- •Тақырып: № 1 Салық құқығы және мемлекеттің салық қызметі. Мемлекеттің өміріндегі салықтардың түсінігі және ролі
- •1 Сұрақ Салықтардың түсінігі және белгілері
- •Салықтардың белгілері:
- •2 Сұрақ Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •Тақырып: № 2 Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •1 Сұрақ Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •2 Сұрақ Салықтардың функциялары
- •Тақырып: № 3 Мемлекеттің салықтық қызметі
- •1 Сұрақ Мемлекеттің салықтық қызметінің түсінігі.
- •2 Сұрақ Салыктык қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды түлға мен уәкілетгі органдар
- •3 Сұрақ Салықтық кызметтің негізгі құқықтык әдістер
- •Тақырып: № 4 Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
- •1 Сұрақ Салықтық құқығының түсінігі және ерікшіліктері
- •2 Сұрақ Салықтық құқығының пәні
- •3 Сұрақ Салықтық құқығының әдістері
- •4 Сұрақ Салықтық құқығының жүйесі
- •Тақырып: № 5 Салықтық міндеттемелер
- •1 Сұрақ Салықтық міндеттемелердің түсінігі және элементтері
- •2 Сұрақ Салықтық міндеттемені орындау
- •3 Сұрақ Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу
- •4 Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
- •5 Сұрақ Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
- •6 Сұрақ Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
- •Тақырып: № 6 Салық салу саласындағы мемлекеттiк басқару
- •2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi
- •Тақырып: № 7 Мемлекеттік салықтық бақылау
- •1 Сұрақ Салықтық бақыдаудың түсінігі
- •2 Сұрақ Салықтық бақыдаудың әдістер
- •3 Сұрақ Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру
- •Салық құқығының ерекше бөлімі Тақырып:№ 8 Корпоративтік табыс салығы.Жеке табыс салығы
- •1 Сұрақ Корпоративтік табыс салығы
- •1 Сұрақ Жеке табыс салығы
- •Тақырып: № 9 Қосымша құн салығы. Акциздер. Әлеуметтік салық.
- •1 Сұрақ Қосылған кұн салығы
- •2 Сұрақ Акциздер
- •3 Сұрақ Әлеуметтік салық
- •Салықты есептеу және төлеу тәртібі
- •Элеуметтiк салықты төлеу
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Жер қойнауын пайдаланушыларғасалық салу
- •2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
- •Тақырып: № 11: Жер салығы
- •1 Сұрақ Жер салығының жалпы сиппатамасы
- •2 Сұрақ Жер салықты есептеу және төлу тртібі
- •Тақырып: № 12 Көлік құралдарына және мүлікке салық
- •1 Сұрақ Көлік қүраддары салығы
- •2 Мүлік салығы Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салыгы
- •Жеке тулғалардың мүлік салығы
2 Сұрақ Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
Алымдар. Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға қатысты нактылы көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқыктар немесе арнайы рұқсатгар үшін сол занды немесе жеке тұлғалардан алынатын максатты — бағдарлы, біршама — эквивалентгі әрі міндетті ақшалай төлемдер.
Алым өзіне тән мынадай:
1) біржолғы төлем;
2) біршама-эквивалентті төлем;
3) міндетті төлем;
4) нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;
5) ақшалай телем;
6) өтемдік сипатта болатын төлем;
7) көрсетілген қызметтің кұны есепке алына отырып жүзеге асырылатын тәлем;
8) кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілерімен ерекшеленеді.
Казақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері:
1) занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;
2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
3) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құкықтарды мемлекеттік тіркегені үшін;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін;
Баждар. Баж — арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші — келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимыддар және берілген ресми құжатгар үшін сол занды немесе жеке түлғалардан алынатын біршама — эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Мемлекеттегі баждар мемлекеттік жөне кедендік болып белінгенімен жалпы сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиетгер ретінде мына:
Баж:
1) міндетті төлем;
2) мәжбүрлі төлем;
3) арнаулы пайданы мақсаттайтын телем;
4) ақшалай төлем;
5) заңи маңызы бар іс-әрекетті жасауға орай жүзеге асырылатын төлем;
6) белгілі бір кұжаттарды беруге байланысты жүзеге асырылатын төлем;
7) мемлекеттік ішкі және сыртқы кедендік шекараны әрі-бері кесіп өтіп тауарлар мен өнімдерді әкетіп, әкелуші түлғалар жүзеге асыратын төлем;
8) мемлекет кірісі болып табылатын төлем;
9) біршама-эквивалентті төлем;
10) көрсетілетін қызмет кұнына қарамастан (есепке алмай) жүзеге асырылатын төлем сияқты ерекшеліктері көрініс табады.
Казақстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер:
1) кедендік баждар;
2) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік баждар мынадай объектілерден:
1) сотка берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан, кассациялық шағымдардан, сондай-ак сотгың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттык іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ак но-тариат куәлавдырған қүжаттар көшірмелерін бергені үшін;
3) түрғылықты жерін тіркегені үшін;
Төлемақы. Төлемақы — уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, сондай-ақ кейде өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құкыктарды бергені үшін сол зағды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Төлемакының өзіне тән белгілері: міндетті төлем; ақшалай төлем; біршама-эквивалентті төлем; Салық кодексімен жөне басқа да дербес КР заң актілерімен негізделетін төлем болып табылады.
Қазақстан Республикасыңцағы мынадай төлемақылар:
1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін.;
2) жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;
Сонымен, салыктар экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде көрініс табады және осындай қасиетінің арқасында ұдайы өндіріс процесін ынталандыру функциясы әрі дербес экономикалық категория болып табылады. Салықтардьщ табиғаты үдайы өндіріс және экономикалық өсу зандарымен айкындалады, сондай-ақ олар ете күрделі қаржылық-экономикалық құрылымымен ерекшеленеді.
Әдебиет
1 Налоговый кодекс РК от 12.06.2001
2 Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005
3 Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002, 344 с. С.
4 Налоги и налогообложение / Под ред. Романовского М.В. – М.: Юристъ, 1997.-672с.
Бақылау сұрақтары:
1 Салықтардың жалпы теориялары
2 Салықтардың жеке теориялары
3 Салық салу қағидаларының жүйесі
4 Салықтардың классификациясы
5 Салықтардың төлемдерден,жиналымдардан,мемлекеттік баждан және басқа да міндетті бюджет төлемдерден айырмашылығы
