Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD 2 кредит Kalenova.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
996.86 Кб
Скачать

«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:

  1. Еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен эволюциясы.

  2. Еуразия этностары: этногенезі және мәдениеті

  3. Шығыс славяндар мәдениеті

  4. Еділ бойы халықтары мәдениеті

  5. Кавказ халықтары мәдениеті

  6. Орта Азия халықтары мәдениеті

  7. Сібір халықтары мәдениеті

  8. Көне Қытай өркениеті

  9. Көне Үнді өркениеті

  10. Парсы мәдениеті

  11. Прототүріктер өркениеті: ғұндар мәдениеті

  12. Сақтар мәдениеті

  13. Зороастризм діні тарихы

  14. Буддизм діні тарихы

  15. Христиан діні тарихы

  16. Ислам діні тарихы

  17. Түркі дәуірі өркениеті

  18. Алаш қозғалысының қалыптасуы және идеялық негіздері

  19. Алаш қайраткерлерінің ғылыми-шығармашылық қызметі (бір тұлға мысалында)

  20. Алаш зиялыларының еуразияшылық ілімге қатысты көзқарастары

  21. ХХ ғасыр басында еуразияшылдық идеясының қалыптасуы

  22. ХХ ғ. басында түрікшілдік идеясының қалыптасуы және дамуы

  23. Алаш ұлттық идеологиясының теориялық негіздері

  24. Алаш идеологиясы еуразиялық өркениет контексінде

  25. Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы

  26. П.И.Савицкий шығармаларындағы еуразияшылдыққа қатысты тарихи ой-тұжырымдамалар

  27. Г.В. Вернадскийдің ғылыми еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы

  28. Н.С. Трубецкой және еуразияшылдық идеясы

  29. Л.Н. Гумилев- түркітанушы-ғалым

  30. Л.Н. Гумилев және пассионарлық идеясы

  31. Л.Н. Гумилев- жаңаеуразияшыл ғалым

  32. Л.Н. Гумилев еңбектерінде көне түріктер тарихының зерттелуі

  33. «АЗ и Я» еңбегінің тарихи маңызы

  34. Кеңестік дәуірдегі еуразияшылдық идеясы жағдайы

  35. Посткеңестік кезеңде еуразияшылыдқ идеясының қалыптасып, дамуы

  36. Қазіргі кезеңдегі Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени сабақтастық

  37. Еуразияшылдық идеясын дамытудағы Елбасының рөлі

  38. Еуразиялық өркениеттің ХХІ ғ. қайта жандануы

  39. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті- заманауи еуразиялық өркениет үлгісі

  40. Астана- Батыс пен Шығыс симбиозы

  41. Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, келешек

  42. ТМД елдері арасындағы еуразиялық интеграциялық үрдістер: өткені, бүгіні, болашағы

Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Сабаққа әзірлік жаднамасы:

1. Сабақ тақырыбын талдаңыз, талқылауға қойылған оның мақсаты мен негізгі проблемалары туралы ойланыңыз.

2. Оқытушының сабақта осы тақырып бойынша берілген материалын анықтап оқып шығыңыз.

3. Ұсынылған әдебиетті оқыңыз, сонымен қатар, семинарда талқылау кезінде қажет болатын жазбалар жасай отырыңыз.

4. Әрбір мәселе бойынша өз ойыңызды қалыптастыруға және оны дәлелдеуге тырысыңыз.

5. Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен өздік жұмысы уақытында туындаған сұрақтарды семинарда оларға жауап алу үшін жазып алыңыз.

Сабақта жұмыс істеу кезінде:

1. Сабаққа басқа қатысушыларының баяндамаларын мұқият тыңдаңыз, олардың айтқан ойын өзіңіздің көзқараспен салыстыруға, салғастыруға тырысыңыз.

2. Қарастырылып жатқан мәселелерге белсене қатысыңыз, өз ойыңызды айтудан қорықпаңыз және өз ойыңызды негізді дәлелдермен бекітуге тырысыңыз.

3. Егер сіз біреудің көзқарасымен келіспейтін болсаңыз, оны сынаңыз, бірақ айтқан сыныңыз негізделген және конструктивті болсын, басқаша айтқанда балама ретінде нақты ұсыныс енгізіңіз.

4. Сабақтан кейін қаралған мәселелердің соңғы дұрыс жауабын қысқаша қалыптастырыңыз.

Оқулықтағы параграфпен нақты жұмыс істеуді ұйымдастыруға жаднама

1. Барлық параграфты оқып шығыңыз, онда айтылған оқиғалар, құбылыстар туралы жалпы ұсынысын құраңыз.

2. Оқулықта берілген фактілерге, тұжырымдарға, идеяларға мұқият назар аударыңыз.

3. Кеңейтілген жоспарды құрыңыз, ол орындалатын тапсырманың әзірлігін жеңілдетеді.

4. Аудиторияда сабақта естіген және көрген, дәптерге жазғанды параграф материалымен байланыстыруға тырысыңыз.

5. Өтіп жатқан тақырып бойынша не оқыдыңыз, мұражайда, кинофильмде не көрдіңіз, соны еске түсіріңіз.

6. Қажет болған жағдайда алдағы уақытта оқытылатын параграфтарды қараңыз.

7. Егер түсініксіз болса немесе қандай да бір сұрақ сізді қызықтыратын болса, онда сөздікті, энциклопедияны қараңыз.

8. Тақырып материалын білесіз бе, тексеріңіз, одан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, кейін жоспарсыз мазмұнын айтыңыз.

9. Параграф соңында орналасқан сұрақтар мен тапсырмаларға жауап әзірлеңіз. Семинарға арналған тапсырманы орындаңыз.

Оқулық параграфының күрделі жоспарын құру үшін жаднама

  1. Мұқият мәтінді оқып шығыңыз, оны аяқталған бөлімдерге бөліңіз.

2. Әрбір бөлімді негізгі ойы бойынша рим цифрларымен белгілеңіз.

3. Әрбір бөлімде басты оқиғаны нақтылайтын бөлімге бөліп көрсетіңіз. Бұл бөлімдер (тармақшалар) араб цифрларымен белгілеңіз.

4. Тақырып атау қаншалықты мазмұнының негізгі ойын нақты білдіретіні жөнінде ойланыңыз. Тақырыптың өз нұсқасын ұсыныңыз.

  1. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]