
- •«Аудит» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •2. Дәрістік материал.
- •1. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
- •2. Аудит функциялары мен объектілері, пәні
- •3. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •3. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.
- •4. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.
- •5.Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.
- •6.Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
- •Тақырып 2. Қр-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе
- •1. Қр-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары.
- •2. Қр «Аудиторлық қызмет туралы» заң және қр-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер.
- •3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және қр-дағы аудиторлық қызметті лицензиялау.
- •Тақырып 3. Бақылау және аудит
- •1. Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны.
- •2. Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құылымы.
- •3. Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •4. Жүйенің құжаттық рәсімделуі.
- •Тақырып 4. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы
- •1. Аудиттегі маңыздылық концепциясы. Маңыздылықты бағалау критерийлері.
- •2. Құжаттық рәсімдеудегі бұрмалаушылық белгілері. Алаяқтылықты анықтау және қателіктер.
- •3. Аудиторлық тәуекелділік және оның негізгі компоненттері
- •4 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы байланыс.
- •Тақырып 5. Кәсіпорындар мен аудиторлық дәлелдеулерді алу әдістемесі
- •1. Аудиторлық дәлелдеулерді жүргізудің ерекшеліктері.
- •2. Аудиттте қолданылатын бақылау әдістері және қабылдау жіктемесі.
- •3. Аудиторлық дәлелдеу мен оның аудиттегі ролі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •Тақырып 6. Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі
- •1. Аудиторлық таңдау. Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары.
- •2. Аудитті жүргізу этаптары. Аудитті жоспарлау процесі.
- •3 .Аудит туралы келісім-хат.
- •4. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі.
- •Тақырып 7. Аудит сапасын бақылау
- •1. Сапаны басқару жүйесі. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудың негізгі қағидалары
- •2. Аудитті құжаттау. Жұмыс құжаттарын дайындаудың мақсаттары мен анықтамалары. Аудиторлық құжаттардың сипаты.
- •3. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары.
- •3 Тәжірибелік сабақтар
- •Тақырып 2. Қаржылық есептіліктің бағытталуы мен мақсаты. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу талаптары.
- •Тақырып 3. Қр аудиторлық қызметті реттеу ерекшеліктері.
- •Тақырып 4. Аудиттің этикалық қағидалары. Аудиттің халықаралық стандарттарының статусы (хас).
- •Тақырып 5. Аудиторлық қызмет және аудиттің түрлері
- •Тақырып 7. Аудиторлық тәуекелділіктің компоненттері. Тәуекелділік негізділігі
- •4 Курстық жұмыс
- •4.1 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
- •4.2 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі
- •4.3 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар
- •4.4 Курстық жұмыстың мазмұны
- •4.5 Курстық жұмысты қорғау және бағалау
- •4.6 Курс жұмысының тақырыптары
- •4.7 Курстық жұмыс тақырыбын алу варианттары
- •5 Студенттердің өздік жұмыстары
- •5.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •5.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі
4 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы байланыс.
Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекел төмен болады және керісінше. Мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік өседіжәне аудитор, бақылау тәуекелі деңгейін төмендету мақсатында не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқылы бұның орынын толтыра алады. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелдігін бақылаудың екі негізгі әдісі қолданылады:
- сезгіштік;
- сандық.
Сезгіштік әдіс аудитор тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.
- төмен тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитормүмкін қателерді табуға қажетті сәйкес процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенген жағдайда болады;
- орта тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан-жақты рәсімді жоспарлайды;
- жоғары тәуекелділік – клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.
Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең көп тараған модель келесі формуламен есептеледі:
АТ= БТ*БТ*АТ, мұндағы,
АТ- аудиторлық тәуекелділік;
БТ – бөлінбейтін тәуекелділік;
БТ – бақылау тәуекелдігі;
АТ – айқындамау тәуекелдігі.
Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелділікті 80%, бақылау тәуекелдігі 50%, айқындамау тәуекелін 10 % деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелділіктің 4%-дық шамасын ала алады.
Айқындамау тәуекелдігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелділік моделінен осы тәуекелдікті анықтау дұрыс болады:
АТ=AT/ БТ*БТ
Аудитор аудиторлық тәуекелділікті 5%, бөлінбейтін тәуекелділікті 80%, бақылау тәуекелдігін 50% деңгейлерінде қойды делік. Сонымен, айқындамау тәуекелідігі 12,5%-ды құрайды.
Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелідігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелідігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлық дәлелдердің санын алу қажет.
Аудиторлық тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік компоненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арсындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнын терең түсінуді талап етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Аудиттегі маңыздылық деген не?
2.Маңыздылық деңгейін анықтауда қандай шамалар қолданылады?
3.Нақты және қатысты шамаларға анықтама беріңіз.
4.Алаяқтық деген не?
5.Қате дегеніміз не?
6. Кездейсоқ қателерге сипаттама беріңіз.
7. Бұрмалау деген не?
8. Бұрмалаудың қандай түрлерін білесіз.
9. Аудиттегі мәнділік деген не?
10.Аудиторлық тексеру кезінде қандай қателіктер мен заңсыз әрекеттер кездеседі?
11.Аудиторлық тәуекел деген не?
12.Аудиторлық тәуекелдің қандай түрлері бар?