Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Protsess_1.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
98.53 Кб
Скачать

13. Азық өндірісінің машиналары мен құралдарына қойылатын талаптарды айтып беріңіз

Жабдықтарға қойылатын талаптар. Азық өндірісінің машиналары мен құралдары технологиялық, эксплуатациондық, конструктивтік, эргономикалық, экономикалық және т.б. талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Технологиялық талаптар құралдың тағайындалуы мен оларда қабылданған технологияның үрдістерін енгізумен анықталады. Олар үрдістің типіне, өңделетін өнімнің агрегаттық жағдайына, оның химиялық құрамына және физикалық қасиетіне байланысты айқындалады. Технологиялық талаптармен құралдың жұмыс көлемінің формасы және жұмыс аумағының элементтерінің негізгі өлшемдері, олардың температурасы мен қысымы, өнімдердің қозғалу жылдамдығы және сұйық ағындардың турбуляцияның дәрежесі, фазалардың жанасудың қажетті аумағы, өнімге қосымша әсері, өнімнің инфекциялануы мен ластануын алдын алуы анықталады.

Эксплуатациондық талаптар. Оларға үрдістің жоғары интенсивтігі (қандай да бір құралдың сипаттамасына жататын өндірісіне, жұмыс камерасының көлеміне, қыздырылатын беттердің аумағына); материалдардың коррозиялық тұрақтылығы; энергияның шығыны; сенімділік; байқау және жөндеу үшін қол жеткізу және т.б. жатады.

Конструктивтік талаптар көп факторларға байланысты. Оларға басқа берілген жабдықпен және туыс ұйымдардың жоғары унификация және өзара айырбастау дәрежесі; жинау, монтаждау және жөндеудің аз еңбек күші; тасымалдау мен жөндеудің ыңғайлығы; аз салмақ; дайындау мен жөндеудің технологиялығы жатады.

Эргономикалық талаптар эстетикалық пен қауіпсіздік талаптарды, сонымен қатар еңбектің нормативтік шарттарын қамтамасыздандыру талаптарын қосады. Олар жабдықтардың эксплуатациясы кезінде жарақаттарды алдын алуға, жабдықтарға санитарлы-гигиеналық талаптарды міндетті орындау кезінде еңбектің денсаулық шарттарын құруға, адам – машина – қоршаған ортаның жұмыс істеу жүйесі үшін жақсы психофизиологиялық шарттарды құруға бағытталған. Барлық эргономикалық талаптар стандарталған.

Экономикалық талаптар шығынның толық функциясының минимализациясы үшінқұрылады. Шығынның толық функциясы жобалау, дайындау, мотаждау және эксплуатациялау шарттарын есептеу мүмкін.

14. Энергетикалық және материалдық балансты айтыңыз

Энергетикалық баланс. Бұл баланс энергияны сақтау және айналу заңдары негізгінде құрылған. Заң келесі әдіспен тұжырымдалады: барлық энергия түрлерінің бөлек жүйеде жалпы саны тұрақты немесе энергия құрылмайтын және жойылмайтын кездегі мөлшері болып табылады – ол тек қана бір формадан екінші формаға көшеді. Осыдан ештеңеден ещтеңе алуға болмайды деген қорытынды шығады. Бұл бухгалтерлік істің атақты ережесі өте пайдалы болды. Егер заманға сай энергия формасының тізімі кірмейтін энергия өзгерістері анықталатын, егер энегия жоғалатын немесе еш жерден туатын болса, онда осы айырмашылықтарды ескеретін энергияның жаңа түрін ойлап табу керек. Мысалы нейтрон энергетикалық баланстағы атомдық реактордың жетіспеуінен анықталған болатын. Оны 1932 ж ағылшын ғалымы Джеймс Чэдвик ашқан.

Энергетикалық баланстың әртүрлілігі – жалпы түрде теңдеу түрінде жазылған жылулық баланс

Qв=Qо+ Qп

мұндағы Qв – енгізілетін жылудың мөлшері; Qо – шығарылатын жылудың мөлшері; Qп – жылудың шығындары.

Материалдық баланс. Массаны сақтау заңы бойынша аппаратқа түсетін заттардың Σ Мн аппаратта үрдістердің Σ Мм және шығындарға Σ Мп тең:

Σ Мн = Σ Мм + Σ Мп

Балансты уақыттың белгілі бірлігіне қурастырады, сағат. Тығыздық – дененің массасының оның көлеміне ара қатынасы.

P=M/V,

М – дененің массасы, кг; V – көлем, М3.

Салыстырмалы тығыздықты дистиленген суга бағыттанып анықталады:

Ротн = Р/Рв,

Р – заттың тығыздығы; Рв – судың тығыздығы:

Рс = Ртв φ + Рж (1-φ),

Ртв – қатты бөлшектердің тығыздылығы, кг/м3; φ – суспензиядағы қатты фазалардың үлесі; Рж – сүйықтың тығыздығы, кг/м3.

Қантты сироптардың, жемістік шырындыларының, қантпен сүттің қосындысынының 20ºС анықтау формуласы:

Р20 = 10 [1,42 х + (100 - х)],

Х – қурғақ заттардың концентрациясы, ºС.

Томаттық (қызынақ) өнімдердің тығыздығын анықтау формулары:

Р = 1016,76 + 4,4 х – 0,53 t

20ºС тең емес жағдайда тығыздықты анықтау формуласы:

Рt = Р20 – 0,5 (t-20),

T - өнімнің температурасы, ºС

Еркін үйінді материалдардың қуыстылығы E = 0,38...0,42 аралығында орналасады.

Газдардың тығыздығы (кг/м3) Клапейрон формулармен есептейеді:

Р = Рº =

Рº = М/22,4 – нормальды шарттардағы газдың тығыздығы

º = 273 К; рº = 1013 кПа), кг/м3; М – газдың молекулярлық массасы, кг/моль; Т = абсолюттық температура, К.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]