Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK-2012_Zhalgastyrushy_noyabr_3_okon_2.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

7. Мына сөздердің омоним екенін дәлелдеп , мысалдар жазыңыздар

Ат, бас, күн, жүз ,астана

8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды -драма театры

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын. Театрдың негізін қалаған, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын. Бұл күндері Астана қаласындағы көшелердің бірі дарынды режиссер есімімен аталады.

Ең алғаш театр өз шымылдығын қазақтың белгілі драматургі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасы бойынша қойылған спектакльмен ашқан еді. Құрылғандарына бір жыл өтпей, атап айтқанда, 1992 жылы театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды. Ал 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанып, үлкен марапатқа ие болды.

Театр үйіне әрбір көрермен өз акустикасын, ал режиссер өзінің сазын алып келеді деген сөз бар. Халықтың театрға деген махаббаты тек осы екі негізгі мәселелер үйлесім тапқан кезде ғана көрінетін болса керек. Осындай үлкен игі өзгерісті көпшілік Ақмола қаласының – Қазақстан Республикасының астанасы ретінде өзгеруі кезінде айқын сезінді. Өйткені, 1999 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақыруымен театр жетекшілігіне КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов келген болатын. Осы уақыттан бастап, театрдың тіршілігінде үлкен бетбұрыс басталды. Репертуарлар әлемдік классиктер В.Делмарь, У.Шекспир, А.Чехов шығармаларымен толықты. Көп ұзамай жас театр ұжымына Қазақстанның әртісі Гүлжан Әспетова да келіп қосылды. Бұл күндері театр сахнасында «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері , Жастар сыйлықтарының лауреаттары, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қызмет етіп келеді.

10.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Театр негізін қалаған Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын

  1. Қазір Астанадағы көшелердің біріне дарынды режиссердің есімі берілмеген.

  1. 1992 жылы театр ұжымы халықаралық фестивальде лауреат атағын алды

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын

11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

  1. Театр, бар, келеді, режиссер, ал, өзінің, алып, үйіне, көрермен, әрбір, өз, акустикасын, сазын, сөз, деген.

  2. Болатын, сазды, драма, құрылған, театры, Қалибек, Қуанышбаев, 1991 жылы, атындағы, қазақ

  3. Қаласындағы, аталады, есімімен, бұл, дарынды, күндері, Астана, бірі, көшелердің, режиссер.

12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Қазақ халқының мәдениеті - ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақстан театр өнері

1926 жылы Қызылорда қаласында М. Әуезовтің  «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды. 1928 жылы театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 жылы Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Алматыда 1934 жылы Ұйғыр театры, 1935 жылы Қуыршақ театры, 1944 жылы Жасөспірімдер театры және 1937 жылы Қызылорда қаласында Корей театры ашылды. Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры  1934 жылы Алматы қаласында ашылды. Қазақстанда бірінші опера 1936 жылы қойылды. Содан бері 50-ге жуық опера мен балет жазылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының  өмірбаяны 2000 жылы М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен  басталды.  Қазіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]