Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 1. Жылдық жиынтық табыс

 

84-бап. Жылдық жиынтық табыс

1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.

Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру.

7) халықаралық қаржылық есептілік стандартта­ры­на және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының та­лаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндет­теме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндетте­ме­нің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтер­лік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.

 

85-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:

1) өткізуден түсетін табыс;

2) құн өсімінен түсетін табыс;

3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

17) дивидендтер;

18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

20) ұтыстар;

21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

24) осы тармақтың 1) – 23) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.

2. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.

Табыстың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылу күні табыстың осы Кодекске сәйкес танылу күнінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады.

Бұл ретте, салық салу мақсатына орай табыстың танылу күні осы Кодекстің ережелеріне сәйкес айқындалады.

3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.

4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар.

 

86-бап. Өткізуден түсетін табыс

1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 8798-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткiзуден түсетiн табыс болып табылады.

Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.

2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:

1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

3) роялти;

4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.

 

87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс

1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу;

2) амортизацияға жатпайтын активтердi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;

3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде амортизацияға жатпайтын активтердiң шығып қалуы кезiнде құралады.

2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:

1) жер учаскелерi;

2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;

3) орнатылмаған жабдық;

4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бiр жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;

5) бағалы қағаздар;

6) қатысу үлесi;

7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;

8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;

9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiне жатқызылған мүлiк жатады.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көр­се­тiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

4. Осы баптың мақсатында:

осы Кодекстiң 115-бабының 14) тармақшасында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерiмдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);

салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабының 6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы, сондай-ақ осы Кодекстiң 101114-баптары негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);

амортизациялық аударымдардан;

бухгалтерлiк есепке алуда туындайтын және осы Кодекстiң 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретiнде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтердi сатып алуға, өндiруге, салуға, мон­таждауға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құ­нын арттыратын, оның iшiнде қаржылық есептiлiктiң ха­лықаралық стандарттарына және Қазақстан Респуб­ли­ка­сының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заң­н­ама­сының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейiн арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiн қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құны болып табылады.

5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:

1) өткiзу кезiнде – өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;

2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ай­қындалған құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;

3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде – беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбiр бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.

6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:

1) өткiзу кезiнде – дисконттың амортизациясы және (не­месе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;

2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде – дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;

3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде – дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбiр бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.

7. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлес­те­рi­нiң құнын арттыратын сатып алуға байланысты шы­ғын­дардың, оларды сатып алуға арналған iс жүзiндегi шы­ғын­дардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесiнiң бастапқы құны болып табылады.

8. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ай­қын­дал­ған құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

9. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi өзiнiң меншiк құқығын тiркеген кезден бастап осы салық төлеушiнiң меншiк құқығында бiр жыл және одан да көп жыл болатын тұрғын үй-жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, өзiндiк қосалқы шаруашылық объектiлерiн жарғылық капиталға салған кезде берiлген мүлiктiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

10. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi осы баптың 7-тармағында көрсетiлмеген мүлiктi жарғылық капиталға салған кезде жарғылық капиталға енгiзiлген мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

Жарғылық капиталға салынған мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны болмаған кезде осы мүлiкке меншiк құқығы туындаған кездегi мүлiктiң нарықтық құны салымның құны болып табылады. Бағалаушы мен салық төлеушi арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.

Салық төлеушi мүлiктiң нарықтық құнын корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей айқындауға тиiс.

11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақ­ша­ларында көрсетiлген активтер бойынша құн өсiмi әрбiр актив бойынша:

1) өткiзу кезiнде – өткiзу құны мөлшерiнде;

2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мөлшерiнде;

3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде – беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады.

12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусiз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусiз алынған мүлiктiң құны түрiнде жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген осы активтердiң құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.

 

88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:

1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;

2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:

осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақша­ларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.

3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

 

89-бап. Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыс

Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған күнінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады.

Көрсетілген міндеттемелер олардың туындауы күніне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасына барабар түрде қалпына келтірілуге жататын қосылған құн салығын қоспағанда, осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасы шегінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

 

90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерін азайтқан кезде бұрын талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде бұрын қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде шегерiмге жат­қызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.

2. Мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша борышкер заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған;

2) борышкер жеке тұлға күшіне енген сот шешімінің негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған;

3) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

3. Құрылған сақтандыру резервтерінің осы Кодексте белгіленген мөлшерде және тәртіппен бұрын шегерімге жатқызылған мөлшерлерін азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерінің мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.

 

91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс

Мыналар:

1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма;

2) талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады.

 

92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс

Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.

 

93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс

Егер осы Кодекстің 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінің басында салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескерілген жеке топтың мөлшерінен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.

 

94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс

1. Егер кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

2. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі жұмыстарды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде жүргізбесе, онда есепті кезең ішінде шегерімге жатқызылған, кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасы ол жүргізілуге тиіс болған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

 

95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар

1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрінде алынған табыстарға:

1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген, күмәнді деп танылған талаптар сомасы;

2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;

3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;

4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.

Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңінің табысы болып табылады.

2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылуы аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.

 

96-бап. Өтеусіз алынған мүлік

Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады.

өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалады.

Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.

 

97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс

1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.

2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:

1) медициналық қызметті;

2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;

3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;

4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.

3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.

 

98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)

1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:

1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;

2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;

6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;

7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;

8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;

9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

11) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры астық қабылдау кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

12) мақта (астық) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;

13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақша­ны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвес­тиция­лық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұн­дай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;

14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.

2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады.

Салық төлеуші тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]