,Чехия,Словакия,Словения,Хорватия,Эстония,Латвия,Литваелдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987),Маастрихт келісімшартында(1992) жәнеАмстердам келісімінде(1997) көрсетіліп айқындалған.

Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.

Идеология ілім, қоғамдық сана (гр. Идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.

Алғаш рет«идеология»деген терминді француз философы және экономисіДе Гресси(1754-1836) қолданды. Ол«Идеологияның элементтері»деген төрт томдық еңбек жазған.

Комплиментарлық - «өзінікі» «өзгенікі» дегенді айқындаушы санадан тыс адамдар қауымдастығының өзара үйлесімі.

Ориенталистика -   (лат. Orientalis – шығыстық)– Шығыс елдерінің тарихы, философиясы, өнері, әдебиеті, тілі мен экономикасын зерттеумен айналысатын ғылыми пәндер жиынтығы, шығыстану.

Орталық Азия - Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта

Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

Пассионарлық импульс тұлғалық және түрлі инстинктерге қарама-қарсы бағытталатын мінез-құлық импульсы.

Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).

Тәжіктер - этникалық қалыптасу тарихында соғды және бактриялықтар ықпалы үлкен болған.

Тәжіктер таулы және жазықты жер тәжіктері болып бөлінеді. Бұл олардың тілдік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Батыс Памир, Пяндждің жоғарғы жағынан Язгулем сағасына дейін памир тәжіктері мекен етеді. Бұлар: язгулем, бартангтар, рушандар, шугнандар, ишкашимдер, вахандар жатады, олар шығыс иран тілінде сөйлейді.

Тәңір (Тенгри) ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың табиғат құбылысын, әлем құрылысын мифологиялық сарында түсінуі. Жоғарыда бір ғана құдай – «Тәңір» (Тенгри – аспан) жоғарғы әлем саналды. Тәңір дүние мен адам тағдырын биледі. «Ұмай» – молшылық құдай-анасы болды. Тәңір мен Ұмай туралы аңызда олардың түркі қағанаты үшін табынар құдіреті боп танылғанын айтады. Орта дүние саналатын кездің бас құдайы – «ыдық Иер-су» (киелі жер-су). Төменгі дүние мифологиясы деңгейінде зиян келтіретін күш, сақтаушы кие «құт» (жан-дүниені таныту), мекендер мен кейбір жер – киелі деген ұғым кең тараған. Адам мен дүние арасында «қам» рухы жүрді. Исламдық «қам» сөзін қабылданған «бақсы» сөзі ығыстырды, «албасты» және «пері» рухының бейнесі санаға енді. Көшпелілер үнемі жол үстінде болатындықтан олардың ұғымында жол киесі бірнешеу. Мысалы, Тәңір шабармандары – «Шұбар атты жол ие» және «Қара атты жол ие» т.б.

Түркі тайпалары – Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңтүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар.

Түркі тілдері  Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі болып табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.

Славянофильдік - орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бүл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия – Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі.

Этнос (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.

Этнос ұғымы – халықтың этникалық табиғаты туралы сөз болғанда қолда­ны­лады, мысалы, орыс этносы, қазақ эт­носы, неміс этносы, ұйғыр этносы, корей этносы, т.б. Халық пен этнос бір мәнде де айтылады, сонымен бірге контекстке бай­ланысты бірде халық, бірде этнос мә­нісінде қолданылады. Этнос – халықтың этникалық сипаттамасы. Халық – этностың субстанциясы. Халық ауқымды – ұғым. Халықтың этникалық сипа­т­та­масы болмауы өте сирек кездесетін жағ­дай, мысалы, бұл мәселені шартты түрде американ халқына қатысты айтуға болар. Елдің аталуында тұрғандай, Америка Құрама Штаттардан тұрады. Көптеген нәсіл, этностардан құрылған, этностық жағы біртекті емес. Кезіндегі кеңес халқы деген этностық тарихы жоқ, адамдардың мем­лекеттік-территориялық қауымдас­ты­ғы болатын. Мұндай жағдайда бірыңғай азаматтық басты қағидат болып, этностық іс­тер есепке алына бермейді. Ал Англия, Фра­нция, Германия, Жапония, Ресей т.б. сияқ­ты дәстүрлі елдерде азаматтықпен бірге этностық қасиеттер бірге анық­тал­мақ, себебі, бұл халықтардың ғасырларға ке­тетін этностық тарихы бар.

Этногенез пайда болу, даму және нәсiлдердiң (этностардың) жоғалуының үрдісі.

Этникалық дәстүр ортақ территорияны мекендейтін халықтардың дәстүрлер

кешені.

Этникалық жүйе дүниетанымдары мен мінез-құлық стериотиптеріне қарай біріккен адамдар қауымдастығы.

  1. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]