- •Тақырып: № 1 Салық құқығы және мемлекеттің салық қызметі. Мемлекеттің өміріндегі салықтардың түсінігі және ролі
- •1 Сұрақ Салықтардың түсінігі және белгілері
- •Салықтардың белгілері:
- •2 Сұрақ Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •Тақырып: № 2 Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •1 Сұрақ Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •2 Сұрақ Салықтардың функциялары
- •Тақырып: № 3 Мемлекеттің салықтық қызметі
- •1 Сұрақ Мемлекеттің салықтық қызметінің түсінігі.
- •2 Сұрақ Салыктык қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды түлға мен уәкілетгі органдар
- •3 Сұрақ Салықтық кызметтің негізгі құқықтык әдістер
- •Тақырып: № 4 Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
- •1 Сұрақ Салықтық құқығының түсінігі және ерікшіліктері
- •2 Сұрақ Салықтық құқығының пәні
- •3 Сұрақ Салықтық құқығының әдістері
- •4 Сұрақ Салықтық құқығының жүйесі
- •Тақырып: № 5 Салықтық міндеттемелер
- •1 Сұрақ Салықтық міндеттемелердің түсінігі және элементтері
- •2 Сұрақ Салықтық міндеттемені орындау
- •3 Сұрақ Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу
- •4 Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
- •5 Сұрақ Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
- •6 Сұрақ Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
- •Тақырып: № 6 Салық салу саласындағы мемлекеттiк басқару
- •2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi
- •Тақырып: № 7 Мемлекеттік салықтық бақылау
- •1 Сұрақ Салықтық бақыдаудың түсінігі
- •2 Сұрақ Салықтық бақыдаудың әдістер
- •3 Сұрақ Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру
- •Салық құқығының ерекше бөлімі Тақырып:№ 8 Корпоративтік табыс салығы.Жеке табыс салығы
- •1 Сұрақ Корпоративтік табыс салығы
- •1 Сұрақ Жеке табыс салығы
- •Тақырып: № 9 Қосымша құн салығы. Акциздер. Әлеуметтік салық.
- •1 Сұрақ Қосылған кұн салығы
- •2 Сұрақ Акциздер
- •3 Сұрақ Әлеуметтік салық
- •Салықты есептеу және төлеу тәртібі
- •Элеуметтiк салықты төлеу
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Жер қойнауын пайдаланушыларғасалық салу
- •2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
- •Тақырып: № 11: Жер салығы
- •1 Сұрақ Жер салығының жалпы сиппатамасы
- •2 Сұрақ Жер салықты есептеу және төлу тртібі
- •Тақырып: № 12 Көлік құралдарына және мүлікке салық
- •1 Сұрақ Көлік қүраддары салығы
- •2 Мүлік салығы Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салыгы
- •Жеке тулғалардың мүлік салығы
Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
Мақсат – пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін салықтың,шығарылатын шикі мұнайға ренттік салықтың жалпы сипаттамасын беру. Көрсетілген салық түрлерінің негізгі элементтерін қарастыру.
Жоспар:
1 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
1 Сұрақ Жер қойнауын пайдаланушыларғасалық салу
Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салудың ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
үстеме пайда салығын;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн септеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi. Салық Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша перациялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөнiндегi қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды. Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
Мiндетті салық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.
Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады. өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық салу шарттары келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте: 1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:
бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға: экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы; газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциз; үстеме пайда салығы; жер салығы; мүлiк салығы қосылмайды.
