- •Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі
- •3. Пререквизиттері: қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті.
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Менің Отаным
- •Тәуелсіз Қазақ елі
- •Соөж тапсырмалары
- •Қазақстан
- •Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Грамматикалық минимум
- •Парламент. Үкімет
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •Экономика
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық банк
- •Ұлттық валюта
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар. Халықаралық экономикалық қатынастар
- •5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •Мемлекет – адамдық өркениет институты
- •1.Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Салт-дәстүрлердің түрлері
- •Сөж тапсырмасы
- •Сөж тапсырмасы
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Сөж тапсырмасы
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •Сөж тапсырмасы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Менің Отаным
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіз еліміздің өз мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Қазақстанның аумағы өте үлкен. Қазақ елі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы батыстан шығысқа дейін 2800 шақырымды алып жатыр.
Батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізінде мұнай және газ кеніштері бар. Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс, жеміс-жидек көп өседі. Солтүстігінде егін жақсы өседі. Ал шығыс аймағы түрлі түсті металға бай. Орталық Қазақстанда көмір шығарылады.
Астана – Қазақстанның астанасы. Қазақстан халқының саны 17 миллион.
Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар
1991, 16, 2800, 17 млн.
Сызбаларды қолданып, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар
көлемі батыс солтүстік
жер → аумағы → өңір
аймағы шығыс оңтүстік
Антонимін жазыңыздар.
Тұңғыш – ..., алды – ..., үлкен – ..., көп – ..., ірі – ..., кең – ....
Жазылым
Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап жазыңыздар
Қазақ елі тәуелсіздігін қашан алды?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіз бе?
Қазақстанның шекарасы үлкен бе?
Ол қай мемлекеттермен шектеседі?
Каспий теңізі қайда орналасқан?
Қазақстан халқының саны қанша?
Тірек сөздерді пайдаланып, Қазақстанның аймақтары туралы шағын әңгіме жазыңыздар
Тірек сөздер: Қазақстан, шығу, өсу, бар, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
Көп нүктенің орнына оң жақтан тиісті сын есімдерді қойыңыздар
|
бұлтты, бұлтсыз |
|
суық, жылы |
|
сұлу, көріксіз |
|
аязды, жылы |
|
қолайлы, қолайсыз |
|
орманды, таулы, ормансыз, таусыз |
|
әсем, үлкен, кішкентай, жаман |
Оқимыз. Сөйлейміз
Тірек сөздерді қолданып, мәтінді дамытыңыздар
Қазақ елінің жері кең, аумағы үлкен. Қазақстан елінің шекарасы ..........................................................
Тірек сөздер: Ресей, Қытай, шектеседі, батысында, теңіз, мұнай, егін, металл, көмір, бас қала, халық, саны, бай.
Қатысым
Сөздермен хабарлы сөйлем құрыңыздар
а) тәуелсіз, ел, біздің
ә) батысында, бар, теңізі, Каспий
б) өседі, егін, солтүстікте
в) металға бай, түрлі түсті, шығыс аймағы
г) көмір, Қазақстанда, Орталық, бар
Полилогті оқып, мәтінге айналдырыңыздар
Мейрамбек: – Біздің Астанамызда ескерткіштер көп.
Сергей: – Иә, әсіресе, қазақ хандары мен батырларының ескерткіштері көп.
Әсем: – Дұрыс айтасың, Сергей. Астанада Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай батырларға ескерткіштер қойылған.
Айсұлу: – Қабанбай ескерткіші Қабанбай көшесінде орналасқан.
Тілек: – Қалада үш бидің де ескерткіштері бар.
Мейрамбек: – Мен Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы қазақ әдебиетінен көп оқыдым.
Сергей: – Керім, сен батырлардың ескерткішін көргің келе ме?
Керім: – Әрине, көргім келеді.
Әсем: – Онда жүр! Біз сені Астана қаласымен таныстырайық.
Мәтінді оқыңыздар және «Қазақ елі қандай ел?» деген сұраққа жауап беріңіздер
