- •Тақырып: № 1 Салық құқығы және мемлекеттің салық қызметі. Мемлекеттің өміріндегі салықтардың түсінігі және ролі
- •1 Сұрақ Салықтардың түсінігі және белгілері
- •Салықтардың белгілері:
- •2 Сұрақ Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •Тақырып: № 2 Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •1 Сұрақ Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •2 Сұрақ Салықтардың функциялары
- •Тақырып: № 3 Мемлекеттің салықтық қызметі
- •1 Сұрақ Мемлекеттің салықтық қызметінің түсінігі.
- •2 Сұрақ Салыктык қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды түлға мен уәкілетгі органдар
- •3 Сұрақ Салықтық кызметтің негізгі құқықтык әдістер
- •Тақырып: № 4 Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
- •1 Сұрақ Салықтық құқығының түсінігі және ерікшіліктері
- •2 Сұрақ Салықтық құқығының пәні
- •3 Сұрақ Салықтық құқығының әдістері
- •4 Сұрақ Салықтық құқығының жүйесі
- •Тақырып: № 5 Салықтық міндеттемелер
- •1 Сұрақ Салықтық міндеттемелердің түсінігі және элементтері
- •2 Сұрақ Салықтық міндеттемені орындау
- •3 Сұрақ Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу
- •4 Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
- •5 Сұрақ Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
- •6 Сұрақ Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
- •Тақырып: № 6 Салық салу саласындағы мемлекеттiк басқару
- •2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi
- •Тақырып: № 7 Мемлекеттік салықтық бақылау
- •1 Сұрақ Салықтық бақыдаудың түсінігі
- •2 Сұрақ Салықтық бақыдаудың әдістер
- •3 Сұрақ Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру
- •Салық құқығының ерекше бөлімі Тақырып:№ 8 Корпоративтік табыс салығы.Жеке табыс салығы
- •1 Сұрақ Корпоративтік табыс салығы
- •1 Сұрақ Жеке табыс салығы
- •Тақырып: № 9 Қосымша құн салығы. Акциздер. Әлеуметтік салық.
- •1 Сұрақ Қосылған кұн салығы
- •2 Сұрақ Акциздер
- •3 Сұрақ Әлеуметтік салық
- •Салықты есептеу және төлеу тәртібі
- •Элеуметтiк салықты төлеу
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Жер қойнауын пайдаланушыларғасалық салу
- •2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
- •Тақырып: № 11: Жер салығы
- •1 Сұрақ Жер салығының жалпы сиппатамасы
- •2 Сұрақ Жер салықты есептеу және төлу тртібі
- •Тақырып: № 12 Көлік құралдарына және мүлікке салық
- •1 Сұрақ Көлік қүраддары салығы
- •2 Мүлік салығы Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салыгы
- •Жеке тулғалардың мүлік салығы
1 Сұрақ Жеке табыс салығы
Жеке түлғалардың табыстарына салынатын салық отандық экономиканың барлық тарихи даму кезендерінде үзілмей алы-нып келе жатқан дәстүрлі, негізгі және тікелей салық болып табылады.
Осы жеке табыс салығын төлеушілерге төлем көзінде салық салынатын және салық салынбайтын табыстары бар жеке тұлғалар жатады.
Сонымен бірге, Қазакстан Республикасы аумағындағы табыс кездерінен пайда, түсім алатын резидент емес жеке тұлғалар да жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп төлеуді жүзеге асырады және салық декларациясын табыс етеді.
Жеке табыс салығын салу объектілері:
1) төлем көзінде салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінде салық салынбайтын табыстар болып табылады.
Осы орайда ескеретін жөйт, Салық кодексінің 144-бабында айтарлықтай көлемде жеке түлғалардың салык салынуға жатпайтын табыстарынында түрлері белгіленген,
Жеке табыс салығын алу салық салудың прогрессивтік типіне негізделеді.
Жеке табыс салығын төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына мынадай:
1) 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін — салык салынатын табыс сомасынан 5 проценттік ставка бойынша;
2) 15 еселенген жылдык есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін — 15 еселенген жылдык есептік керсеткіштен алынатын салык сомасы + одан асатын сомадан 8 проценттік ставка бойынша;
3) 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін — 40 еселенген жылдык есептік көрсеткіштен алынатын салык сомасы + одан асатын сомадан 13 проценттік ставка бойынша;
4) 200 еселенген жылдық есептік керсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік керсеткішке дейін — 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық саласы + одан асатын сомадан 15 проценттік ставка бойынша;
5) 600 еселенген жылдык, есептік көрсеткіш және одан жоғары болса — 600 еселенген жылдық, есептік көрсеткіштен алынатын салықсомасы + одан асатын сомадан 20 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Кызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең, төменгі жалақынын, 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем кездерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлык кірісі ең теменгі жалакы мелшерінен аспайтын жағдайда «оң ставкасы бойынша салық салынуға тиіс.
Жеке түлғалардың дивидендтер, сыйақылар және ұтыстар түріндегі табыстарына 15 проценттік ставка бойынша салық салынады. Ал адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Жеке табыс салығын төлеушінің төлем көзінде салык салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) біржолға төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетакы қорларынан берілетін зейнетакылық төлемдер;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
5)стипендиялар;
6) жинактаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Салық агенттері жеке табыс салығы жөніндегі есеп-қисапты салық төленетін жер бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдын 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
Өз кызметтерін мемлекеттің материалдық мүддесін көздей отырып жүзеге асыратын салык агенттері жеке табыс салығын есептеуді және үстап калуды салық салынатын табысты телем кезінде төлеген күннен кешіктірмей жүргізеді. Осы төлем көзінде үсталынған жеке табыс салығының сомасын салық агентгері есепті айдыңтабысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жүмыс күні ішінде салық төлеушілер түратын жер бойынша бюджетке енгізуді жүзеге асырады.
Жеке табыс салығын төлеушінің төлем көзінен салық ұсталынбайтын табыстарына:
1) мүліктік табыс;
2) жеке кәсіпкердін салық салынатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4) Казақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерденалынған табыстар жатады.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген нысан бойынша жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны мынадай салық төлеушілер-резиденттер:
1) төлем көзінде салық салынбайтын табыстары бар;
2) тұрғын үй салуды жөне осы кұрылысқа қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен артық сомаға біржолғы сатып алуды жүзеге асырғандар;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарда ақшалары бар жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру женінде міндеттеме жүктелген адамдар;
7) Салық кодексінін 144-бабы 1-тармағының 12)тармақшасында көрсетілген, табыстары олар үшін белгіленген шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді,
Сонымен, жеке табыс салығы бойынша декларация салық төлеушінің есепке тіркелген жеріндегі салық органына салык, жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Резидент еместің қызмет кезеңі тұрақты мекеме кұру үшін белгіленген мерзімнен асып кеткен, жағдайда ол Қазакстан Республикасындағы қызметін жүзеге асырған кезден бастап салық агенті болып танылады.
Төлем көзінде алынатын салықты, табыс төлемін жүзеге асырудың нысаны мен орнына карамастан, салык агенті ұстайды.
Әдебиет
ҚР Конституциясі 30.08.1995
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 кодексі
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 447
Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003
Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002
Бақылау сұрақтары:
1 Корпоративтік табыс салығының жалпы сипаттамасы
2 Жеке табыс салығының жалпы сипаттамасы
3 Салықтардың субъектілері
4 Салықтардың объектілері
5 Салық базасы
6 Салық ставкасы
7 Салықтарды аудару және төлеу тәртібі
8 Жеңілдіктер
