- •2. Өңдеу процестерінің негізгі заңдары
- •3.Гидравликалық және гидромеханикалық үрдістер
- •4. Гидравликалық машиналарды қолдану классификациясы
- •5. Жылу және тоңазату процестері
- •6. Масса алмастыру үрдістерінің жіктелуі
- •7. Абсорбция және адсорбция процестері
- •9.Механикалық үрдістері және аппараттары.
- •10. Тұтқырлы сұйықтың қозғалысын зерттеу әдістері.
- •12. Физика – химиялық үрдістері және әдістерін айтыңыз.
- •11. Жылу және массаалмасу үрдістері.
- •13. Азық өндірісінің машиналары мен құралдарына қойылатын талаптарды айтып беріңіз
- •14. Энергетикалық және материалдық балансты айтыңыз
- •15. Тығыздық, тұтқырлық (вязкость) дегеніміз не және өрнегін айтыңыз.
- •16. Сүзудің негізгі заңдылықтары
- •20. Конденсация үрдісі айтып беріңіз
11. Жылу және массаалмасу үрдістері.
Жылу алмасу (Теплообмен) - қыздырылған денелер арасында жылу шығару, конвекция, жылу өткізгіштік, т.б. жылу беру түрлері арқылы жылу алмасу. Жылу үрдістеріне қыздыру, суыту, буландыру және конденсацияны, массаалмасуға – кептіру, сорбциялау, айыру, кристализацияны, еруді, экстрагировалдау, экстракциялау және т.б. жатқызады. Олар температуралардың ауытқуымен немесе заттардың концентрациялардың әсерімен болады. Олардың нәтижесі жылудың кеңістікте (жылу энергиясы) немесе заттардың бөлек компоненттердің қоспасында орын ауыстыруы болып табылады. Бұл үрдістер жылытқыштарда, суытқыштарда, пісіргіште, абсорбераларда, адсорбераларда, айдатқыш құрылғыларда (кубтық құралдарда, ректификациондық калонналарда және т.с.с.), буландыру құралдарында, кептіргіштерде, конденсаторларда, кристализаторларда, еріткіштерде, экстракторларда және т.б. жүзеге асады. Жылу үрдістеріне салқын ауаның үрдістері қосылады. Олар сол бір термодинамикалық тәуелділікті, жылутехникалық жағдайларды шешудің бірдей принциптерін қолданады; соларда қолданатын жылутехникалық құрылғылардың бөлігі бірдей болып табылады. Бірақ жылу және тоңазытқыш үрдістерді дәстүрлі түрде өз бетінше қолданады.
12. Физика – химиялық үрдістері және әдістерін айтыңыз.
Физика-химиялық үрдістерге жану және жарылуларды жатқызады. Олар терең арнайы ғылыми пәндермен оқылады. Берілген курста тек қана олармен жалпы танысады, жеке келгенде, ұн тартатын, қоспа жем және кейбір басқа өндірістердің жану және жарылу қаупін алдын-ала сауаттылығын ашуға мүмкіндік береді.
Периодты және үзіліссіз үрдістер. Азық технологиясының негізгі үрдістері ұйымның тәсілдеріне байланысты периодты және үзіліссіз болып бөлінеді. Периодты үрдістер былай сипатталады, барлық сатылар (шикізатты арту, дайын өнімді өңдеу және түсіру) бір құралда, бірақ әр түрлі уақытта жүзеге асады. Үзіліссіз үрдістер былай сипатталады, олардың барлық сатылары бір уақытта болады, бірақ кеңістікте бөлінген, себебі осы құруды құрайтын ағынды құралдың әртүрлі бөліктерінде немесе әртүрлі құралдарда жүзеге асады. Үзіліссіз үрдістің периодты үрдіспен салыстырғанда негізгі артықшылығы келесілерде:
- шығарылатын шикізаттың артуы мен дайын өнімнің түсірілуіне уақыт шығынның болмауы;
- режимді параметрлердің сапалы реттеу жүйесінің мүмкіндік беруі, ол дайын өнімнің өте жоғары тұрақтылығын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді;
- өндірістің қондырғының периодты әрекетімен бірдей кезінде қондырғының габариттері кіші болады, бұл оның дайындалуына, жөндеуіне, амортизациондық бөліктері, пайдалану мен монтаждауға жіберілген шығынды азайтады;
- пайдалы әрекеттің жылу коэффициенті жоғарылайды, себебі жұмыс уақытында үзілістің болмау кезі оның жүргізілген жылу толығымен қолданады, өнімді түсірген кезде шығындар да болмайды;
- құралдардың қызмет көрсету шарттары оларды арту мен түсіру операциясының жоқтығынан жақсарады, қызмет көрсету персоналында да қажеттілік азаяды.
Үрдістер параметрлердің уақыттағы өзгерістерге (жылдамдық, температура, концентрация және т.с.с.) байланысты орнатылған (стационарлы) және орнатылмаған (стационарлы емес немесе өтетін) болып бөлінуі мүмкін.
Орнатылған үрдіс кезінде әр параметрдің маңыздылығы қарастырылатын құралдағы нүктенің жағдайына ғана байланысты, бірақ уақытқа байланысты емес.Орнатылмаған үрдісте параметрлер қарастырылатын құралдағы нүктенің жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар уақытқа байланысты. Үзіліссіз үрдістер үшін параметрлердің уақыттағы өзгеруі қондырғының жіберу периодында ғана орын алады.
