Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
econ_38.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
829.44 Кб
Скачать

83

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................

  1. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың теориялық негіздері

    1. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау жүйесі және

әдістемесі..................................................................................................................

    1. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау тәсілдері................................

2. Жк «Сауранбай с.Б.» тәуелсіз бағалау компаниясының көрсеткіштері және кәсіпорынның жылжымайтын мүлік объектілеріне бағалау жүргізу тәжірибесі

2.1. ЖК «Сауранбай С.Б.» тәуелсіз бағалау компаниясы және оның техникалық – экономикалық көрсеткіштері..........................................

2.3. Жылжымайтын мүлік объектілерін әр түрлі мақсаттарда бағалау жүргізу тәжірибесі................

3. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті бағалау механизмін жетілдіру жолдары

3.1. Шет елдердің жылжымайтын мүлікті бағалаудаңы іс-тәжірибесі................

3.2. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті бағалау механизмін жетілдіру жолдары..................................................................................................

Қорытынды......................................................................................................

Қолданған әдебиеттер тізімі...........................................................

Қосымшалар.........................................................................................................

Кіріспе

Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті нарықтық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр.

Меншік тек экономикалық мағынада емес ,құқылық формада да даму алады.

Ал меншіктің дамуымен қатар, әртүрлі экономикалық қатынастар да дами бастайды. Мысал келтіретін болсақ, кез келген меншіктің құны болады, ол құнды анықтау үшін бағалаушының көмегі қажет.

Қазақстандағы нарықтық экономикалық дамуының қазіргі кездегі сатысында кез келген тауар мен қызметтің құнын бағалау маңызды және қажетті.

Құнды бағалаудың, мәміленің негізделген бағасын анықтау кезінде, потенциалды сатушы мен сатып алушы үшін, ипотекалық несие беру туралы шешім қабылдау кезінде, несиеші үшін, сақтандыру компаниялары үшін маңызды.

Осыған байланысты құнның түрлері де әртүрлі болады. Бағалау реттелген, мақсатты процесс болып табылады.

Қазақстандағы және халықаралық стандарттарға сәйкес, әртүрлі құнды бағалау кезінде, көпшілікпен қабылданған, үш тәсіл және олардың әдістерін қолдану ұсынылады. Олар – шығындық, табыстық және салыстырмалы.

Қазақстан Республикасында бұл мамандық жаңа болып саналады, сондықтан жетілдіріп зерттелмеген. Осыған орай әдебиеттер саны да аз.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты, адамзаттық қоғамның құқықтық мемлекеттің, нарықтық қатынастардың негізінде мемлекеттің жаңа механизмінің қалыптасуы болып табылады.

Құқықтық мемлекетті құру және даму мәселелеріне, қоғамның барлық мүшелерін тең құқықпен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені, осы құқықтарды әділетті бағалау үшін, олардың мүліктік құқықтарын қорғау және кепілдікпен қамтамасыз ету.

Осылайша, тәуелсіз бағалаудың арнайы қызмет түрі ретінде дамуы және қалыптасуы, экономиканы реформалаудың жалпы процесінің құраушы бөлігімен құқықтық демократиялық мемлекетті құру болып табылады.

Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнының көлемі туралы объективті, негізделген қорытындысы, сату - сатып алу немесе арендаға тапсыру операциясы кезінде, кәсіпорынды акционерлеу және мүліктің бөлімді қайта бөлу, жылжымайтын мүлікке салық салу және сақтандыру кезінде, мүлікті кепілге беру арқылы несиелеужәне инвесторларды қызықтыру кезінде, мүліктік құқықтарды іске асыру кезінде қажетті. Жылжымайтын мүлік объектісінің жеке коллективті иеленушілері, банктер және басқа қаржылық компаниялары - потенциалды инвесторлар, сақтандыру компаниялары, құқықтық ұйымдар, мүлік және банкротство бойынша комитеттер, жер реформалары туралы, салықтық қызметтер және басқа басқарушылық органдар-бұл операциялардың субъектілері болып табылады.

Берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы – «Әр түрлі мақсаттар үшін жылжымайтын мүліктің бағалау ерекшеліктері (Мысал ретінде ЖК «Сауранбай С.Б.» Тәуелсіз бағалау компаниясы)». Бүгінгі күнде бұл тақырып маңыздылардың бірі болып табылады, себебі қазіргі таңда жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау тек қана сатып алу – сату мақсатында ғана емес, сонымен қатар, оларды сақтандыру, кепілдікке ұсыну, оның қалпына келтіру құнын анықтау мақсатында бағалау қызметі жүргізіледі.

Жеке мүліктің құқықтар негізінде жылжымайтын мүлік меншігі жатыр. Меншіктенулер еместерге қарағанда, иеленушілердің мүдделері қорғалған, олар өзінің меншігінің құқығының құнын басқаруға ұмтылады. Сол үшін көптеген жұмыстар жасалады.

Ерікті нарықтық функционалуы үшін, құнды жасайтын, факторларды түсіну, маңызды шарт болып табылады. Берілген факторлар, сатушы мен сатып алушының мотивациясын, меншікті өндіруді және оны қоршаған ортаның жағдайын қосады. Жылжымайтын мүліктің құнына әсер ететін факторлар табиғи, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік және саяси-құқықтық.

Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - жылжымайтын мүлік объектілерінәр түрлі мақсаттарға байланысты құнды анықтау. Яғни бағалаудың, көп тараған, үш тәсілін де қолдана отырып, құндарды табу. Олардың ішінен оптималдысын таңдау.

Дипломдық жұмыстың мақсатынан келесі міндеттер туындайды:

- Жылжымалы мүлікті бағалаудың негізгі принциптері мен әдістерін негіздеу.

- Берілген бағалау объектісінің мінездемесіне, меншік құқығына сипаттама беру.

- Жылжымайтын мүлік объектісін бағалаудың негізгі тәсілдерін қолдана отырып, объектіні бағалау.

- Жылжымайтын мүлік нарығының түрлері және оның ерекшеліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]