
- •Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі с. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті «Технологиялық процестерді механикаландыру» кафедрасы
- •«Мал шаруашылығындағы технологиялық процестер»
- •Малдарға және құстарға арналған автосуарғыштар
- •Су көтергіш машиналар мен қондырғылар
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •2.1 Қалақшалы насостар
- •2.2 Көлемдік насостар
- •2.3 Су айдағыш қокдырғылар
- •2.4 Гидросоққылы су көтергіштер
- •2.5 Инерциялық су кетергіштер
- •2.6 Қысымсыз су көтергіштер
- •2.8 Күн энергиясын қолданылатын су көтергіштер
- •2.9 Желдік-энергетикалық қондырғылар
- •3. Есеп беру мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
- •2. Қолданылатын құрал- жабдықтар
- •Лабораториялық жұмыс
- •2.3 Сауын қондырғысын реттеу
- •3. Есеп беру мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Лабораториялық жұмыс Шошқа фермасында және кешендерде азық тарату қондырғылары
- •Таратқышы
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •2. Жұмыстың мазмұны
- •2.1 Корк-15 және корк-5 азық цехі
- •2.1Сурет - корк жабдықтарын орналастыру схемасы
- •2.2Сурет - корк азық цехының технологиялық схемасы
- •3. Бақылау сұрақтары
- •Лабораториялық жұмыс Тұрақты азықтаратқыштар
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •2.1Сурет - Азықтаратқыш транспортерлердің технологиялық схемалары
- •2.2Сурет - Оттық ішіндегі рвкф таратқыш
- •2.3Сурет - тпк/ транспортері
- •Лабораториялық жұмыс Жылжымалы азықтаратқыштар
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •2.2Сурет- ктуа азықтаратқышы жұмысының технологиялық схемасы
- •2.4Сурет - Кіші габаритті рммф азық таратқыш
- •2.5Сурет - Азық таратқышараластырғыштардың технологиялық схемалары
- •2.2 Малды талдыру жабды0тары ж2не оларды4 09рылысы мен пайдалану ережелер3
- •Пинск3л3 бокс
- •Техникалы0 сипаттамасы.
- •Бокс г–ќфба
- •Фэорќ‘ электро талдыру 0ондыр5ылары
- •Техникалы0 сипаттамасы
- •4. Ба0ылау с8ра0тары
- •Лабораториялық жұмыс Қой қырқуға арналған жабдықтар
- •Жұмысты орындау жабдықтар
- •3. Пышақ пен тарақтарды қайрау ережелері
- •3.1 Техникалық қызмет көрсету
- •3.2 Еңбек қорғау ережелері
- •4. Есеп беру мазмұны
- •«Мал шаруашылығындағы технологиялық процестер»
- •Мұстафин Жасулан Жарылқағанұлы Каиржанова Жайнагүль Сакенқызы
Лабораториялық жұмыс
АДМ -8 сауын қондырғысының құрылысын және жұмысын
оқыпүйрену
Жұмыстың мақсаты
1.1 Сауын қондырғыларының жеке түйiндерiнiң құрылысын және жұмысын оқып бiлу.
1.2 Сүттi алғашқы өңдеу және машинамен сауу процестерiнің технологиялық схемаларын оқып бiлу.
1.3 Сүт өткiзгiштi және сауын жабдықтарын жуу схемасымен танысу.
Жұмыс орнының жабдығы:
1. АДМ - 8 сауын қондырғысы;
2. сауын қондырғылары жайлы плакаттар.
2. Жұмыстың мазмұны
АДМ - 8 сауын қондырғысы тұрақтағы сиырларды машинамен саууға, сауылған сүттi сүт қабылдағышқа тасымалдауға, сүзуге, суытуға және сақтау ыдысына жинауға арналған.
Сауын қондырғысы екi түрлі орындалыста шығарылады: а) 04 орындалыс - 200 сиырға арналған; б) 07 орындалыс - 100 сиырға арналған.
Сүттi алғашқы өңдеуден өткiзу үшiн сауын қондырғысымен қатар келесі жабдықтарды қолдану керек:
- сүттi жинауға және сақтауға арналған
- ТОВ-1 немесе ТО-2 салқындатқыш танкiлерi;
- УВ-10 салқындатқыш қондырғысы;
- ыстық су алуға арналған - УАП-400 электрлiк су қыздырғышы;
2.1 Сауын қондырғысының құрылысы
АДМ - 8 сауын қондырғысының жалпы құрылысы 1.1-суретте көрсетiлген (100 сиырға арналған). Сауын қондырғысы УВУ – 60/45 ваккумдiк қондырғысынан, вакуумдiк 5 және сүт өткiзгiш 1 құбырлардан, АДМ – 52.00 сүт мөлшерлегiшiнен 14, УЗМ - 1 жеке есептегiшiнен, АДУ-1 сауын аппараттарынан, жабдықтарды циркуляциялық жуу құралдарынан тұрады.
Сауын аппараттары сүтвакуумдiк кранның 15 көмегiмен сүт өткiзгiшке 1 және вакуумдық құбырға 5 қосылады. Жемазықты таратушы жылжымалы жабдықтардың жүруiн қамтамасыз ету үшiн сүт өткiзгiш пен вакуумдық құбырды көтеруге арналған құрылғы 6 орнатылған. УВУ-60/45 унификацияланған вакуумдық қондырғысы вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiште жұмыс вакуумын тудыруға арналған. Ол жеке бөлмеде фундаментке орнатылады. Лабораторияда ол далаға шығарылған. Вакуумдық қондырғы келесi бөлшектерден тұрады: ротациялық вакуумдiк насостан 8, электрлiк қозғалтқышты желiден ағытқанда насос роторын керi айналудан қорғайтын сақтандырғыш клапаннан 7, вакуумдiк реттегiштен 9, вакуумбаллоннан 11. Вакуум баллоны төрт функция атқарады :
- вакуум қорын жасайды;
- вакуумдық насоспен жүйедегi ауаны бiркелкi сормаудан туатын
пульсацияны бәсендетедi;
- вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiштен конденсат пен коррозия заттарын насосқа түсiрмей жинайды;
- вакуум құбырын жуған кезде жуғыш суйықты жинайды.
Вакуум құбыры 5 диаметрi 25,4 мм болатын болат құбырлардан дайындалады. Вакуумның шамасын реттеу үшiн вакуумдық құбырға дифференциальдi клапан 12 орнатылған. Вакуумдық құбырдағы ауаның сиреуi 0,46 кгс/м (45 кПа) болуы керек. Сүт өткiзгiш 1 жалғағыш муфталармен жалғанған диаметрi 45 мм болатын шыны және полиэтилен құбырлардан тұрады. Сүт өткiзгiштi екi желiге бөлу үшiн бөлгiш 3 қолданылады.
Сүт өткiзгiштiң шыбықтары негiзгi вакуумреттегiш 2 және 4 қатар ауыстырып қосқыш 28 арқылы сүт мөлшерлегiшiмен 14 қосылған. Негiзгi вакуумреттегiш сүт өткiзгiште тұрақты 0,5 кгс/см (50 кПа) вакуум деңгейiн ұстап тұруға арналған. Вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiштегi ауа сиреуiнiң әртүрлi болуы сауын стаканы камераларындағы қысымның әркелкiлiгiн қалыптастырады. Негiзгi вакуумреттегiш вакуум құбырына бекiтiледi және резеңке немесе хлоринолдан жасалған түтiкпен сүт өткiзгiшке жалғанады.
Вакуумреттегiштiң сезiмталдығын жоғарлату үшiн жүк пружина арқылы клапанға iлiнген, ал тербелiстi тоқтату үшiн май iшiнде орналасқан жүкке амартизациялық шайбалар бекiтiлген. Реттегiштегi майдың деңгейi жүк шайбасының төмеңгi деңгейiнен 8-12 мм төмен болу керек.
Ауыстырып қосқыш 28 сауын қондырғысын сауу режимiнен жуу режимiне және керiсiнше ауыстырып қосуға арналған .
Сауу режимiнде ауыстырып қосқыштың ысырмасы сүт өткiзгiштi тек сүт мөлшерлегiшпен ғана қосады.
АДМ-52.00 сүт мөлшерлегiшi 14 елу бас сиырдан сауылған сүттi автоматты түрде есептеуге арналған. Сүт қабылдағыш 22 ауаны және сүт немесе жуғыш сұйықты жинай отырып, оларды екi ағысқа бұруға, сұйықты вакуумнан ажыратуға арналған. Ол шыны сүт қабылдағыштан тұрады. Оның төмеңгi бөлiгiне сүт насосын iске қосу датчигi орналасқан. Сүт қабылдағыштың жоғарғы бөлiгiне жалғағыш түтiк арқылы сақтандырғыш камера 13 қосылған. Ол сүт насосының iстен шығуына байланысты орталық вакуумдық жүйеге сүттiң өтіп кетуiнен сақтайды.
Камераның негiзгi элементi қалытқы болып табылады. Сүт жолын ва куумнан ажырыту үшiн кран 27 қолданылады. Ортадан тепкiш типтi НМУ-6 сүт насосы 23 сүт қабылдағыштан сүттi сүзгiге қарай айдайды.
Сүзгi 24 сүттi механикалық қоспалардан тазартуға арналған. Ол қаңқадан және сүзгiш элементтен тұрады.
ОМ-1 маркалы салқындатқышы 25 сүттi суық сумен немесе тұздалған мұздай сумен салқындатуға арналған. Сүттiң +4...+5 С температураға дейiн салқындауы сүттің бактерицидтiк периодын 3 сағаттан 1,5 тәулiкке дейiн көбейтедi. Салқындатқыш пластиналы. Пластиналар пакетке болттармен жиналып құралған.
Сүт танкiсi 26 алғашқы өндеуден өткен сүттi уақытша сақтауға арналған.
2.2 Сауын қондырғысының жұмысы
Сауын қондырғысының жұмыс iстеу схемасы 2.1-суретте көрсетiлген. Сауын қондырғысын сүт саууға дайындау келесi кезеңдерден тұрады:
сүт өткiзгiштi бөлгiштi 3 және ауыстырыпқосқышты 28 - "сауу" (доение) белгiсiне қою керек;
вакуумдiк қондырғыны iске қосып және барлық үш вакуум-реттегiштердiң вакуумметрлерiнiң көрсеткiштерiн тексеру қажет;
сиырлар желiнiн саууға дайындау;
сүттiквакуумдық кранның 15 көмегiмен сауын аппаратын жүйеге жалғап сауын стакандарын кезек бойынша емшектерге кигiзу керек.
Сиырдың желiнiндегi сүт желiн iшiндегi және стакан түбiндегi сору тактiсiндегi қысымдар айырмасы әсерiнен коллекторға 17 одан резеңке түтiк, сүтвакуумдық кран арқылы сүт өткiзгiшке 1 сорылады.
Ауа негiзгi вакуумЌреттегiштер 2 мен ң арқылы сүт өткiзгiшке сорылып сүттiң тасымалдануын жақсартады.
Сүттiауалы қоспа сүт өткiзгiштен ауыстырыпқосқыш 28 арқылы мөлшерлегiшке 14 келiп түседi. Сүт онда бiр литр порцияда өлшенiп, есептегiш механизмi пультiнде жазылады да, одан әрi коллекторлық құбыр 21 арқылы сүт жинағышқа 22 сорылады.
сүт өткізгіш ,негізгі вакуумреттегіштер бөлгіш вакуумдық құбыр құбырларды көтеру құрылғысы сақтандырғыш клапан вакуумдық насос вакуумреттегіш вакуумметр вакуумбаллон дифферен-циальды клапан сақтандырғыш камера сүт мөлшерлегіштер кран сауын стаканы коллектор пульсатор сүт мөлшерін көрсеткіштер шланг сүт қабылдау құбыршасы сүт қабылдағыш НМУ сүт насосы сүзгі ОМ сүт салқындатқышы сүт жинау танкі кран айырыпқосқыш.
2. - сурет - АДМ сауын қондырғысының жұмыс істеу схемасы
Сүт жинағышта сүт ауадан бөлiнедi. Ауа вакуумдық насоспен 8 сақтандырғыш клапан 7, вакуумреттегiш 9, вакуумдiк баллон 11, кран 27, сақтандырғыш камера 13 арқылы сүт қабылдағыштан сорылады және вакуумдiк насостың дыбыс баяулатқышы арқылы атмосфераға шығарылады.
Сүт насосымен 23 сүзгi 24 және пластиналы салқындатқыш 25 арқылы сүт сақтайтын танкiге айдалады.
Сүт қабылдағыштың төменгi бөлiгiнде сүттi насос пен датчикке апаратын штуцер орнатылған. Ол түтiктi тығыннан және магниттi қалытқыдан тұрады. Түтiкте әртүрлi биiктiкте магниттi басқаратын контактiлер орнатылған.
НМУ-6 сүт насосы автоматты режимде жұмыс iстейдi. Сүт қабылдағыштың сүтпен толуына байланысты магниттi қалытқы қалқып шығып, магниттi басқаратын контактiлердi қосып, сүт насосын басқару пультiне хабар бередi, насос iске қосылады. Сүттiң дегейi төмендегенде қалытқы төмен түсiп, астыңғы контактiлердi басады, насос ағытылады.
Сүт насосын ажырату датчигi сүт насосына ауаның кiруiн болдырмау үшiн белгiлi бiр сүт порциясын әрқашан сүт қабылдағышта қалдыратындай етiп жұмыс iстейдi. Сүт қабылдағыш толып кеткен кезде сүт немесе жуғыш ерiтiндi сақтандырғыш камераға 13 сорылады. Ол толған кезде ондағы сақтандырғыш клапан жоғарғы бетiне шығады және вакуумның сүт қабылдағышқа келуiн тоқтатады, сауу тоқтатылады.
Сүттi зоотехникалық есепке алатын УЗМ-1 құрылғысы сауылған сүттiң мөлшерiн және әр сиырдың сүтiнiң сапасы мен майлылығын анықтауға арналған. Есептегiштiң құрылысы плакатта көрсетiлген.
Сауын қондырғысының автоматты жуу жүйесi сүт өткiзгiштi және сүт сауу жабдықтарын жуу циклын берiлген бағдарламада автоматты басқаруды қамтамасыз етедi. Жуғыш автомат мынандай қызмет атқарады:
сауын аппараттарын, сүт жолдарын, сауын жабдықтарын сумен шайып оны канализацияға төгу;
ваннаны жуғыш ерiтiндiмен толтыру;
жүйенi айналдыра жуыпшаю;
таза сумен шаю;
вакуумдық және сүт насостарын iске қосу;
сүт қабылдағыштан су қалдықтарын шығару.
Жуғыш автомат басқару шкафынан, суық және ыстық су бұрандаларынан, жүйенi айналдыра жууға немесе қалдық сұйықты канализацияға бағыттайтын краннан, қалытқылы құрылғылы ваннадан, жуғыш ерiтiндiнi мөлшерлейтiн екi мөлшерлегiштен және сүт шлангасын салқындатқышқа жалғауға арналған аралықтан тұрады.
Басқару шкафында командалық прибор, сақтандырғыш, клеммалар, магниттi қосқыш және бес электромагниттiк бұрандалар орналасқан.
Шкафтың қақпағында бағдарламаны ауыстырыпқосқыш және кнопкалы станция орналасқан. Командалық приборда он бағдарламалық дискiлерi бар бiлiктi айналысқа келтiретiн электрлiк қозғалтқыш орналасқан.
60 минутта командалық прибордың бiлiгi бiр айналым жасайды.
Басқару шкафы сауын қондырғысын жуудың екi бағдарламасын қамтиды. Бiрiншi бағдарлама сауудан кейiн жуу кезiнде қондырғының сiлтiмен тазартылуын iске қосады. Мөлшерлегiш құрылғыға 1,5 л жуғыш концентрат сорылады. Магниттi бұранданы ауыстырып қосқаннан кейiн мөлшерлегiш құрылғыға атмосфералық ауа кiрiп жуғыш концентрат ваннаға құйылады. Агрегатты жуу кезегi мынадай. Сауар алдында барлық сүт түтiктерiнiң жолдарын 5 минут iшiнде жуып шаяды да сүт өткiзгiштегi қалдық сүттi шығару үшiн екi губка жiберiледi.
Сауу аяқталған соң сүт өткiзгiш жолдарын ауа үрлеу арқылы (4 рет бөлгiштен кейiнгi бiрiншi сүт кранын ашыпжабады) сүт қалдықтарынан тазартады. Сүт өткiзгiштi тұйықтайды. Ауыстырып қосқышты 28 "Жуу" (промывка), белгiсiне келтiредi. Сүт өткiзгiшке екi губканы жiбередi. Сырты жуылған сауын аппараттары жуу қондырғысына орнатылады. Басқару шкафы кнопкасын iске қосады. Бiрiншi бағдарлама бойынша жуу автоматты режимде жүредi. Қондырғы 5 минут iшiнде алдымен суық, одан кейiн жылы сумен жуылады. Осыдан кейiн ваннаға сiлтi мөлшерленедi. Жуғыш ерiтiндi жүйеде 15 минут циркуляцияланады. Сiлтiмен жуудан кейiн 5 минут iшiнде жүйенi шаю керек. Соңында сүт қабылдағышта қалған сұйық шығарылады және қондырғы ағытылады.
Екiншi бағдарлама бойынша қондырғыны жууды сiлтiмен жууға және дезинфекцияға қарамастан сүт өткiзгiште қалдықтар қаланда қосады.