- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешенін (поәк) рәсiмдеуге қойылатын талаптар тiзiмi
- •2. Пәннің коды, атауы және кредит саны
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1. Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні
- •1. Еуразия- жағрапиялық кеңістік.
- •2. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Міндетті әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Сөж тапсырмалары:
- •Сөж №5.
- •Сөж №12. Шығармашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж №13.
- •Сөж №15. Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж орындау жоспары
- •Сөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Семинар №1 Семинар тақырыбы: «Еуразияшылдық теориясына кіріспе»
- •Талқылауға ұсынылатын тақырыптар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар №2 Семинар тақырыбы: «Еуразия халықтарының тарихы»
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№12
- •Семинар№14
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:
- •Қосымша о туранском элементе в русской культуре
- •Россия и Европа глава III. Европа ли Россия? н.Я. Данилевский
- •Древняя Русь
- •Глава III. Сармато-готская эпоха (200 г. До н.Э.-370 г. Н.Э.)
- •1. Выводы главы. Источники и ссылки
- •2. Центральная Евразия в эпоху сарматов
- •Начертание русской истории Глава II. Киммерийская и скифская эра (1000-200 гг. До н.Э.)
- •2. Киммерийцы и скифы в Южной Руси
- •Г.В. Вернадский
- •Начертание русской истории. - сПб.: Издательство: "Лань", 2000.
Конспект
Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспект деп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.
Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда консект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.
Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.
Мәтінді конспект- қолжазбадан алынған үзінді- дәйексөз негізінде жасалады. Мәтіндік көшіру логикалық байланыс арқылы беріледі.
Мәтінді конспект- автордың сөзбе-сөз айтқандары мен келтірген дәйектерін айқындайтын ерекше дерек көзі. Мұндай конспект ғылыми мақала (кітап) авторының шынтуайтсыз пайымдаулары немесе талас туғызатын жақтарын анықтауда үлкен мүмкіндік береді. Ал мұны мазмұнын айту кезінде аңғару қиын. Өйткені,
Мәтінді конспектіні материалдарды оқу кезінде бірқатар авторлардың айтқандарын салыстыра талдау үшін аса қажет. Алайда мәтінді конспект жасаған уақытта басты дәйексөздерді (көшірме жасау шеберлігін) нақтылы және дұрыс, тез таңдай алу шеберлігін талап етеді.
Еркін конспект- көшірме, дәйексөздерді кейде тезистерді үйлестіретін конспект түрі. Бұл конспект түрі басты мәселелерді өздігінен, нақты және қысқаша тұжырымдау шеберлігін қажет етеді. Ол үшін материалды тереңнен түсіну, бай және белсенді сөздік қор болуы тиіс.
Тақырыптық конспект- қойылған сұрақ-тақырыпқа қажетті барынша немесе азды-көпті жауап береді. Әрине, бұл негізінен конспекті жасаған кезде қолданған әдебиеттер саны мен басқа материалдарды пайдалану деңгейіне байланысты болады. Тақырыптық конспектіні жасау тақырыппен жұмыс жасауға, оны жан-жақты қарастыруға және сол бір тақырыпқа қатысты әртүрлі көзқарастарды талдауға үйретеді.
Тезис (түйін)
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.
Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.
Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.
Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.
Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.
Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.
Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.
Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын орытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.
Тезистерді жасаған уақытта тұжырымдамаларды кітапта берілетін ретпен емес, оларды логикалық байланыс жағынан біріктіріп беру қажет.
Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау;