Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD 2 кредит Kalenova.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
996.86 Кб
Скачать

Сөж орындау жоспары

№ апта

Тақырып аттары

СӨЖ сағат

тары

СӨЖ үшін тапсырмалар

1

Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні.

4

Картотека жасау.

2

Еуразия халықтары.

4

Кесте жасау.

3

Еуразиядағы көне өркениеттер.

4

Баяндама жазу.

4

Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтыруы.

4

Аннотация жазу.

5

Алаш идеологиясы еуразияшылдық идея контексінде.

4

Реферат-баяндама жазу.

6

Еуразияшылдық идеясының қалыптасу

кезеңдері.

4

Кесте, реферат-конспект жасау.

7

Еуразияшылдық идеясының негізін салушы ғалымдар- Н.С.Трубецкой мен П.И. Савицкийдің шығармашылық қызметі.

4

Эссе, аннотация жазу.

8

Классикалық еуразияшыл ғалымдар- Г.В. Вернадский және Н.Я. Данилевскийдің

еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

4

Аннотация жазу.

9

Л.Н. Гумилевтің өмірі және ғылыми мұрасы.

4

Ғылыми еңбекке талдау жасау.

10

Л.Н. Гумилевтің ғылыми-теориялық

тұжырымдамалары.

4

Түсініктер мен терминдер сөздігін жасау.

11

О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

4

БАҚ материалдары

на талдау жасау.

12

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы.

4

Эссе, аннотация жазу.

13

ТМД елдерінің еуразиялық ықпалдасу үдерісі

4

Баяндама жазу.

Кесте құру.

14

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ): жетістіктері мен болашағы

4

Эссе жазу.

15

Кеден Одағы және Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістік: мәселелері және болашағы

4

Реферат-конспект жазу.

Барлығы:

60

Сөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама

Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшлікі алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толық жазылған ауызша хабарлама болып табылады.

Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Баяндама дайындаудың кезеңдері:

1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.

2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.

3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.

4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.

Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:

    • кіріспе;

    • негізгі бөлім;

    • қорытынды.

Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.

Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.

Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.

Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]