Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Консулдық алым

 

549-бап. Жалпы ережелер

Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.

 

550-бап. Консулдық алым төлеушілер

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдік заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық іс-әрекеттер өздерінің мүдделері үшін жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушілер болып табылады.

 

551-бап. Алу объектілері

Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу;

2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;

4) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін ресімдеу;

5) шетелге тұрақты тұруға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерге ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) берілген балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу;

8) құжаттарды талап ету;

9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

10) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;

11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;

12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;

13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;

14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;

15) кемені шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығына куәлік беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;

16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

 

552-бап. Консулдық алым ставкалары

1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, консулдық алымдар ставкаларының ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерiн, сондай-ақ жеделдету үшiн консулдық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставкалар мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

 

553-бап. Консулдық алым төлеуден босату

Консулдық алым:

1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;

2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;

3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшін;

4) мыналарға:

Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;

қызметтiк iстер бойынша шығатын Қазақстан Респуб­ликасының дипломатиялық, қызметтiк немесе ұлттық паспорт иелерi – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне;

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;

5) мыналарға:

Қазақтан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (сим­по­зиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ке­лі­сілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге Қазақстан Респуб­ли­касы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және Қазақстан Рес­пуб­ликасының шетелдік мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) ту­ралы нұсқау жібергені үшін;

инвесторлық визаларды пысықтағаны үшін;

6) мыналарға:

Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делег­а­ция­лардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (сим­позиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс бас­қармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ша­қыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;

Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері – шетелдіктерге;

16 жасқа дейінгі балаларға;

Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;

шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;

инвесторлық визаларды;

қызметтік визаларды;

дипломатиялық визаларды бергенi үшiн;

7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;

8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;

9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде анықтамалар бергені үшін;

10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;

12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;

13) шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға заңды маңызы бар анықтамалар бергені үшін алынбайды.

 

554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі

1. Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.

2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен кейін жүзеге асырады.

3. Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.

4. Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.

Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингiне, швейцар франкiне, канада долларына, жапон иенiне айырбастайды.

Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге ай сайын келiп түсетiн консулдық алымдар түсiмi 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есептi кезеңнiң соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетiлген валюта түрлерiндегi эквивалентiн құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электронды түрдегі төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.

7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]