Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебі

 

565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.

2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізбейді.

3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариустық, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн тұрған жерi бойынша салық органына табыс еткен дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, адвокатты тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

5. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.

 

566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту

1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің, адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:

1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері;

2) жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына тапсыруға міндетті.

3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:

1) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттарды;

2) жекеше нотариус, адвокат – осы Кодекстің 565-бабы 3-тармағында белгіленген құжаттарды қоса береді.

4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыра отырып жүргізеді.

5. Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

3. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]