Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

Шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін (шығаратын) жеке және занды түлғалар, өнімді бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер койнауын пайдаланушыларды коспағанда, экспортталатын шикі мүнайға және газ конденсатына салынатын рента салығының төлеушілері болып табылады.

Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектісі болып саналады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі оларды тасымалдауға жұмсалған салык төлеушінің шығыстарын шегере отырып, шикі мүнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетілген баға (үстеме баға) ескерілген нарыктық бағасын негізге алып есептелген экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының күны экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы ретінде айкындалады.

Экспортталатын шикі мұнайға, газ коңденсатына салынатын рента салығының ставкалары ҚР Салық кодексінің 278-4-бабына сәйкес:

Нарықтың бағасы

Ставкасы

бір баррель ұшін 19 АҚШ долларынан кем

0 процент

бір баррель үшін 19-дан 20 АҚШ долларына дейін

1 процент

бір баррель үшін 20-дан 21АҚШ долларына дейін

4 процент

бір баррель үшін 21-ден 22 АКДІ долларына дейін

7 процент

бір баррель үшін 22-ден 23 АҚШ долларына дейін

10 процент

бір баррель үшін 23-тен 24 АҚШ долларына дейін

12 процент

бір баррель үшін 24-тен 25 АҚШ долларьша дейін

14 процент

бір баррель үшін 25-тен 26 АҚШ долларына дейін

16 процент

бір баррель үшін 26-дан 27 АҚШ долларына дейін

17 процент

бір баррель үшін 27-ден 28 АҚШ долларына дейін

19 процент

бір баррель үшін 28-ден 29 АҚШ долларына дейін

21 процент

бір баррель үшін 29-дан 30 АҚШ долларына дейін

22 процент

бір баррель үшін 30-дан 31 АҚШ долларына дейін

23 процент

бір баррель үшін 31-ден 32 АҚШ долларына дейін

25 процент

бір баррель үшін 32-ден 34 АҚШ долларына дейін

26 процент

бір баррель үшін 34-тен 36 АҚШ долларына дейін

28 процент

бір баррель үшін 36-дан 37 АҚШ долларына дейін

29 процент

бір баррель үшін 37-ден 38 АҚШ долларына дейін

30 процент

бір баррель үшін 38-ден 40 АКШ долларына дейін

31 процент

бір баррель үшін 40 АҚШ долларынан астам

33 процент

мөлшерінде белгіленеді.

Салық төлеуші экспортқа шығарған шикі мұнай, газ конденсаты сапасының көрсеткіштері магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай, газ конденсаты коспалары көрсеткіштерінен төмен болса, осындай шикі мұнай, газ кон-денсаты бағасы сапасына карай арзандатылады. Сонымен қатар салык төлеушінің шикі мұнайы, газ конденсаты сапасының көрсеткіштері магистральдык қүбыр аркылы тасымалданатын шикі мұнай, газ конденсаты коспалары көрсеткіштерінен жо-ғары болса, шикі мұнай сапасына ұстеме баға қойылады.

Экспортталынатын шикі мұнайдың, газ конденсатының рыноктық бағасын айқындау тәртібін Кдзақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Экспортка шыгарылатын шикі мұнайға және газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады, ал декларация тіркелген орнындағы салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Салық төлеуші аталған рента салығының есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей республикалық бюджетке төлеуге міндетті.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  3. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы

  4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 68 Заңы

  5. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 864 Қаулысы

  6. Деректерi пайдалы қазбалардың алынатын қорларының құнын есептеу үшін қолданылатын ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 762 Қаулысы

  7. Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1312 Қаулысы

  8. Заттай нысанда роялти төлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 25 ақпан N 198

  9. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1705

  10. Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 шілде N 1015

  11. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

  12. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002

Бақылау сұрақтары:

1 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салықтың жалпы сипаттамасы

2 Шығыс шикі мұнайға ренттік салықтың жалпы сипаттамасы,бу конденсаты

3 Салықтардың субъектілері

4 Салықтардың объектілері

5 Салық базасы

6 Салық ставкасы

7 Салықтарды аудару және төлеу тәртібі

8 Жеңілдіктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]