
- •Қазақстан республикасы
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер:
- •8.2. Қосымша әдебиеттер:
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Глоссарий
- •Қазақтың өнері мен мәдениеті
- •Бурабай табиғаты
- •Мен және қоршаған орта
- •Мамандық туралы
- •Қазақстан - әлемдік кеңістікте
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Адам және заң
- •Халықаралық қатынастар
- •Қазақ драмасының діңгегі
- •Денсаулықты жетілдіретін не?
- •1. Тілдер туралы Заңға өзгерістер қашан енгізілді?
- •13. Қажетті қосымшаны жалғаңыз. Көзілдірік атам...
- •9. «Мировые сообщество» сөз тіркесінің қазақша аудармасы
- •Мазмұны
Бурабай табиғаты
Біздің
республикамызда табиғаты таңғажайып
жерлер өте көп. Соның бірі – Көкшетаудағы
Бурабай мекені. Бұл жердің табиғаты
жылдың төрт мезгі -
лінде де керемет көрінісімен қызықтырады. Бой сергітер таза ауасы дертке дауа. Бурабайдың таза ауасын, әдемілігін Швейцария табиғатымен салыстырады. Бүгінде бұл аймақты «Қазақстанның Швейцариясы» деп атау орын алған.
Бурабайда сан ғасырлық тарихы бар «Жұмбақтас», «Оқжетпес» шыңдары орналасқан. Бұл шыңдарды қызықтаған адам таудың әр қырынан әр түрлі бейнені көре алады. Бурабайға саяхатшылар, дем алушы Қазақстан, шетел азаматтары үнемі барады. Осындай тарихи жерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін, қорғай білуіміз керек.
6 - тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстанның «Швейцариясы» деп қай жерді атаймыз?
Бурабайдың табиғаты қандай?
«Жұмбақтас» деп аталатын шыңның көрінісін сипаттаңыз.
«Оқжетпес» шыңы туралы қандай аңыз білесіз?
7 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, ауызша сөйлесіңіз.
- Достым, мен жазда саяхатқа барғанды ұнатамын.
Жаныңа шипа болар көрікті жерлерді көп адам шетелдерден іздейді. Мен Қазақстанда саяхаттауды ұнатамын. Мысалы: «Бурабай», «Шортанды», «Оқжетпес» басқа да орындар. Сенің ойың қандай?
- ...
- Сен көрген жерлердің ерекше табиғаты туралы айтып берші?
- ...
- Ол жерде ауа-райы қандай екен?
- ...
- Қазақстанда табиғат ана сыйлаған қаншама демалатын орындар бар? Осы табиғи орындарды атап бере аласың ба?
- ...
8 - тапсырма. Есімдіктерді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. ... табиғаты өте көркем. 2. ... – қазақтың Швейцариясы атанған өлке.
3. ... Бурабайда мұражайға бардым. 4. Орманда негізінен ... ағаштар өседі?
5. Ол ... өлке? 6. Көкше таулары мен жартастары берік гранит ... құралған. 6. ... желдің, судың, ыстық-суықтың әсерінен мыңдаған жылдар қирап, сынып, мүжіліп, әр алуан мүсіндегі сұлу шыңға, жартастарға айналған. 7. ... шөгіп жатқан атанға, ұйықтаған батырға, арыстанға, қоянға, пілге ұқсайды. 8.... санаторий мен профилакториялар, туристік базалар жұмыс істейді.
9 - тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын тауып, жалғастырыңыз.
Үлгі: Біз Бурабай көлінде қайықпен жүземіз.
|
|
балық |
жүзу |
|
|
қайық |
шомылу |
Біз |
Бурабай |
саңырауқұлақ |
теру |
Балалар |
орман |
жидек |
аулау |
|
көл |
Катараман |
серуендеу |
|
Жұмбақтас |
кеме |
міну |
|
Оқжетпес |
|
көру |
|
Ұйқыдағы батыр |
машина |
суретке түсу |
|
Биші қайың |
|
қыдыру |
10 - тапсырма. Сұхбаттың мазмұнын түсініп, көршіңізбен сөйлесіп көріңіз.
- Сәлем, Сәкен!
- Сәлем, Асхат!
- Сен қайдан келесің ?
- Мен «Бурабай» демалыс орнынан келе жатырмын. Ол жерді білесің бе?
-Әрине, Бурабайды тек біз ғана емес, шетел азаматтары да жақсы біледі ғой.
- Өзің Бурабайда дем алып көрдің бе?
- Жоқ, өкінішке орай, әлі ол жерде болмаппын. Қалай дем алдың?
- Өте жақсы. Бурабай Қазақстанның ең таза, ең әсем, сұлу жері ғой. Онда тарихи жерлер көп.
- Таулы өлкенің табиғаты қалай екен?
- Бурабайда айналаң жасыл желекке орап тастағандай. Өзен сулары мөлдір де таза. Ауасы таза болғандықтан, табиғат аясында көп серуендедік.
- Сенің жақсы дем алғаның көрініп тұр. Таза ауа адамға осынша әсер етеді екен. Мен де Бурабайға баруды армандап тұрмын.
- Дұрыс, ауасы таза жер денсаулығыңды жақсартады. Сергітеді. Міндетті түрде бар.
9 – сабақ
Мен және қоршаған орта
Етістік
1- тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Қазіргі Қазақстанның табиғи жағдайы қандай?
2. Әлемде болып жатқан дүлей апаттар жайында не білесің?
3. Адам өміріне қауыпты қандай апат түрлерін білесіңдер?
2 - тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.
Қоршаған орта снежная лавина
Табиғи апаттар окружающая среда
Жер
сілкінісі чрезвычайное
положение
Сел ағыны землетрясение
Төтенше жағдай селевой поток
Қар көшкіні стихийное бедствие
3 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1. Бесінші маусым – дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. 2. Оның негізгі мақсаты – табиғатқа деген қамқорлықты күшейту. 3. Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір елдердің халықтары ұзақ өмір сүреді. 4. Бірақ кейде таулы өңірлерде сел апаты, жер сілкінісі болып тұрады. 5. Қоршаған ортаны қорғау - әр азаматтың міндеті. 6. Сондықтан орман-тоғайлардың өртенуіне, ағаштардың оталуына, жер асты байлықтарды есепсіз пайдалануға, өзен-көлдердің ластанып, тартылуына жол бермеуіміз керек.
4 - тапсырма. Мына сөздермен танысып, жаттап алыңыз.
өркениет - цивилизация
қоршаған орта – окружаюшая среда
табиғи жанартаулар – природные вулканы
бу күйіндегі – в виде пара
улы - ядовитый
жел - ветер
шаң - пыль
қалдықтар - отходы
шегіне
жету- достигнуть нормы
5 - тапсырма. Төмендегі зат есімдерді аударып, сын есімдермен тіркестіріңіз.
Қандай ? қоршаған орта мұнай қоқыс
Қандай ? өркениет көлік аула
Қандай ? ауа саябақ зауыт
Қандай ? шаң шипажай сүзгі
6 - тапсырма. Берілген диаграмма бойынша сөйлем құрастырыңыз.
7 - тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, өзіңізге таныс сөздердің аудармасын еске түсіріңіз. Мәтінді қазақша мазмұндаңыз.