- •Қазақстан Республикасының
- •2. Ерекше бөлім
- •§ 1. Салық есептілігі
- •§ 2. Салықтық өтініш
- •§ 3. Салық тіркелімдері
- •§ 1. Жылдық жиынтық табыс
- •§ 2. Шегерімдер
- •§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •§ 4. Инвестициялық салық преференциялары
- •§ 5. Туынды қаржы құралдары
- •§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •§ 1. Қызметкердің табысы
- •§1. Қол қойылатын бонус
- •§ 2. Коммерциялық табу бонусы
- •§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •§ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •§ 1. Мемлекеттік баж
- •§ 2. Консулдық алым
- •§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару
- •§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
- •§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі
- •§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау
- •1. Жалпы бөлім
- •2. Ерекше бөлім
- •§ 1. Салық есептілігі
- •§ 2. Салықтық өтініш
- •§ 3. Салық тіркелімдері
- •§ 1. Жылдық жиынтық табыс
- •§ 2. Шегерімдер
- •§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •§ 4. Инвестициялық салық преференциялары
- •§ 5. Туынды қаржы құралдары
- •§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету
- •Асыратын ұйымдарға салық салу
- •Ұйымдарға салық салу
- •§ 1. Қызметкердің табысы
- •§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
- •§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
- •§ 5. Стипендиялар
- •§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
- •§ 1. Мүліктік табыс
- •§ 2. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы
- •§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
- •§ 4. Басқа табыстар
- •Құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Арнаулы ережелер
- •Салынатын айналымдар
- •Айналымдар және импорт
- •Салық салу
- •Салық салу
- •§1. Қол қойылатын бонус
- •§ 2. Коммерциялық табу бонусы
- •§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
- •§ 1. Жалпы ережелер
- •§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •§ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жүргені үшін алым
- •Байланысты бергені үшін төлемақы 76-т
- •§ 1. Мемлекеттік баж
- •§ 2. Консулдық алым
- •3. Салық әкімшілігін жүргізу
- •§ 1. Салық төлеуші ретінде тіркеу
- •§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебі
- •§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі
- •§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі
- •§ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі
- •§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі
- •§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші
- •§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
- •§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару
- •Жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі хабарлама
- •Қамтамасыз ету тәсілдері
- •§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
- •§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі
- •§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау
- •Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
- •Нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібі
§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
340-бап. Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т. , …. Vn ө.т. – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
Б1 ө. , Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
Рет № |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Ставка-лар, %-пен |
1 |
2 |
3 |
1.
|
Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас |
2,5 |
2. |
Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы |
4,7 |
3.
|
Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас |
5,6 |
4. |
Жерасты сулары, емдік балшық |
10,6 |
Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.