Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

Тақырып: № 12 Көлік құралдарына және мүлікке салық

Мақсат – көлік құралдарына және мүлікке салықтың жалпы сипаттамасын беру. Көрсетілген салық түрлерінің негізгі элементтерін қарастыру.

Жоспар:

1 Көлік құралдарына салық

2 Мүлікке салық

1 Сұрақ Көлік қүраддары салығы

Көлік күралдары салығын төлеушілер меншік құқығында салык салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік негізінде шаруашылык жүргізу немесе оралымды басқару құкығында салык салынатын объектілері бар занды тұлғалар мен олардың күрылымдық бөлімшелері, яғни, меншік құқығында, меншікті сенім білдіріп басқару кұкығында және шаруашылық жүргізу немесе оралымды (тікелей) басқару құқығында мемлекеттік (тіркеу) есебіне алынған көлік қүралдары бар занды және жеке тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын және уәкілетгі органда есепте тұрған көлік кұралдары осы салық түрі бойынша салық салу объектісі болып табылады.

Ал жүк көтерімі 40 тонна және одан асатын карьерлік авто-аударғыштар мен мамандандырылған медициналык көлік құралдары заң жүзінде салық салу объектілері катарына жаткызылмаған.

Келік салығын есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген.

Демек, Казакстан Республикасы аумағында көлік кұралдары салығын салу объектілері ретінде:

1) двигатель көлемі (текше см.) нақты белгіленген жеңіл автомобильдер;

2) жүк кетергіштігі нақтылы белгіленген жүк таситын және арнаулы автомобильдер;

3) шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді есепке алмағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрісті механизмдер;

4) отыратын 12, 25 және 25-тен жоғары орны бар автобустар;

5) мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар. шағын кемелер;

6) двигательдерінің қуаты (160,160-тан жоғары 500 а.к. коса, 500-ден жоғары 1000 а.к. коса, 1000 ат күшінен жоғары) катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар;

7) ұшу аппаратары көрініс тапқан,

Көлік кұралдары салығы айлық есептік көрсеткішке заң жүзінде проценттермен белгіленген нақты ставкалар бойынша есептелінеді.

Көлік құралдары салығын есептеуге және төлеуге қатысты салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Көлік кұралдары салығын телеуші занды тұлғалар осы салық жөніндегі декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тиісті салык органдарына табыс етеді.

Көлік құралдары салығын төлеушілер салық сомасын әрбір көлік кұралы бойынша, олардың салык салу объектілері, салық ставкалары және түзету коэффициенттері негізінде өз беттерімен дербес есептеп шығарады.

Салық төлеушiлер (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ  декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.     

2 Мүлік салығы Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салыгы

Қазақстан Республикасындағы мына занды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды (тікелей) баскару күқығындағы салық салу объектілері бар занды түлғалар (олардың ішінде Қазақстан Республикасында тиісті қызметтерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес занды тұлғалар);

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке кәсіпкерлер;

3) занды тұлғаның шешіміне орай оның құрылымдық бөлімшелері;

4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салык салу объектілері бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес занды тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Сонымен қатар, мынадай түлғалар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегіндегі салық салу объектілері бойынша біріңғай жер салығын төлеушілер;

2) салық режимінің екінші үлгісі (моделі) бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар;

3) мемлекеттік мекемелер;

4) қылмыстық жазаларды аткару аясындағы уәкілетті органның түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5) діни бірлестіктер мүлік салығын төлеуден босатылған. Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерден алынатын мүлік салығыньң салық салу объектісіне осы аталған тұлғалардын негізгі құралдары (оның ішінде тұрғын үй қорының қүрамындағы объектілер) мен бухгалтерлік есепте белгіленген материалдық емес активтер жатады.

Занды түлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдык кұнынан 1 проценттік ставка бойынша мүлік салығының сомасын есептеп шығарып, оны тиісті бюджет кірісіне аударады.

Бухгалтерлік есеп деректері негізінде анықталатын салық салу объектілерінін орташа жылдық калдык құны занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлердін салык салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Салық салу объектілерінің орташа жылдық калдық құны ағымдағы салык кезеңінін әр айынын бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айынын бірінші күніндегі салык салу объектілерінін калдык кұнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.

Мүлік салығын төлеуші занды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бюджетке төленетін салық мөлшерін белгілі салык базасына тиісті салық ставкасын колдану жолымен есептеп шығарады.

Салық төлеушілер салық кезені ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті. Төлемдер сомасы салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдык қүнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он күннен кешіктірілмейтін мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

Мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салык кезеңі Салық кодексінің 136-бабына сәйкес белгіленеді.

Салық кодексінің 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармакшаларында аталған заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап нақтылы пайдаланудың аяқталу кезіне дейін белгіленеді.

Салық төлеушілер (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]