- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешенін (поәк) рәсiмдеуге қойылатын талаптар тiзiмi
- •2. Пәннің коды, атауы және кредит саны
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1. Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні
- •1. Еуразия- жағрапиялық кеңістік.
- •2. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Міндетті әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Сөж тапсырмалары:
- •Сөж №5.
- •Сөж №12. Шығармашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж №13.
- •Сөж №15. Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сөж орындау жоспары
- •Сөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары
- •Семинар №1 Семинар тақырыбы: «Еуразияшылдық теориясына кіріспе»
- •Талқылауға ұсынылатын тақырыптар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар №2 Семинар тақырыбы: «Еуразия халықтарының тарихы»
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№12
- •Семинар№14
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:
- •Қосымша о туранском элементе в русской культуре
- •Россия и Европа глава III. Европа ли Россия? н.Я. Данилевский
- •Древняя Русь
- •Глава III. Сармато-готская эпоха (200 г. До н.Э.-370 г. Н.Э.)
- •1. Выводы главы. Источники и ссылки
- •2. Центральная Евразия в эпоху сарматов
- •Начертание русской истории Глава II. Киммерийская и скифская эра (1000-200 гг. До н.Э.)
- •2. Киммерийцы и скифы в Южной Руси
- •Г.В. Вернадский
- •Начертание русской истории. - сПб.: Издательство: "Лань", 2000.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Савицкий П.Н. Евразийство.// Основы евразийства – М., 2002. – С.280.
2. Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // Основы евразийства – М., 2002. – С.298-299.
3. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана//Европа и человечество. –М., 2000 г. – С.88-90.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.
Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.
Трубецкой Н.С. Об истинном и ложном национализме// 1921. Кн. 2.
Дәріс 8.
КЛАССИКАЛЫҚ ЕУРАЗИЯШЫЛ ҒАЛЫМДАР - Г.В. ВЕРНАДСКИЙ ЖӘНЕ
Н.Я. ДАНИЛЕВСКИЙДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ
Мақсаты: Г.В. Вернадский мен Н. Я. Данилевскийдің теориялық-тұжырымдамалық еңбектерін қарастыру.
1.Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.
2. Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі.
Негізгі түсініктер: Ұлы Русь, славяншылдық, православие, Батыс пен Шығыс.
1. Вернадский Георгий Владимирович- 1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған. 1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское масонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған. 1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған.
1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-Хейвен, Коннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.
2. Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген. 1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.
Н. Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.
«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.
Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.
Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.
Әдістемелік нұсқаулар: Н.Данилевксий мен Г.Вернадскийдің шығармашылық қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеяның мәніне ден қою қажет.